|
«Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып Білу
|
бет | 2/10 | Дата | 24.10.2023 | өлшемі | 158,71 Kb. | | #188211 |
| Байланысты: 8 класс ТЖБ Қ. тарихы «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып Білу:
отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну:
тарихтың кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.
Қолдану:
тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде.
Талдау:
себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
-түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|