болды. Осы келісімнің нәтижесінде 563-567 жылдары эфталиттер талқандалды. Бірақ ықпал ету
аймағын бөлісуде түріктер мен Иран арасында араздық басталады. Бұл жағдайдан шығу үшін
түріктер Византия императоры II Юстинмен келіссөз жүргізеді. Византия елшісі Земарх түрік
қағанының ордасына келіп түріктер мен Византия арасында жібек саудасын жүргізіп және
сасанидтер Иранына бірлесе қарсы тұру туралы уағдаластыққа қол жеткізуге тырысады.
Бірақтікелей жібек саудасын жүргізуде екі жақ келісімге келе алмайды. Өйткені бүл
кезде
Византияның өзінде жібек құртын өсіру құпия болмай қалған болатын. Екінші мәселеде де өзара
келісім болмады. Византия Иранмен соғыста түріктердің әскер күшін пайдаланғысы келді.
Сондықтан да, түріктер бұл мәселеде византиялықтарға нақгы жауап бермеді. Түріктер Византия
мен Иранның өзара жауласуын өздері үшін тиімді пайдалануға тырысты. Азғана уақыт жауласудан
кейін 575 жылы Византия мен Иран уақытша келісімге келді де, Византия түрік иеліктері Кавказ бен
оның сырт аймағына енуге ұмтылды. Византияның бұл әрекетін түріктердің Киммерия Боспорына
және Қырым мен Батыс Кавказға жасаған жорықтары болдырмай тастады. Бұл жерлер түрік
қағандығының батыстағы ең шеткері аймағы болатын. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс
қағанаттарына бөлінеді. Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік
қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта
орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып
жатты. Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында
қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы
шекараны Алтайға дейін, батыстағы
шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін
қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап
билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634
жылы билікті
иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он
түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс
қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып
саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер
атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның
негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат”
сөзі құл деген мағынаны білдіреді. Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға
негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында
соғдылықтардың рөлі
басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады. Ал Шығыс Түрік
қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты
мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты
қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін
қағанат әлсіреп, ыдырай бастады. Этникалық құрамы. Батыс түрік қағанатының ұлан-байтақ
территорияны мекендеген түрік тілдес жергілікті үйсін, қаңлы, дулат тайпаларымен қатар шығыстан
келген түркеш, қарлұқ, теле, басымыл, қыпшақ, оғыз, шығыл, шымыр, нүшбе баға(жайма) т.б.
тайпалар қағандықты құрған. Шығыстан келген тайпалар жергілікті
тайпаларға араласып етене
болып, сіңісіп кетті. Енді бұл тайпалар Батыс түрік қағанатының «он оқ халқы» болып атылады. Оның
бесеуі «бес арыс дулат» болса, бесеуі «бес тайпалы нушеби» деген жаңа аттары мен тарих
сахнасында белгілі болады. Бұл екі одақтың аты үстемдік еткен
атақты дулат пен нушеби
тайпаларының аттарымен белгілі болған. Бұл тайпалар қағандықтың негізгі тірегі, үйсіндердің ата
мекені, Жетісу жерімен Жоңғар ойпаты аралығында өмір сүрген.
Ұсынылған әдебиеттер 1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994. 2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992 4. Масанов Н.
Кочевая цивилизация казахов. М.,1995. 5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Достарыңызбен бөлісу: