«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып


ІІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет14/17
Дата29.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#106148
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖМБ 10 СЫНЫП ТБЖБ VK-10SYNYPBJB

ІІІ тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін оқу мақсаты

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма №*

Тапсырма түрі *

Орындауға берілетін уақыт *

Балл*

Бөлім бойынша жалпы балл

Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан

10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру

Қолдану

2

1-2

ҚЖ

14

11

30

10.3.3.2 Қазақ хандығының құрылуын Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі ретінде тұжырымдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

8

6

10.3.4.5 Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

10

8

10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау

Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

8

5

Барлығы







5

-




40

30

30

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері

Қазақстан тарихы бойынша ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары


  1. Ортағасырлық мемлекеттер бойынша берілген кестені толтырыңыз.

Ерте ортағасырлық мемлекеттер

Хронологиясы

Өзара байланыстары

Түрік қағанаты







Батыс түрік қағанаты




Түргештер




Қыпшақ хандығы




[5]


  1. Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер мен қазіргі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзара сабақтастықты анықтаңыз.

[6]
3. Деректі және өз біліміңізді қолдана отырып, Қазақ хандығының құрылуы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.


Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбек-қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады...»

https://e-history.kz/kz/contents/view/507


Қазақ хандығының құрылуының екі алғышартын атап көрсетіңіз.

1.______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен екі маңызды оқиғаны жазыңыз.

1.______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________



Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі олардың алға қойған тарихи міндеттерін көрсетіңіз.

1.______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

[6]
4. Кеңестік биліктің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсерін SWOT негізінде талдаңыз.



Кеңестік биліктің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсерінің күшті жақтары

Кеңестік биліктің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне әсерінің әлсіз жақтары





1.

2.

Кеңестік биліктің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне берген мүмкіндіктері

Кеңестік биліктің Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі үшін қауіп-қатерлері





1.

2.

[8]
5. «Түрік қағанаты – бүгінгі түркі әлемінің бастауы» тақырыбында эссе жазыңыз, бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.

Критерийлер:



  • Эссе тақырыбының толық ашылуы

  • 2 нақты дәлел келтіруі

  • Бүгінгі күнмен байланыстыру

  • Қорытынды ой түйін жасауы

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________



[5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет