«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Қазақстан қазіргі кезеңде



бет8/10
Дата25.08.2017
өлшемі1,32 Mb.
#26007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан қазіргі кезеңде

Дәрістің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуын, республика экономикасындағы түбегейлі өзгерістерді көрсету. Қазақстан Республикасы тарихи дамуының қорытындыларын жасау.

Дәріс сұрақтары:
  1. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы, республиканың саяси дамуы.

  2. Нарықтық экономика: қиыншылықтар мен табыстар.

  3. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы.

Қазақстан тәуелсіздік жолында. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің дағдарысы. Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары. Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет. Кеңестер одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының құрылуы және оған енбеген мемлекеттер. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін және вице-президентті сайлау. Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі. 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде (РКФСР, Беларуссия, Украина) КСРО-ның өмір сүруі туралы ресми құжаттың тұжырымдалуы. Орта Азия мен Қазақстан республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД-ны құру туралы» хаттамаға қол қоюы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей полигонын жабу жөніндегі» Жарлыққа қол қоюы. Қазақстан Республикасы Президентінің «1986 ж. 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің құрылуы және алғашқы министрі. 1992 жылы шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Жарлығы.

Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-мәдени дамуы. 1991 жылы 10 желтоқсан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы. 1992 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары.

Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері. Қазақстан Республикасының Ұлттық рәміздері – ту, елтаңба, әнұран туралы Заң қабылданды. Бірінші дүниежүзі қазақтары құрылтайының шақырылуы (1992 ж. Түркістан қ.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993 ж.). Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы (1995 ж.). Бүкілхалықтық референдум, ҚР Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдерінің статусы. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы» Жарлығы (1995 ж. 12 желтоқсан). Президенттің Қазақстан халқына тұңғыш жолдауы. 1989-1991 жж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы үшін айыпталғандардың «Желтоқсан» партиясын құрылды. «Отан», «Асар» «Қазақстан социалистік партиясы», «Қазақстан патриоттары партияларының» қызметі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі әкелінді.

«Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының жақсаруы» ұзақ мерзімге арналған маңызды мақсатты бағыттары (1997 ж.). ҚР-ның "Қазақстан-2030" стратегиясы бойынша ұзақ мерзімді даму басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына байланысты, Қазақстан Еуразия кіндігі бола отырып, үш аймақты байланыстыруы. ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауына байланысты елімізде дамыған қоғамды құру бағытында Қазақстан ұстанатын модель. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстанда «Әлемдік және дәстүрлі-ұлтық діндер басшыларының съезін» өткізу бастамасы (2003 ж.). ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1997 ж.). Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру (1997 ж. 10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу). Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының Астана деп аталуы. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы Астана қаласының салтанатты түрде рәсімделуі (презентация). Екінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. 1999 жылдың ҚР Президентінің жарлығымен аталуы.

Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу. ҚР Негізгі Заңға сәйкес жергілікті өкілетті орган. Қазақстан Республикасында атқарушы билікті атқарушы орган. Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу органы ретінді Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы» қашан қабылданды?

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

  3. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары қабылданған уақыт.

  4. Нарықтық экономикаға өтудің құқықтық негізін қалау үшін Парламент қандай өте маңызды заңдар қабылдады?

  5. Ұлттық валюта енгізілген уақыт.

  6. 1992 жылға қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қанша мемлекет таныды?

  7. Қазақстанның екі палаталы Парламентіне сайлау қай жылы өтті?

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

2. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. А., 2003.

3.Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. 18 ақпан 2005 жыл. Астана, 2005.

4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.
15 тақырып.

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы




Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларының негізгі мақсатын ашып көрсету, түсіндіру. Республика экономикасындағы түбегейлі өзгерістерді көрсету.

Дәріс сұрақтары:
  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларының негізгі мақсаты.

  2. Қазақстан нарықтық экономикаға барар жолда.

  3. Қазақстан халықаралық аренада.

ҚР Президентінің "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес "30 корпоративтік басшы" бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін бағыт. ҚР Президенті Қазақстанның бәсекеге төтеп бере алатын мемлекеттер қатарына қосылудағы басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты халыққа Жолдауындағы қойылған он міндеттің бірі.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы. ҚР Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы. 2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Президенттік сайлау. Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтінінің қабылдануы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың (1992 ж. 5 қазанда) «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру туралы» бастама көтеруі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (2006 ж.) атты Жолдауы.

1994-1995 жж. шетел инвестициялары республика экономикасының тартылған салалары. 1996 жылы жекешелендірілген нысандар. 1992 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың «Шеврон» корпорациясы арасындағы келісім бойынша құрылған бірлескен кәсіпорын қызметі. 2000 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастығының қызметі. 2000 жылы Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныған халықаралық ұйымдар. 1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың баяндамасы.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес меншіктің түрлері. Жекешелендіру үдерісінің және экономикадағы мемлекеттік секторға монополияны жоюдың басталуы. Ауыл шаруашылығын реформалауды одан әрі жетілдіре түсуді көздеген шаралар. Жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен қайшылықтар.

Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Қазақстан жаңа тарихи жағдайда біртұтас ортақ экономикалық кеңістікті сақтауды жақтаушы. Орталық Азия елдерімен өзара пайдалы жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған құжаттарға қол қойылуы. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының елшілігі ашылған шет мемлекеттер. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы.

Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Ресейден және Қытайдан қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу.
Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы (1992 ж.). Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы. 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық кеңесінде Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылуы. Қазақстан Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының және Ислам конференциясы ұымының төрағасы. Қазақстанның Еуропалық Одақпен байланысы. Қазақстан, Ресей, Белорусия арасындағы Кедендік Одақтың құрылуы және қызметі.

Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары туралы не білесіңдер?

  2. Нарықтық қатынастарға көшу. Елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын сипатта.

  3. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жүргізген сыртқы саясат және елдегі демографиялық өзгерістер.

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

2. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. А., 2003.

3.Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. 18 ақпан 2005 жыл. Астана, 2005.

4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.

4-ТАРАУ

Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау
1 тақырып. Өркениет көздері

Сабақтың мақсаты: Алғашқы адамдардың Қазақстан территориясында пайда болғаны және пайда болған уақыты туралы мәлімет қалыптастыру. Қазақстан территориясында тас және қола дәуірлеріне жататын ескерткіштерді танып білу.
Семинар сұрақтары:

  1. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Антропогенез. Техногенез. Социогенез.

  2. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов мәдениеті. Андронов тайпаларының шаруашылығы, қоғамдық қатынастары.



Әдістемелік нұсқау
Қазақстан территориясындағы ерте палеолит заманына жататын адамдар қолданған еңбек құралдарынының сипаттамасын беру қажет. Тас дәуірі кезеңінде тек еңбек құралдары ғана емес, адамның өзі және қоғамның өзгерістерден өтетіні туралы айту абзал. «Неолиттік төнкеріс» терминінің мағынасын түсіндіру.

Қола дәуірінде қоғамда және өндірістік қатынастарда болған өзгерістерді: адамдардың палеометалдарды пайдалануы, көшпелі мал шаруашылығының дамуы, рулық қатынастардың ыдырап, оның орнына тайпалық бірлестіктердің құрылуын көрсету қерек.


Әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 1 том. А., 1996.

  2. Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

  3. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. А., 1992.

  4. Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. А., 1982.

  5. Байпаков К., Таймаганбетов Ж. Археология Казахстана. А.,1993.

  6. Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбайская культура Центрального Казахстана. А., 1979.

  7. По следам древних культур Казахстана. А., 1979.


2 тақырып. Сақ және ежелгі мемлекеттер кезеңі
Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясыдағы алғашқы мемлекеттерін пайда болуын көрсету. Қоғамда болған өзгерістерді танып білу.
Семинар сұрақтары:

1.Сақтар. Саяси тарихы, қоғамдық құрылымы. Шаруашылық өмірі және мәдениеті.

2. Үйсіндер мен қаңлылардың саяси тарихы.

3. Ғұн қоғамындағы мемлекеттік құрылымның дамуы. Ғұндардың шаруашылығы.
Әдістемелік нұсқау
Сақтар туралы жазба деректерінің негізгі түрлерін атап кету дұрыс болады. Сақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың сипаттамасын беру керек. Сақтардың қоғамдық өмірі, шаруашылығы және мәдениеті туралы айқын мәліметтерді сақтардың обаларында табылған бұйымдар арқылы алатынымызды көрсету дұрыс болады. Үйсіндер, қаңлылар мен ғұндар тарихын материалдық және жазба деректері арқылы танып білуге мүмкін екенін атаймыз. Аталған тайпалардың орналасқан жерін көрсету, қоғамында қалыптасқан жағдайын анықтау керек.
Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 1 том. А., 1996.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. А., 1992.

4. Акишев К. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963.

5. Акишев К. Искусство и мифология саков. А., 1984.

6. Гумилев Л. Хунну. М., 1960.
3 тақырып. Ежелгі түрік кезеңі

Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясында түрік дәуіріне жататын мемлекеттерді танып білу
Семинар сұрақтары:

1.Батыс Түрік қағандығы.

2. Түркеш және Қарлық мемлекеттері.

3. Оғыз, қимақ және қыпшақ мемлекеттері.

4. Қарахандар мемлекеті.

5. Қарақытайлар, наймандар мен керейіттер.

Әдістемелік нұсқау

Орта ғасырларда Қазақстан территориясын алып жатқан мемлекеттік құрылымдарды көрсету қажет. Бұл мемлекеттердің орналасқан территориясын, астанасын, халқының негізгі этникалық құрамын, шаруашылығын анықтау керек. Аталған мемлекеттердің басқа елдермен қарым-қатынастары туралы айтып кету дұрыс болады.


Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 1 том. А., 1996.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. А., 1992.

4.Гумилев Л. Көне түріктер. А., 1994.

5. Байпаков К. Древние города Казахстана. А., 1990.

6. Ахинжанов С. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989. 7.Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991. 8.Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.

9.Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М., 1964.


4 тақырып. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулауы. ХІҮ-ХҮ ғғ. 1-ші жарт. Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Моңғол шапқыншылығының Қазақстан жеріне тигізген әсерін көрсету. Моңғол ұлыстары құрамынағы Қазақстан территориясын анықтау. 14 – 15 ғасырларда Қазақстан жерінде қалыптасқан Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерді білу.
Семинар сұрақтары:

  1. Монғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Монғол ұлыстарының құрылуы. Алтын Орда.

  2. Ақ Орда. Саяси тарихы.

  3. Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті).

  4. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамында. Ноғай Ордасы.


Әдістемелік нұсқау

1206 жылы Моңғол мемлекетінің құрылғанын атап, осы мемлекеттің билеушісі Шыңғыс ханның әлемдік билікке деген құштарлығын көрсету керек. Моңғолдар 1219-1224 жылдар аралығында Қазақстан мен Орта Азия территориясын жаулап алуын көрсету. Моңғол империясының жерлерін ұлыстарға бөлу және осы ұлыстардың құрамында болған Қазақстан территориясын білу қажет. Моңғол империясының ыдырауының нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттердің дамуын көрсету және олардың болашақ қазақ мемлекеттілігіне тигізген әсерін анықтау керек.



Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 1 том. А., 1996. 2 том. А.,1997.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. А., 1992.

4.Пищулина К. Юго-Восточный Казахстан в середине 14 – начале 16 веков. А., 1977.

5. Казахстан, Средняя и Центральная Азия в 16 – 18 веках. А., 1983.

6. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Т. 1. М., 1963.
5 тақырып. Қазақ хандығының қурылуы мен қазақ халқының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының этногенезін көрсету, «қазақ» этнонимінің шығу тегін анықтау, қазақ мемлекеттігінің пайда болуын білу.
Семинар сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясындағы этникалық процестер. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

  2. Қазақ хандығының қалыптасуының алғышарттары. Алғашқы қазақ хандары.

  3. 15 ғ. соңғы ширегінде Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ хандарының саясаты.

Әдістемелік нұсқау

Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдерін және сол уақытта болған жағдайларды білу қажет. «Қазақ» сөзі туралы түрлі пікірлерді келтіру керек. Қазақ халқының құрамындағы үш жүздің пайда болуы туралы мәліметтерді келтіруге болады. Жүздердің құрамындағы руларды атап көрсету қажет.

Қазақ хандығының құрылуының саяси, экономикалық және этникалық себептерін айқындап көрсету керек. Қазақ хандығы туралы Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбегіндегі мәліметтерді білу қажет. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің саясаты жөнінде қалған деректерге назар аудару абзал.
Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 2 том. А., 1997.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3. Материалы по истории казахских ханств 15-18 веков. А., 1970.

4. Эволюция государственности Казахстана. Материалы международной конференции. А., 1996.

5. Казахстан в эпоху феодализма (проблемы этнополитической истории) А., 1981.

6. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов.А., 1995.

7. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1990.

8.Толыбеков С. Қазақ шежіресі. А.,1992.
6 тақырып. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының жағдайын анықтау. Осы уақыттағы Қазақ хандығының дамуына Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Жәнгір хандардың қосқан үлесін көрсету.
Семинар сұрақтары:

  1. Қазақ хандығының гүлденуі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты..

  2. 16 ғасырдың 30-80 жылдарындағы Қазақ хандығы.

  3. 17 ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

  4. 16-17 ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы.

Әдістемелік нұсқау

ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі Қасым ханның билігімен белгілі екенін көрсету және осы заман Қазақ хандығының гүлденген уақыты деп анықталатынын білу қажет. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының территориясының ұлғайуын картадан көрсету керек. Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынасын анықтау қажет. Қасым ханнан кейінгі кезең Қазақ хандығының тарихында саяси тұрақсыздық уақыты болғанын атап кету жөн. Әкесі Қасым ханның саясатын жалғастыруға ден қойған Хақназар хан тұсындағы хандықтың жағдайын көрсету керек. ХҮІІ ғасыр Қазақ хандығы үшін күрделі уақыт екені туралы мәлімет қалыптастыру керек. ХҮІІ ғасырда Есім, Жәнгір хандардың саясатын көрсету дұрыс болады.

Қазақ қоғамы «ақ сүйек» және «қара сүйек» деген екі әлеуметтік топқа бөлінетінін атап, олардың құрамына кіретін әлеуметтік жіктерді анықтау керек.

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 2 том. А., 1997.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3. Материалы по истории казахских ханств 15-18 веков. А., 1970.

4. Эволюция государственности Казахстана. Материалы международной конференции. А., 1996.

5. Казахстан в эпоху феодализма (проблемы этнополитической истории) А., 1981.

6. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов.А., 1995.

7.Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 в. А., 1985.

8. Басин В.А. Россия и Казахские ханства в 16-18 вв. А., 1971.

9. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в 16-18 вв. А., 1991.

10. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в 17-19 вв. А., 1971.

11. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в 17-19 вв. А., 1959.

12. Исин А.И. Казахское ханство и Ногайская Орда во второй половине 15-16 веков. Семипалатинск, 2002.

13.Казахско-русские отношения в 16-18 вв. Сборник документов.А., 1961.



7 тақырып. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты: : Қазақ хандығының саяси жағынан бытыраңқы елге айналуын көрсету. Қазақ халқының тарихындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарының қасіретін көрсету.
Семинар сұрақтары:

  1. 17- 18 ғ. басындағы қазақ – жонғар соғыстары.

  2. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Қазақтардың азаттық күресі. Қазақ батырлары.


Әдістемелік нұсқау

1635 жылы құрылған Жоңғар хандығының Қазақ хандығына деген көзқарасын атап көрсету қажет. Жоңғарлардың қазақтар арасындағы бытыранқылықты пайдаланғанын білу керек. 1723 жылынан басталған қазақ халқының басына күн туған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына сипаттама беру қажет. Қазақтардың бірлігіне шақырған құрылтайдың маңызын көрсете білу, қазақ халқының азаттық үшін күресі, «Қалмаққырылған», Аңырақай шайқастарының қазақтардың рухына тигізген әсері туралы баяндау қажет. Қазақ батырларының азаттық күрестегі ролі туралы атап кету керек.

Әдебиеттер
1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 3 том. А., 2000.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3. Материалы по истории казахских ханств 15-18 веков. А., 1970.

4. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в 16-18 вв. А., 1991.

5. Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств 18 в. А., 2000.

6. Султанбеков М. Аблай и его батыры. Семипалатинск, 1992.



8 тақырып. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының себептерін көрсету. Тәуелсіздігінен айырылған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтау. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің мазмұнын ашу.
Семинар сұрақтары:

  1. Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіруі. Ресей отарлау саясатының негізгі бағыттары.

  2. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.


Әдістемелік нұсқау

1731 жылдан басталған жағдай – қазақтардың Ресей империясының құрамына енуі.Ресей империясының Қазақстанда жүргізген саясаты үш бағытта: әскери тұрғыдан, саяси жағынан және экономикалық жағынан бекіну екені туралы ойдан шығармау керек. Осы бағыттар негізінде жүргізілген іс-шараларын білу қажет. Қазақтардың отарлық езгіге қарсы бағытталған көтерілістерінің уақытын, кезеңдерін, болған жерін, көтерілісшілер құрамын көрсету керек. Аталатын көтерілістер: 1783-1797 жж. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс, 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс, Сыр бойындағы қазақтардың Жанқожа батырдың басшылығымен бас көтеруі.


Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 3 том. А., 2000.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Казахско-русские отношения в 18-19 веках. Сборник документов.А., 1964.

4. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

5. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1994.

6.Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в 18- начале 19 веков.А., 1981.
9 тақырып. ХІХ ғ. Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның саяси-құқықтық жағдайының өзгеруін көрсету.Қазақстанды басқаруда қабылданған құжаттардың мазмұнын білу.
Семинар сұрақтары:

  1. 19 ғасырдың екінші ширегінде Қазақстанда ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі.

  2. Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуының аяқталуы.

  3. 19 ғ. 60-90 жж. әкімшілік реформалар. Қазақстанның саяси-құқықтық статусының өзгеруі.


Әдістемелік нұсқау

1822жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы» жарғының негізінде Орта жүз территориясын округ – болыс – ауыл деген әкімшілік бөліктерге бөліп басқаруды білу қажет. 1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы» жарғы Кіші жүз территориясын басқаруға негіз болғанын анықтап өту керек. ХІХ ғ. екінші жартысында Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен Қазақстанның барлық территориясы Ресей отарына айналды. 1867-1868 жж. әкімшілік реформалар бойынша Қазақстан территориясы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір қарағаны туралы атап өту абзал. Қазақстан территориясын басқаруда бес сатылы басқару жүйесі қолданылды: генерал-губернаторлық – облыс – уезд – болыс - әкімшілік ауыл. 1886 және 1891 жылдары қабылданған ережелердін мазмұнын көрсету керек.


Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 3 том. А., 2000.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Казахско-русские отношения в 18-19 веках. Сборник документов.А., 1964.

4. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

5. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында. А., 1994.

6.Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в 18- начале 19 веков.А., 1981.

7. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана в конце 18 – первой половине 19 века. А., 1960.

8. Абдрахманова Б. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в 19 веке. Астана, 1998.


10 тақырып. ХХ ғ. басындағы Қазақстан. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасыр басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсету. Ғасыр басындағы Ресейде болған саяси оқиғалардың Қазақстанға тигізген ықпалын анықтау.Қазақ өмірінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің орнын көрсету.
Семинар сұрақтары:

  1. 20 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

  3. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы кезіндегі Қазақстан.


Әдістемелік нұсқау

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көшпелі мал шаруашылығы біршама ығысып, мал ұстаудың жайылымдық-жартылай қолға бағу жүйесі, ішінара егіншілікпен айналысу, шөп шабу және тағы басқалар ене басталғанын көрсету кажет. Қазақстан шаруашылығының бүкілресейлік жүйеге енуі күшейе түскенін көрсету жөн. Экономикалық өмірде жаңа құбылыс қазақ өлкесіне сыртқы капиталдың енуі болды. Орыс және шетел капиталының негізінен қай өнеркәсіп салаларына салынғаны туралы анықтау керек. Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасу жолдарын көрсету керек. Ғасыр басындағы жұмысшылардың санын атап кету дұрыс болады.

Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсуін көрсету керек. 1916 жылы 25 маусым күні қабылданған патша жарлығының мазмұнын ашу қажет. 1916 жылы Қазақстанның барлық территориясында болған көтерілісті сипаттау. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлар: отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың көбеюі, еңбекшілерді аяусыз қанау, күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты, ұлт араздығын қоздыру, еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы. 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күшін анықтау қажет.

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революцияның тарихи маңызын көрсету көзделеді. Елде қалыптасқан қосөкімет құбылысының ерекшелігін анықтау қажет. Қазақстанда Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының және жұмысшылар, солдаттар кеңестерінің құрылуы туралы айту керек.




Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 3 том. А., 2000.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3. Сулейменов Б.С. Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 гг. А., 1977.

4. Сапаргалиев Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917 гг.) А., 1965.

5.Восстание 1916 года в Казахстане. Документы и материалы.А., 1974.


11 тақырып. Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдары
Сабақтың мақсаты: 1917 -1921 жылдарда болған оқиғалардың мазмұнын көрсету, олардың маңызын анықтау.
Семинар сұрақтары:

  1. 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

  2. Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. Алаш Орда үкіметі. Алаш Орданың Кеңес өкіметіне деген көзқарасы.

  3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920)


Әдістемелік нұсқау

1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Әскери-революциялық Комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын жариялады. 1917 жылғы екі әлеуметтік революцияның (Ақпан және Қазан) қазақ халқының одан арғы тағдырын анықтайтынын көрсету керек. 1917 жылғы «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы», «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына Үндеу» мазмұнын білу қажет. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшеліктерін көрсету керек. Бұл процесс Қазақстанда 1917 жылдың қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айына дейін болғаны туралы баяндау қажет.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында екінші жалпықазақ съезі шақырылғаны туралы мәлімдеу керек. Съездегі қаралған басты мәселе Қазақ автономиясының құрылуы еді. «Алаш Орда» үкіметі.

Қазақстандағы азамат соғысы. «Әскери коммунизм» саясатының мазмұнын ашу қажет.



Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

2.Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1961.

3.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.

4. Григорьев В.К. Противостояние. А., 1989.

5. Пахмурный С.Н. Октябрь в Казахстане. А., 1978.

6. Гражданская война в Казахстане. Сборник документов.А., 1974.

7. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.

8. Алаш Орда. Сборник документов.А.,1992.


  1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995


12 тақырып. Қазақстан 20 ғ. 20-30 жылдарында.
Сабақтың мақсаты: : ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсету. Қазақстандағы индустрияландыру, ұжымдастыру саясаттарының өзгешелігін анықтау. Осы кезеңде болған саяси оқиғалардың Қазақстанның дамуына тигізген әсерін сипаттау.
Семинар сұрақтары:

  1. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

  2. Елді индустрияландыру саясаты. Оның қиыншылықтары мен жүзеге асырылуы.

  3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жылдамдату және оның қасіреті.

Әдістемелік нұсқау

Аталған уақытта Қазақстанда тоталитаризмнің көріністері белгіленді: диктаторлық жеке билік, тоталитарлық тәртіп; экономиканың шикізаттық бағытта қалыптасуы; ассимиляциялық саясат, шынайы егемендіктің болмауы; концлагерлер құрылуы, жаппай қуғын-сүргіннің жүргізілуі.

Қазақстандағы индустрияландырудың себептері: өнеркәсіп өндірісін арттыру қажеттілігі; экономикалық әлеуетті тиімді орналастыру қажеттілігі; тұрақты соғыс қаупі. Қазақстандағы индустрияландыру қиындықтары: Қазақстанның экономикалық жағынан артта қалуы; патриархалды-феодалдық қатынастардың қалдықтары; пайдалы қазбалардың өндіруілінің қиындығы; тұтыну заттары өндірісінің басым болуы; инфрақұрылымның болмауы; маманданған жұмыс күшінің тапшылығы. Әкімшілік әсер еті тетіктері: ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі; Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты; кәсіби мамандардың басқа аймақтардан келуі.

Ұжымдастыруға көшудің негізгі себептерінің бірі елдің жалпы экономикалық дамуын тежеп отырған ауыл шаруашылығының техникалық жағынан артта қалуы мен тауарлы өндірістің төменгі деңгейде болуын көрсету қажет. Қазақстандағы ұжымдастыру төрт кезеңде жүзеге асырылуға тиіс екенін көрсету керек. Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары.



Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994. 2.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.

3. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.

4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.

5. История рабочего класса Советского Казахстана. А., 1987.

6. История индустриализации Казахской ССР. Документы и материалы.(1926-1941гг). А., 1967.

7. Дахшлейгер Г.Ф. Турксиб – первенец социалистической индустриализации. А., 1953.

8. О чем не говорили: документальные рассказы и очерки. А., 1990.

9. Қазақ қалай аштыққа ұшырады. А., 1991.

10. Қуандықов Е. Сүрең салған сұрқия саясат.А., 1999.

11. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. А., 1992.

12. Коллективизация сельского хозяйства в республиках Средней Азии и Казахстана. Опыт и проблемы. А., 1990.



13 тақырып. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдары.
Сабақтың мақсаты: : Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын көрсету.
Семинар сұрақтары:

  1. Қазақстан экономикасын соғыстан кейін қайта құру. Индустриялық даму.

  2. Ауыл шаруашылығының жағдайы. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.

  3. Соғыстан кейінгі жылдардағы мәдени құрылыс.

Әдістемелік нұсқау

Ұлы Отан соғысының аяқталуы: 1945 жылы 2 қыркүйекте кеңес өнеркәсібінің конверсиясы басталды. Бірақ бұл қырғи-қабақ соғыстың басталуымен аяқсыз қалды. Армиядан жаппай демобилизациялау. 1945-1948 жылдары 8,5 млн. адам демобилизацияланды. «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы Заң».

1954-1959 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру. Мақсаты: азық-түлік мәселесін шешу. Жағымды жақтары: дәнді дақылдар өндірісінің артуы. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің жақсаруы. Жерді пайдаланудың тиімді жолдары. Мамандардың ауыл шаруашылығына ағылуы. Жағымсыз жақтары: ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы. Топырақ эрозиясы, мал шаруашылығына зияны тиюі, ұлттық салт-дәстүрлердің ролінің төмендеуі, қазақ мектептерінің күрт азаюы.

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994. 2.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.

3. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.

4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.

5.Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақә беттерінең. А., 1994.

6.Баишев С. Социально-экономическое развитие Советского Казахстана. А., 1979.

7. Кунаев Д.А. О моем времени. А., 1992.
14 тақырып. Қазақстан «кемелденген социализм» дәуірінде

Сабақтың мақсаты: 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін көрсету. «Кемелденген социализм» кезеңіне сипаттама беру. Осы уақыттағы республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қайшылықтарды анықтау.
Семинар сұрақтары:

  1. 1965 жылғы экономикалық реформа.

  2. 20 ғасырдың 70-80 жж. экономикалық процестер.

  3. Қазақстанда экономикалық дағдарыстың тереңдеуі.

Әдістемелік нұсқау

Қазақстандағы ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары: өнеркәсіп саласына жаңа техниканы енгізу жоспары; техникалық прогреске жәрдемдесетін арнайы комиссиялар; ғылыми-техникалық қоғамдардың, конструкторлар бюросының, өндірістік қоғамдардың құрылуы; өнертапқыштар қызметін жандандыру үшін сыйақы қорының құрылуы. Өнеркәсіп салалары: өндірісті электірлендіру, көмір өнеркәсібінде жаңа технологияны енгізу, іздестіру-барлау жұмыстары, мұнай өндіру, мұнай өңдеу. Өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды.

1970 жылдың басына қарай шаруашылық реформасының еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған алғашқы идеялары бұрмаланды. Одақтық бағыныста болған республика өнеркәсібінің құрылымы негізінен шикізат өндіруге бағытталған сипатта қала берді. Ірі күрделі қаржының басым бөлігі Кен шығаратын салаларға жұмсалды және республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды.

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

2. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.

3. Кунаев Д.А. О моем времени. А., 1992.


15 тақырып. ҚР - егеменді, тәуелсіз мемлекет
Сабақтың мақсаты: : Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуын, республика экономикасындағы түбегейлі өзгерістерді көрсету. Қазақстан Республикасы тарихи дамуының қорытындыларын жасау.
Семинар сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасындағы экономикалық процестер.

  2. Қазақстандағы саяси модернизация.

  3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.



Әдістемелік нұсқау

Қазақстан экономикасындағы өзгерістер: нарықтық экономиканың қадыптасуы. Оның көріністері: жекешелендіру, салық реформасы, баға реформасы, еңбекақы жөніндегі реформа, жаңа банктік саясат, шағын бизнестің дамуы, монополияларды бөлшектеу. Заң шығарушылық база: меншік туралы, шетел инвестициясы туралы, шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы, банк және банк қызметі туралы, монополияны шектеу туралы.

Қазақстандағы саяси процестер: 1991 жылғы 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң; 1992 жылғы 2 наурыз – БҰҰ-на қабылдану; 1993 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясының қабылдануы; көппартиялы жүйенің қалыптасуы; қазақтардың Бүкіл дүниежүзілік құрылтайы. Кеңестердің өзін-өзі таратуы.

Тәуелсіз Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясаттың арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағ ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды.



Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

2. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. А., 2003.

3.Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жанару жолында. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. 18 ақпан 2005 жыл. Астана, 2005.

4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.
5 ТАРАУ

ОЖСӨЖ орындауына әдістемелік нұсқау
1. Тақырып: «Қазақстан ежелгі дәуірде»

Сабақтын мақсаты: Алғашқы адамдардың Қазақстан территориясында пайда болғаны және пайда болған уақыты туралы мәлімет қалыптастыру. Қазақстан территориясында тас және қола дәуірлеріне жататын ескерткіштерді танып білу.


Тапсырма: 20 тесттік сұрақ құрастыру

Бақылау түрі: тесттер

Әдістемелік нұсқау:

Студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту үшін тест сұрақтарын құрастыру қажет. Берілген тақырып бойынша 20 тесттік сұрақ құрастыру және жауап нұсқалары 3- тен аз болмауы керек. Тесттің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету қажет. Тестте студенттер палеолит заманына жататын еңбек құралдарын атап өту, ежелгі адамның өзі эволюцияға ұшырауы нәтижесінде тарихта қандай аттармен белгілі екенін көрсету керек. . «Неолиттік төнкеріс» терминінің мағынасына, неолит заманының ерекшеліктеріне тоқталу.

Қола дәуірінде қоғамда және өндірістік қатынастарда болған өзгерістерді: адамдардың палеометалдарды пайдалануы, көшпелі мал шаруашылығының дамуы, рулық қатынастардың ыдырап, оның орнына тайпалық бірлестіктердің құрылуын көрсету қерек.
Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982


2.Тақырып: «Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер»
Сабақтын мақсаты: : Қазақстан территориясыдағы алғашқы мемлекеттерін пайда болуын көрсету. Қоғамда болған өзгерістерді танып білу.


Тапсырма: 20 тесттік сұрақ құрастыру

Бақылау түрі: тесттер

Әдістемелік нұсқау:

Студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту үшін тест сұрақтарын құрастыру қажет. Берілген тақырып бойынша 20 тесттік сұрақ құрастыру және жауап нұсқалары 3- тен аз болмауы керек. Тесттің соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсету қажет. Тестте студенттер сақтар туралы жазба деректерінің негізгі түрлерін атап кету дұрыс болады. Сақ қоғамындағы әлеуметтік топтарға тоқталу. Сақтардың қоғамдық өмірі, шаруашылығы және мәдениеті туралы айқын мәліметтерді сақтардың обаларында табылған бұйымдар туралы ақпарат жинау. Үйсіндер, қаңлылар мен ғұндар тарихын материалдық жетістіктерін тестте көрсету. Аталған тайпалардың орналасқан жерін көрсету, қоғамында қалыптасқан жағдайын анықтау керек.



Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Акишев К.А., Кутаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или А., 1963

Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов Л., 1951

Гумилев Л.Н. Хунну М., 1960


3.Тақырып: 6-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақтын мақсаты: Қазақстан территориясында түрік дәуіріне жататын мемлекеттерді танып білу


Тапсырма: глоссарий даярлау

Бақылау түрі: бақылау жұмысы

Әдістемелік нұсқау:

Ерте ортағасырлық және орта ғасырларда Қазақстан территориясын алып жатқан мемлекеттік құрылымдарды көрсету қажет. Бұл мемлекеттердің орналасқан территориясын, астанасын, халқының негізгі этникалық құрамын, шаруашылығын анықтау керек. Негізгі жерді иелену түрлерін білу, әр түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың атауларын білу қажет. Аталған мемлекеттердің басқа елдермен қарым-қатынастары туралы ақпарат жинап келу керек. Архитектура және өнер тақырыптары бойынша архитектуралық ескерткіштердің атауын білу, балбал, сардоба, дың және т.б. терминдерді игеру.



Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972

Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964

4.Тақырып: 6-12 ғғ. Қазақстан мәдениеті

Сабақтын мақсаты: Түрік кезенде Қазақстан территориясында болған мемлекеттердін материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету, осы заманға жататын әйгілі ескерткіштерді білу.

Тапсырма: реферат

Бақылау түрі: : 6-12 ғғ. мәдениетінің таңдаған саласы бойынша реферат жазу.

Әдістемелік нұсқау:
Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Реферат неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады. Ерте ортағасырлық және орта ғасырлық мемлекеттердің әр саладағы мәдени жетістіктерін ашып көрсету. Осы кезеңде ислам мәдениеті келгеннен кейін рухани өмірдегі, архитектура және өнердегі өзгерістерге баса назар аударған жөн.
Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972

Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964

Аль-Фараби философские трактаты А., 1970

Махмуд Кашкари Түбі бір түркі тілі А., 1993

Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет А., 1993


5.Тақырып: «Қазақстан моңғол кезеңінде»:

Сабақтын мақсаты: Моңғол шапқыншылығының Қазақстан жеріне тигізген әсерін көрсету. Моңғол ұлыстары құрамынағы Қазақстан территориясын анықтау.

Тапсырма: 25 түсінікке кроссворд құрастыру

Бақылау түрі: кроссворд

Әдістемелік нұсқау:

Сөзжұмбақ сызу – үлкен білім мен терең зердені қажет етеді. Сөзжұмбақ құру жұмысы студенттерді жақсы дамытады, себебі онда дәріс пен семинарда айтылған көп нәрсені еске түсіру, анықтамалықтарды,оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек болады. Сөзжұмбақ түрлері өте көп. Олар – кроссворд, чайнворд, криптограмма т.б..Сөзжұмбақ – үздіксіз ізденуді, көп ойлануды, жан-жақты білімділікті талап етеді. Сөзжұмбақ соңында қолданылған әдебиетті көрсету қажет.



Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994
6.Тақырып: 14-15 ғ. 1-ші жарт. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Сабақтын мақсаты: 14 – 15 ғасырларда Қазақстан жерінде қалыптасқан Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерді білу.

Тапсырма: Вен диаграммасын жасау

Бақылау түрі: бақылау жұмысы

Әдістемелік нұсқау:

Көрсетілген мемлекеттер бойынша, таңдаған сала бойынша Вен диаграммасын жасау. Диаграммада берілген кезең бойынша екі мемлекеттің әлеуметтік құрылысын, саяси тарихын, экономикалық жағдайын талдауға болады. Таңдап алынған екі мемлекеттің даму ерекшеліктерін және бір-біріне ұқсастықтарын міндетті түрде көрсету. Бұл тапсырма студенттердің берілген кезең бойынша білімдерін жетілдіруге және сол кездегі тарихи процесстерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Диаграмма А4 бетке орындалады, кесте түрінде де көрсетуге болады. Соңында міндетті түрде қолданылған әдебиетті көрсету қажет.

Бақылау жұмысы кезінде оқытушы әр студентке аталған мемлекеттер бойынша тапсырмалар береді. Мысалы, Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихын жазбаша сипаттап бер.

Ұсынылған әдебиеттер: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Мухаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди А., 1969
7. Тақырып: «Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы»

Сабақтын мақсаты: Қазақ халқының этногенезін көрсету, «қазақ» этнонимінің шығу тегін анықтау, қазақ мемлекеттігінің пайда болуын білу.

Тапсырма: Глоссарий

Бақылау түрі: колоквиум

Әдістемелік нұсқау:
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдерін және сол уақытта болған жағдайларды білу қажет. «Қазақ» сөзі туралы түрлі атауларды келтіру керек. Қазақ халқының құрамындағы үш жүздің пайда болуы туралы мәліметтерді келтіруге болады. Жүздердің құрамындағы руларды білу қажет.

Колоквиумда оқытушының қойған сұрақтарына ауызша жауап беру керек. Қазақ хандығының құрылуының саяси, экономикалық және этникалық себептерін айқындап көрсету керек. Қазақ хандығы туралы Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбегіндегі мәліметтерді білу қажет. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің саясаты жөнінде қалған деректерге назар аудару абзал.


Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстандық тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қазақтар. т.6 А., 1998


8.Тақырып: «16-17 ғғ. Қазақ хандығы»

Сабақтын мақсаты: ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығының жағдайын анықтау. Осы уақыттағы Қазақ хандығының дамуына Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Жәнгір хандардың қосқан үлесін көрсету

Тапсырма: конспект даярлау

Бақылау түрі: бақылау жұмысы

Әдістемелік нұсқау:
ХҮІ ғасырдың бірінші ширегі Қасым ханның билігімен белгілі екенін көрсету және осы заман Қазақ хандығының гүлденген уақыты деп анықталатынын білу қажет. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының территориясының ұлғайуын картадан көрсету керек. Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынасын анықтау қажет. Қасым ханнан кейінгі кезең Қазақ хандығының тарихында саяси тұрақсыздық уақыты болғанын атап кету жөн. Әкесі Қасым ханның саясатын жалғастыруға ден қойған Хақназар хан тұсындағы хандықтың жағдайын көрсету керек. ХҮІІ ғасыр Қазақ хандығы үшін күрделі уақыт екені туралы мәлімет қалыптастыру керек. ХҮІІ ғасырда Есім, Жәнгір хандардың саясатын көрсету дұрыс болады.

Қазақ қоғамы «ақ сүйек» және «қара сүйек» деген екі әлеуметтік топқа бөлінетінін атап, олардың құрамына кіретін әлеуметтік жіктерді анықтау керек.


Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 в.

Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в 16-18 вв. А., 1971

Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в 16-18 вв. А., 1991

Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в 17-19 вв. А.,1971

Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в 17-19 вв. А, 1959


9.Тақырып: «ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының материалды және рухани мәдениеті»

Сабақтын мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің түрлерін, қазақтың тұрақ-жайының ерекшелігін және халқымыздың ауыз әдебиеті мен музыка өнерін көрсету.

Тапсырма: буклет жасау

Бақылау түрі: глоссарий

Әдістемелік нұсқау:

Рухани мәдениеттің даму ерекшеліктерін көрсете білу, тілі, жазуы қандай өзгерістерге ұшарады, сол өзгерістердің нәтижесінде атақты дала данышпандары қай тілде, қандай еңбектер жазды атап көрсету. Рухани даму аясында тұлғаларға буклет жасауға болады. XV-XVIII ғғ. қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы 3 кезеңге бөлінді, кезеңдерді білу, сипаттау. Материалдық және рухани мәдениет аясында терминдерді игеру, мысалы, тойбастар, сыңсу, жоқтау, жетіген, сыбызғы т.б..


Ұсынылған әдебиеттер:

Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994.

Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983

Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985

Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970

Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994

Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977

Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970


10.Тақырып: 18-19 ғғ. ұлт-азаттық қозғалыс
Сабақтын мақсаты: . Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің мазмұнын ашу. Аталатын көтерілістер: 1783-1797 жж. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс, 1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс, Сыр бойындағы қазақтардың Жанқожа батырдың басшылығымен бас көтеруі.

Тапсырма: конспект даярлау

Бақылау түрі: бақылау жұмысы

Әдістемелік нұсқау:
Қазақстанның Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық күресі басталу себептерін, барысын, көтерілістің басты мақсатын, көтеріліс басшыларын, жеңілу себептері мен тарихи маңызын білу. Көтерілістерді ажырата білу, сол уақыттағы көтерілістерге заманауи баға бере білу, салыстырып талдау жасау.

Жеке-жеке көтерілістер бойынша оқытушы жазбаша бақылау алады.



Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қазақтар. т.6 А., 1998

Вяткин М. Батыр Сырым А, 1947

Кенесарин А. Кенесары Сыздық сұлтандар А., 1992

Бекмаханов Е.Б. Восстание хана Кенесары А., 1992
11.Тақырып: 19 ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Сабақтын мақсаты: Ресей империясының құрамына кіруіне байланысты қазақтың дәстүрлі шаруашылығының, қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың өзгеруін көрсету. Қазақстан территориясында өнеркәсіптің дамуын көрсету.

Тапсырма: 25 түсінікке кроссворд құрастыру

Бақылау түрі: кроссворд

Әдістемелік нұсқау:

Сөзжұмбақ сызу – үлкен білім мен терең зердені қажет етеді. Сөзжұмбақ құру жұмысы студенттерді жақсы дамытады, себебі онда дәріс пен семинарда айтылған көп нәрсені еске түсіру, анықтамалықтарды,оқулықтарды пайдалану, қиял мен зеректілікті таныту керек болады.

Қазақстанның Ресей өнеркәсібінің шикізат көзіне айналуы. Табиғи қазба байлықтарға өте бай кен өндіру орындарын, ұсақ және орташа жәрмеңкелерді, темір жол магистральдарын білу.
Ұсынылған әдебиеттер: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 3 том А., 1998

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Бекмаханов Е.Б. 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан А., 1996

12.Тақырып: Е.Б. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында» еңбегі

Сабақтын мақсаты: Студенттердін тарихи еңбекпен танысып,аталған тақырыпты конспекттілеу. Тарихшы Ермұхан Бекмахановтың өмір баянымен танысу.

Тапсырма: аталған енбектін «Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында» атты І бөлімін конспектілеу

Бақылау түрі: конспект

Әдістемелік нұсқау:

Ермұхан Бекмаханов қазақ тарих ғылымының, халқымыздың мақтанышы, бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбегі 50-жылдардың басында қаралы тізімге ілінуі, сталиндік-империялық бұғаудың үзіле бастауы да оның жарықка шығуына жол ашпауы және XIX ғасырдың 20—40-жылдары, оның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі отаршылдарға қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы ұйымдастырған көтерілістерден кейінгі үш жүзді қамтыған ең көлемді бас көтеру болғандығын оның азаттық үшін болған ұлы аттаныс екенін тарихшылар іштей мойындаса да ашық айтуға батылының жетпеуі, жігерсіздік, отарлық тұжырымдаманың жалған интернационализмнің сананы жайлаған уыты Бекмаханов жазған шындықты тануға бөгет болып келді.



Ұсынылған әдебиеттер: Бекмаханов Е.Б.Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жылдарында А., 1996, 57-156, 371-381 бб.
13.Тақырып: ХІХғ. Қазақстан мәдениеті

Сабақтын мақсаты: ХІХ ғасырдағы Қазақстанның мәдени дамуының басты бағыттарын көрсету.

Тапсырма: ХІХ ғ. мәдениетінің таңдаған саласы бойынша реферат жазу.

Бақылау түрі: реферат

Әдістемелік нұсқау:

XIX ғғ. Қазақстан мәдениеті. Халыққа білім беру тұңғыш қазақ мектептерінің ашылуы. Орыс географиялық қоғамының жергілікті бөлімшелерініңғ жұмысына қазақ зиялыларының белсене араласуын көрсету. Сондай-ақ осы кезеңде қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді.Бұл газеттер мен журналдар арқылы қазақ қоғамы кең көлемде шығыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысты. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин т.б. ғұламаларға реферат жазуға болады.



Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Жубанов А. Замана бұлбұлдары А., 1974

Жубанов А. Ғасырлар пернесі А., 1977

Бес ғасыр жырлайды А., 1986
14.Тақырып: ҰОС жылдарындағы Қазақстан

Сабақтын мақсаты: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдары майдан мен тлдағы ерліктері туралы мәлімет қалыптастыру.

Тапсырма: ұсынылған әдебиеттермен танысу

Бақылау түрі: конспект

Әдістемелік нұсқау:

Ұлы Отан соғысының данқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігін көрсету. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді.Данқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандық болды. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен куүресті. Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілердің еңбегін ерекше атап өту қажет



Ұсынылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Казахстан в период ВОВ Советского Союза 1941-1945 гг. Сб. Документов и материалов А-А,1968

Қозыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. А-А., 1970

Белан С.К. Казахстацы в боях за свободу Украины и Молдавии в 1941-1944 гг. А-А., 1984

Балақаев Г.Б. Майдандағы Қазақстандықтардың еңбегі А., 1895

Козыбаев М.К., Куманаев Т.А. Соғыста шыңдалған достық А., 1989

Балакаев Т. Колхозное крестьянство Казахстана в годы ВОВ А., 1979

Абишев Г. Казахстан в период ВОВ А-А., 1965

Казахстанцы Герои Советского Союза в 2-х т. А-А., 1965


15.Тақырып: «Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар»

Сабақтын мақсаты: Қазіргі уақыттағы баспасөз материалдары негізінде Қазақстандағы саяси партиялармен танысу.

Тапсырма: қазіргі кездегі саяси партияларда анықтау

Бақылау түрі: бақылау жұмысы

Әдістемелік нұсқау:

Адамдардын мұн—мұқтаждары, көздеген мақсаттары мен қоғамдық көзкарастарын біріктіретін саяси құрылым— партия болып табылады. 2002 жылғы шілденің 15-інде "Саяси партиялар туралы" жаңа заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы заң бойынша партия болу үшін оның елу мың мүшесі болу керек. Соған орай бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде бірнеше партиялар жұмыс істейді. Қазақстандағы партияларға байланысты толық мағлұмат жинап келу.



Ұсынылған әдебиеттер:

Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А., 1996

Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы А., 1998

Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты Семей, 1995



6 ТАРАУ

СӨЖ орындауына әдістемелік нұсқау

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңдар.
СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.
Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖО-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар қарастырылып, талдау жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет