«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау



бет6/10
Дата21.12.2022
өлшемі196,5 Kb.
#163589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
«?àçà?ñòàí òàðèõû» ï?í³íåí òî?ñàíäû? æèûíòû? áà?àëàó

Тапсы рма түрі

Орындауға берілетін уақыт



Балл

Бөлім бойынш а жалпы балл

Өркениет: даму ерекшеліктері

10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу

Жоғары деңгей дағдылары

1


1


ТЖ


10


7


30


10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау

Білу және түсіну

1


2


КТБ


7


7


10.1.2.7 Әртүрлі көзқарастарды талдау арқылы ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсерін бағалау

Жоғары деңгей дағдылары



1


3


ТЖ


10


6


10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау

Жоғары деңгей дағдылары



2

4-5

ТЖ

13

10

БАРЛЫҒЫ






5



-



-



40



30



30

Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

7

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

  1. Көшпелілер өркениеті бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.




Көшпелілер өркениетінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар.

1.

2.

Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау

жағымды

жағымсыз

1.


2.

1.


2

Қалай аталған дұрыс: «Көшпелілер өркениеті» немесе «Дала өркениеті». Сіздің пікіріңіз.

[7]



  1. Берілген тарихи тұжырымдардың «жалған» немесе «ақиқат» екенін анықтаңыз.






Тарихи фактілер

Ақиқат

Жалған

1

Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары Жамбыл облысы өңірінен табылды







2

Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана Есіл өзені аңғарынан табылды







3

Усть-Нарым - Солтүстік Қазақстан жеріндегі Неолит дәуірінің тұрағы болып табылады







4

Қ.И.Сәтбаев қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан







5

Солтүстік және Батыс Қазақстанда Андрон мәдениетінің зерттелген 50-ге жуық қонысы кездеседі







6

Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б XIV-XII ғасырларға жатады







7

Қазақ жерінде қола дәуірін түбегейлі зерттеу Ә.Марғұланның есімімен байланысты







[7]



  1. Берілген дереккөздері қолдана отырып, көшпелілердің әсерінен болған өзгерістерге көзқарасыңызды білдіріңіз.

А) Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының қойнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлдебір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды».
Л. Гумилев: «Көшпенді қоғамда техникалық үдеріс болмаған деп ойлау ақылға сыймайды. Көшпенділер, оның ішінде ғұндар мен түріктер де бар, өз кезінде аса маңызы бар заттарды ойлап тапты. Ең алғашқы шалбарлар өте ерте заманда көшпенділер қолымен тігілді. Үзеңгі де Орта Азия даласында 200-400 жылдар аралығында пайда болды. Ең алғаш көшпенділер
қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты.
http://e-history.kz/kz/publications/view/1807

В) Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді»


http://bilim-all.kz/article/2326-Koshpeliler-Koshpeli-qogam



Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері

1.
2.
3

Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері

1.
2.
3.

[6]



  1. Орталық Азия халықтарының мәдени жетістіктерін көрсетіп, кестені толтырыңыз.




[5]



  1. «Көшпенділер өркениетінің адамзат тарихындағы маңызы» тақырыбына 4 дәлел келтіріп, қорытынды ой түйін жасаңыз.

[5]

Балл қою кестесі





Тапсы рма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


Көшпелілер өркениетінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар Ауа райындағы өзгерістер. Себебі қуаңшылықтың әсерінен егін шаруашылығымен айналысу тиімсіз болды.

1


Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды

Көшпелілер өркениетінің қалыптасуына әсер еткен жағдайлар - Мал санының көбеюіне байланысты адамдар бірте-бірте көшпелі мал шаруашылығына көшті.

1


Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымды) - Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін Геродот және кейбір антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары былай сипаттайды: «Көшпелілер табиғаттың төл баласы сияқты өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді».

1


Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымды) - Л.Н.Гумилев:
«Көшпелілер түріктер мен моңғолдар өздерінің еліне және елі арқылы өтетін Еуропа елшілерінің қауіпсіздігін сақтап, дипломатиялық қолсұқпаушылықты енгізген нақ осы монғолдардың жорығы болды».

1

Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымсыз) - Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби сынды ғалымдар:
«Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген тұжырымдар айтты. Бұл арқылы көшпелілерді соғысқұмар ретінде бейнелейді.

1


Ғалымдардың пікірі бойынша көшпелілер өркениетіне қатысты көзқарастарын талдау (жағымсыз) – қазіргі көптеген зерттеушілер көшпелілер қоғамы бір орында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын, болашағы жоқ қоғам деп баға береді.

1

Көшпенділер мәдениетінің қаншама заман өтсе де сол баяғы бәз қалпында біздің уақытымызға дейін жетіп қана қоймай, дәстүрдің, тәрбиенің, көшпелілікке қатысты салт-сананың сақталуы әркімді де таң қалдырмай қоймайды. Жылдың төрт мезгілінде көшіп-қонып жер танып, әлем танып, өзіндік ғылыми көзқарастарын негіздегендіктен «көшпелілер өркениеті» деп аталған дұрыс деп ойлаймын/ Атқа отырған көшпенді өз жерінде емін-еркін қалаған жағына қарай қозғалған. Қазақ көшпенділері жолында ұнаған жерлерге белгі қойып, бәйтерек отырғызып, дың тұрғызып (моңғолдар оба тұрғызған), қала салған. Сөйтіп, көшпенділер өркениетін қалалық мәдениетпен біріктірген. Осы орайда көшпелілер тарихына үңілсек, тек қана мал шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар егіншілікпен, қолөнермен және сауда- саттықпен айналысқан сан бағытты өркениет болып табылады. Сондықтан «дала өркениеті» деп атаған дұрыс.

1


Кез-келген таңдау бойынша жазылған дұрыс жауап қабылдана ды




2


1-ақиқат

1




2-ақиқат

1

3-жалған

1

4-ақиқат

1

5-жалған

1

6-жалған

1

7-ақиқат

1

3


Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері:
1. Көшпелілер өркениеті ең алғаш малды қолға үйретті. Мал шаруашылығының қыр-сырын жетік меңгерді.

1


Білім алушының мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылдана ды

Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері:
2. Көшпелілер өркениетінің материалдық мәдениет саласындағы жетістіктері әлем тарихына өлшеусіз үлес қосты. Мысалы: садақ пен жебе, киіз үй, ат әбзелдері.

1


Көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа әсері:
3. Көшпелілер өркениеті Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, батыстың және шығыстың саудагерлері
«дала заңына» бағынуларына тура келді.

1


Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері:
1. Ұлы Жібек жолы қазақ жеріндегі рухани және материалдық өміріне үлкен өзгерістер әкелді. Соның ішінде шаруашылық саласындағы үлкен өзгеріс отырықшы шаруашылықтың дамуы болып табылды.

1

Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері:
2. Қазақ жеріне әртүрлі діни наным-сенімдер ене бастады. Мысалы: буддизм, индуизм діндері.

1


Әлемдік үдерістердің көшпелілер өркениетіне әсері:
3. Теңіз жолының ашылып, Ұлы Жібек жолының маңызы төмендеуі, көшпелілердің экономикалық жағдайына кері әсер етті.

1


4

Таң қалдырғаны: Көшпелілер табиғатпен тығыз байланыста болды. Мысалы, ай мен күнге қарап уақытты білсе, жан- жануардың іс-әрекетінен келер күннің ауа райын болжай алған.

1


мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауаптар қабылдана ды

Есте қалатыны: Көшпелілер өркениеті ұзақ уақытқа созылған. Жүздеген ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар бүгінгі күнге жетіп, оның маңызы артуда.

1


Резонансты Қазақ ұнаған жерлерге белгі қойып, бәйтерек отырғызып, дың тұрғызып қала салған. Осы кезде салынған мазарлар бүгінгі күнде ұлтымыздың рухани орталықтары болуда. Мысалы: Алаша хан, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері.

1


Айқындайтын: Орталық Азия аймағында сан ғасырлар бойы көршілес өмір сүріп, ортақ мәдени дәстүрлері қалыптасқан туысқан халықтардың шаруашылық түрлері, мәдениеті негізінен ұқсас, ортақ.

1


Мәнділігі: Археологиялық ескерткіштерді зерттей келе, әртүрлі мәдениет дәстүрлерінің қарым-қатынас үдерістерін көруге болады.

1


5


Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды. Көшпeлi қоғaмның нeгiзгi өмiр сүру сaлты

5


мазмұнға сәйкес келетін
кез-келген







динaмикaдa болғaндықтaн, олaрдың бaсқa мәдeниeттeрдeн оқшaулaнып қaлмaуынa, үнeмi жeтiлуiнe дe әсeрi тиiп отырды. Олaрдың тiршiлiгiнiң мәнi – уaқыт пeн кeңiстiктiң тылсым сырын қaпысыз игeру, төрт түлiктiң бaбын экожүйемeн мiнсiз үйлeстiрe бiлу, көшпeлiлeрдiң өз тiршiлiгiнe сaй кeлeтiн мaтeриaлдық жәнe рухaни игiлiктeр қaлыптaстыруы, түптeп кeлгeндe, олaрдың төлтумa мәдeниeтiн орнығуынa ықпaл
жaсaды.
Көшпелілердің әлeмдiк өркeниeткe қосқaн үлесін келесідей топтастыруға болады: көшпeлiлeр кeңiстiктi еркін бағдарлады; көшіп-қону арқылы әртүрлі табиғат зоналарына бейімделіп, шаруашылықты дамытты; Ұлы Жiбeк жолы арқылы бір жағынан Батыс пен Шығыстың экономикасын дамытуға үлес қосса, екінші жағынан саяси байланыстарды дәнекерлеуші болды; қaзaқтардың aрғы тeктeрi әлeмдiк өркeниeттiлiктiң шaлбaр, aлдaспaн, киiз үй, күймe, мeтaлл өңдeу, зeргeрлiк, ұстaлық сияқты кәсіптерді алғашқы болып eнгiзді.
Қорытынды ой
Осы ақпараттардың негізінде көшпелілер әлемдік өркениеттер арасында өзара сұхбатты дамытып, біртұтас бүгінгі қоғамды құруда маңызды орын алғандығын көреміз.




жауаптар қабылдана ды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет