5
|
VI ғасырда құрылған Түрік қағанаты Еуразия құрлығында ұлан-ғайыр жер көлемін алып жатты. Көрші мемлекеттердің бірімен тату-тәтті өмір сүрсе, енді бірімен соғыс жүргізіп, үнемі өз жер аумағын үлкейтуге назар аударды.
Батыс пен шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігіне иелік еткендіктен экономикалық мүмкіндіктері де зор болды.
Үлкен аумақты иелігінде ұстап, сырттан төнген қауіптің бетін қайтаруға күші де, қайраты да жетті. Тіпті әлемді өзіне қаратпақ болған Шыңғыс ханның ықпалымен көшіп келген моңғол тайпалары жергілікті халықпен сіңісіп түркіленген болатын.
Жүздеген жылдар бойы сыртқы және ішкі күштерге төтеп беріп, кең қанат жайған түрік тайпалары құрлықтың көп бөлігінде орналасты. Салты мен мәдениеті, діні мен тілі ұқсас келетін Түркіменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттер осы түрік тайпалары құрған мемлекеттер болып табылады.
Бүгінгі күнде түркі мемлекеттер өзара достық қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта өмір сүруде.
|
5
|
Білім алушылардың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады
|