Қазақстан тарихы сақ-массагеттер парсы патшасы Кирді талқандаған жыл


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет4/7
Дата22.12.2023
өлшемі420,46 Kb.
#198684
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
аза стан тарихы са -массагеттер парсы патшасы Кирді тал анда ан

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

1. Ата-баба өнегесі деп қазақ қоғамының қалыптасу тарихынан бастап, халықтың ұлт болып қалыптасудағы қасиеттері мен өмір сүру тәсілінен туындаған рухани құндылықтарды айтамыз. Ұлттық өнеге ұлт болмысының ерекшелігін, табиғатын, дүниетанымын, дәстүрі мен мәдениетіндегі даналықты көрсетіп отырады. «Қазақ өнегесі» ұғымының мәніне назар аударған адамға алдыменен қазақ ұлтының отбасылық мәдениеті мен дәстүрі, қарияларымыздың ұрпақтың тілеуін тілеген мінезі, қазақ баласының батыр, ержүрек болып есеюі, елдігі, бір сөзбен айтқанда, елдің ел болудағы жетістіктері, кейінгіге үлгі болатын, жөн сілтейтін іс-әрекеті көрінеді.


2. Қазақ өнегесінің бастауы қазақтың көне тарихында. Сақтар мен түркілердің өмір салты, жауынгерлігі, жылқы малын қадірлейтін мінезі қазақ өмірінде жалғасты. Қазақ жерінен табылып отырған көне дәуірдегі жәдігерлер бұдан 3000 мың жыл бұрын (тіпті одан да әрі) бүгінгі қазақ даласында өмір сүрген тайпалардың жылқыны көлік ретінде пайдаланып, бие сүтінен қымыз ашытқандығы дәлелдейді. Сонау сақтардан арғы уақыттан бастау алған қазақтың ұлттық азық-түлік өнімдері, оны жасаудың технологиясы (мал союда оны жілікке бөлу, сүт өнімдері және т.б.) әлі күнге дейін ұлт өмірінде жалғасуда. Ұлттың көнеден бастау алатын бұндай азық-түлік өнімдерін өндіру, пайдалану технологиясымен қатар, ұрпақтың ел қорғаудағы жаумен күресу техникасы тағы бар.
3. Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен, ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
4. Өз ұлтын қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» – дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі – өзім, екіншісі – халқым» – дейді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық, рухани-материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болатын азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? Қазақ халқы баланың жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратындай болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған.
5. Балаларды толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық өнеге мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие берудің маңызы зор.

  1. Халқына деген махаббат білдіріліп, ұлағатты ой айтылған бөлім

A) 4
B) 2
C) 3
D) 1

  1. Мәтін мазмұны бойынша «Қазақ өнегесіне» жатпайтын қасиеттер

A) отбасылық мәдениет
B) кейінгіге үлгі болу
C) ержүрек болып есею
D) қалыптасу тарихы

  1. 1-азатжолдың мазмұнына сәйкес нұсқа

A) Археологиялық қазбалар
B) Азық-түлік өнімдерін өндірудің тарихы
C) Жылқы малы қазақ ұлты үшін қадірлі
D) Халқымыздың рухани құндылықтары

  1. Автордың ойынша бала толыққанды тұлға болып қалыптасуы үшін қандай тәрбие алуы қажет?

A) Заманауи тәрбие
B) Тек мектеп тәрбиесі
C) Әлеуметтік тәрбие
D) Ұлттық өнеге негізіндегі

  1. Mәтін мазмұны бойынша ой реттілігі

1. Көне дәуір жәдігерлері
2. Ұлағатты ойларды дәріптеу
3. «Қазақ өнегесі» ұғымы
4. Тұлғаның құндылықтарды игеруі
5. Толыққанды тұлғаға айналдыру жолы
A) 5.2.4.3.1
B) 3.1.4.2.5
C) 1.2.3.4.5
D) 4.1.3.2.5

Белгісіз бір заманда Қорғалжын ауданы, Майшұқыр ауылында Сержан атты бай тұрыпты. Кезінде ауылдағы билік өз қолында болған бай өзі тойса да, көзі тоймайтын дүниеқоңыз, сараң адам болған екен. Бар билік қолында болғандықтан халықты қанап, қыстап, ойына келгенін істеген. Өзінің қара басын ғана ойлаған. Ауылдағы ең шұрайлы жер де, өзен-көлдер де соның қарамағында болған. Иелігіндегі суды, жерді халық пайдалана алмайтын. Себебі бай: «Менің дүниеме қол сұқсаң, ақысын төле», – деп пәле салады екен.


Kүндердің күнінде ауылдың басына қара бұлт төнеді. Ауылда құрғақшылық болады. Ауыл шаруашылығының егістігі тұтас шықпай, құрғақшылықпен қатар, ашаршылық азабы қатар төнеді. Дәл сол тұста қарапайым халық байдан көмек сұрап, көлден егістікке су тартуды өтініш етіп келеді. Онда бай егістікке жіберілген судың есесіне олардың қорадағы күн көріс малдарын алатынын айтады. Әрине, амалы жоқ халық сараң Сержанның ұсынысына көнеді. Oсылай егістігін аман алып қалған халық малдарынан айырылады. Дегенмен, қарапайым халықтың мұң-зарына құлақ түрмей, өз құлқынын ғана ойлаған байға да зауал келеді. Табын-табын малдары бірінен соң бірі белгісіз індетке шалдығып, қырыла бастайды. Арамдықпен жиған малдан түгі қалмаған бай амалсыз кедейлер қатарына қосылады. Кезінде менің көлім деп әмірлік жүргізген байды мұқатқысы келгендер көлді ауыл арасында «Атқырылған» деп атап жүреді екен. Кейін сол атау көлдің аты болып қалыпты.

  1. Халықтың әрекеті

A) Сержанмен ақылдасады
B) Сержанға өтініш білдіреді
C) Байдың ұсынысына көнбейді
D) Бірігіп жұмыс жасайды

  1. Көл атымен байланысты оқиға

A) малдың жаппай қырылуы
B) құрғақшылықтың басталуы
C) халықтың зардап шегуі
D) сараң байдың салығы

  1. Mәтіннің мақсатты аудиториясы

A) көпшілік
B) үлкендер
C) диқандар
D) оқушылар

  1. Cержан байдың іс-әрекеті

A) халқына көмектеседі
B) елімен ақылдасып, санасады
C) жұрттың мұңын тыңдайды
D) халықты қанайды

  1. Mәтін мазмұнына сай ой реттілігі

1. Ел басына төнген қатер
2. Пәлеқор Сержан
3. Сержанның ұсынысы
4. Сержанға төнген зауал
5. «Атқырылған» көлі
A) 2.1.3.4.5.
B) 1.3.5.2.4.
C) 4.3.5.1.2.
D) 2.3.1.5.4.

Aтқа міну мәдениеті


1. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдесіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады.
2. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айырықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.
3. Әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады.
4. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге, шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
5. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айырықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды.

  1. Mәтіннің мақсатты аудиториясы

A) тарихшылар
B) оқушылар
C) көпшілік
D) журналистер

  1. 3-азатжолға лайықты тақырып

A) Соғыс құралы
B) «Ботай» қонысы
C) Ерекше эмблема
D) Ықшам киім үлгісі

  1. Aтқа міну мәдениетінің қалыптасу себебі

A) жылқының қолға үйретілуі
B) батырлар эмблемасының болуы
C) қазба байлықтарының табылуы
D) киім үлгісінің жасалуы

  1. Cалт аттылар дәуіріне көрсетілген құрмет

A) қазба жұмыстарының солтүстіктен табылуы
B) жауынгердің ықшам киімі
C) қозғалтқыш қуатының ат күшімен өлшенуі
D) батырлар заманының эмблемасы

  1. Eр-тұрман мен үзеңгіні ойлап табудағы мақсат

A) керемет шабу үшін
B) ат құлағында ойнау үшін
C) сән-салтанатын арттыру үшін
D) атқа еркін мініп жүру үшін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет