Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар


Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан



бет16/39
Дата01.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#194491
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
S 1241 tttilik 33 33 33

Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан :
«Марқұмның мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең түсіне білді... Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім- бардым қарап, жұмысты шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін. Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсіресе жас қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер де жанындай жақсы көретін... Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді, жомарт жүректі ақ көңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен болса да емін-еркін ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан болса да ақ көңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен көмектесуге әрқашан әзір тұратың. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін. Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзінің ақыл- кеңесін берумен ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінде сый-құрметпен қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сәнін кіргізетін, көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын.
45) Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді.[1] Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады. Тағы да «Оян, қазақ!»-қа жүгінейік:
Төбелес, жанжал, керіс әңгіме
Құмар-ақ болып кетті біздің халық.
Тұрады төрелері кекірейіп,
Переводчик онан жаман шекірейіп...
Сатылды ғазиз ұждан аз ақшаға,
Ғөлөмөті надандықтың емес пе бұл?
Волост, билік, ауылнайлық, выборнайлык
Қимайтұғын соншама падишаһлық па?
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты казак жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылык жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мүғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уакытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыкка үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып түрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шық- ты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
[өңдеу]Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады
46) Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.
Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды
47) Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды. [1]
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар:
Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;
Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.
Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.
Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.
1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.
1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.
Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.
1918 жылы 23 наурызда Орал қазақ-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.
Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды.
1918 жылы жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды.
1918 жылының аяғы мен 1918 жылының басында Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы
1918 жылы тамыз және 1919 жылы қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады.
1919 жылы орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді.
Қызыл армияның Түркістан майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады.
Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.
1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды
48)И нтервенция мен азамат соғысының басталу себептері.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.

Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.


Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).


Интервенттердің негізгі мақсаты:


1) Большевизмді қоршауға алып, жою.
2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді көздеді.
3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.
4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды.
5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация жасау әрекеті де көздеді.

Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.


Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.


1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.


1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.


Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.


1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.


Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.


1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.


Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.


1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.


1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.


1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.


1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.


1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.


1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.


1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.


1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.


Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.


1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.


1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.


1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.


Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.


Черкасск қорғасының тарихи маңызы:


- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;


- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.


Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.


Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.


Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.


Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.


Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.


Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.


Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.


1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.


1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.


1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.


1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.


1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.


Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.


1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.


Азамат соғысының салдарлары:


1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты


2) Мал саны күрт азайды


3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.


4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.


Әскери коммунизм саясаты:


Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.


«Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:


1) Азық – түлік салғырты енгізілді.
2) Жеке саудаға тыйым салынды.
3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6) Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.


Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.


Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді.


Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.


1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.


Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.


Қазақ АКСР – інің құрылуы.


1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.


Казревком міндеттері:


1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.

1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі қабылданды.


Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:


- «Ұшқын» газетін шығарды.
- Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.

- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.


1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.


1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды. Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.


Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:


1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
49) 1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).

1920ж. 4-12 қазанында Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (Қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік Республикасы еңбекшілері хұқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін КазАССР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, кызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Мендешевті бас етіп, Орталық атқару комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.


1924ж. қазанында Қазақстан территориясы мен Орта Азияның территориясының межеленуі өткізілді. Тарихи бойынша қалыптасқан қазақтар мекендеген аумақтары енді КАССР құрамына кірді. Бұрынғы Түркістан, Хорезм, Хиуа республикалардың 40% территориясы 1,5 млн адамдарымен КАССР аумағына кірді. Қазақстан территориясы 2,8 млн. км2 дейін кеңейді. Республиканың мөлшері РСФСР-дан кейін екінші орын алды. Қазақстан шекарасы 2200 км дейін өсті. Оңтүстік тұрғындардан саны 4,8млн-нан 6,5 млн-ға дейін көбейді. Қазақтардын саны – 59,9%.


Кеңес ұлттық-мемлекеттік құрылысы 1936ж. желтоқсанында аяқталды.СССР Конституция бойынша Қазақстан АССР кеңестік республикасына өзгертілінген. Бірақ Қазақстан сол қалпы құқықсыз, қатан түрде орталыққа бағынған СССР құрамындағы республика болып қалған.


Социалистік қурылыс. Ақгвардияшылардан босатылған жерлерде Кеңес екіметі қайта қалпына келтірілді. Кеңес екіметін қалпына келтіру барысында 1919 ж. 10 шілде РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет қүрылды. Оның алғашқы қүрылымына С. Пестковсжй (төраға), А. Байтүрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Түнғаншин, С.Мендешов, Б.Каратаев енді.
Казревком Қазақстанда бүкіл вскери-азаматтық басқаруды ез қолына жинақтап, қазақ жерін бір ортаға жинауға, армияны, орталықты азық- түлікпен жабдықтауға, 1\:оғыс коммунизм" саясатын жүзеге асыруға тиіс болды. Тоғыс коммунизм" саясатының негізі - армия мен қалаларды азық- түлікпен қамтамасыз етудің төтенше жағдайын енгізу, товарлы-ақша қатынасын доғару, бүкіл өндіріс орындарын национализациялау, азық-түлік салғыртын енгізу, жаппай еңбекке міндеткерлік пен бүкіл елге басшылықты мүмкіншілігінше бір орталыққа орталықтандыру болды.
Казревком 15 ай жүмыс істеп, қазақ халқының кеңестік автономиясын қүру жолындағы әзірлік жүмыстарын да жүзеге асырды. 1920 ж. 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында 1Кьірғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын қүру туралы" Декрет қабылдады. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен алғашқы Қазақстан Кеңестерінің Күрылтай съезі Кырғыз (Қазақ) Кеңестік республикасын қүрып, В. Радус-Зеньковичті бас етіп етіп халық комиссарлары Кеңесін, С. Мендешевті бас етіп Орталық Атқару Комитетін сайлады.
50) Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
Империалистік соғыс пен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда елдеқайда ауыр болды. Қазақстанның мемлекет иелігіне алынған 307 квсіпорынның 250-і жүмыс істемеді. 1913 ж. салыстырғанда Қазақстанда мүнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін ендіру 5 есе қысқарды. Егістік келемі1914 ж. 3,6 десятинадан, 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға дейін, мал басы осы екі аралықта 10,3 млн. басқа азайды. Осының салдарынан 1921-1922 жж. Орынбор губерниясында 445 мың адам, Қостанай губерниясында- 225 мың Оралда - 400 мың Ақтөбеде - 360 мың Бөкей губерниясында - 100 мың адам аштыққа үшырады.
"Соғыс коммунизм" саясатына сай жүзеге асырылған шаралар халықтың наразылығын күшейте түсті. Азамат соғысы жылдары азық-түлік салғырты жүзеге асырылып, шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлігі ескер мен өндіріс орындарындағы жүмысшылар үшін күшпен өтеусіз алынды. Бүл жағдай бүкіл елде шаруалардың наразылығын туғызып, Қазақстанда Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына себеп болды.
Наразылықтың күшеюі амалсыздан Кеңес өкіметін уақытша 1,вскери коммунизм" саясатынан бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге межбүр етті. Партияның 1921 ж. наурызда өткен X съезі жаңа экономикалық саясатқа кешу, азық-түлік салғыртын азықт-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылдады. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рүхсат берілді, ауылшаруашылық, несие және түтыну кооперациясын үйымдастыруға қолдаушылық керсетілді. Еңбекке міндеткерлік жойылды. Ұсақ квсіпорындар жеке адамдарға, кооперативтерге жалға берілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Шаруалар басы артық енімдерін қалаға апарып сатуға мүмкіндік алды.
Жер-су реформасы. Қазақ республикасы патша өкіметінің жер мәселесі жөніндегі саясатының ауыр зардаптарын жоюға бағытталған шараларды қолға алды. 1921 ж. сәуірде кезінде патша өкіметі Сібір мен Орал әскерлеріне берген жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет қабылданды. Декрет бойынша қазақ шаруаларына Ертіс өңірінен 177 мың десятина, Жайықтың сол жақ жағалауынан 203 мың десятина, Жетісуда 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге бүрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскелерінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін 1 млн. десятинадан астам жер қоры қүрылды. Декрет 1913 ж. Қытайға кеткен 300 мың босқынның қайтып оралуына жағдай жасады. Алайда, реформаны жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателікгер мен бүрмалауға жол берілді. Ұлт араздығы орын алды. Жер-су реформасын жүзеге асыруға 1921 ж. қүрылған "Қосшы" одағы тартылды.
Жаңа экномикалық саясат кеп үзамай-ақ республика экономикасын кетеруге езінің игі әсерін тигізді. 1925 ж. егістік келемі 3 млн. гектарға жақындап, 92 млн. пүт астық жиналды, бүл 1914 ж. сәл ғана кем еді. Мал саны 1922 ж. салыстырғанда 2 есе өсті. Сауда саттық жанданып, 1926 ж. өлкеде 123 жәрмеңке жүмыс істеді. Республика экономикасы кеп укпадты сипат ала бастады. Меншіктің әр алуан түрлерінің қатар өмір сүруі, олардың өзара бәсекелестігімен бірін-бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізді. Республика енерквсібі де біртіндеп еңсесін кетере бастады. 1925 ж. аяғына қарай республикада енерквсіп өнімін өндіру 1920 ж. салыстырғанда 5-6 есе есіп, соғыстан бүрынғы деңгейдің үштен екісіне жетті. Бірақта, екінішке орай, мүндай жағдай ұзаққа созылмады. Өйткені, 20-шы жылдың екінші жартысынан биліктен айырылып қалудан қорыққан Кеңес екіметі жаңа экономикалық саясаттан бас тартып, қайтадан басқарудың вкімшілдік жолдарына көшті.
Осы түста 1924 ж. Орта Азия республикаларын үлттық-мемлекеттік межелеу жүзеге асырылып Түрікстан АКСР-нің құрамында болған Жетісу мен Сырдария обылыстарының жерлері Қазақ АКСР-не қайтарылды. Соның нвтижесінде, бір жағынан қазақ жерлері қайтарылып, Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға, ал халқы 1 млн. 463 724 адамға өссе, екінші жағынан Орынбор губерниясы Ресейге қосылды. Астана Орынбордан Қызылордаға көшті. 1925 ж. ақпанда қазақ обылыстық партия комитеті өлкелік партия комитеті болып қайта қүрылды.
51) Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.[1] Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

А.Байтұрсынов


М.Дулатов
Ә.Бөкейханов

Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.


Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.


Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.[1]
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған., Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі. Шығармалары

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты. Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.[3]


Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Пси­хология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Ресми ақталуы

1988 жылы Шә­кәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Осы жылы ақынның “Жазу­шы” және “Жалын” баспа­сы­нан өлеңдер, ал “Өнер” бас­пасынан әндер жинақтары жарық кө­рді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.


Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педа­гогика институты мен Шә­кәрім атындағы Семей универ­си­тетінде шәкәрімтану ғылыми-зерт­теу орталықтары жұмыс іс­тейді. Сол орталықтардың күші­мен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жа­рық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрім­тану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.
[өңдеу]Шығармашылығы

«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:


52) Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі – Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан. ІІ Николай патшаның отбасын жазалағанда оның қатыгездігінен тіпті өз қаруластары қатты шошынған. 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қа­зақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Го­лощекин ұлтымыздың тең жартысын аш­тан қырды. Осы қылмысы үшін жазала­ну­дың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңе­сінің бас мемлекеттік төрешісі болып таға­йындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесіл­ген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голо­щекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.
«Кіші Қазан» курсы
Голощёкин Филипп Исаевич
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.
Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.
И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.
И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.
1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, калың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.
Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.
Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.
«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.
натын товарлардың жеткіліксіз дамуына алып келді. Азық-түліктен өзге тутынушы заттардың 60 %-ға жуығы сырттан тасып вкелініп отырды.
Тоталитарлық жүйе экономиканы жандандыруға бағытталған төменнен басталған көптеген бастамаларды квпшілік жағдайда туншықтырып тастап отырды. Басқару аппараты қысқармады, еңбек үжымдары өздерінің еңбегімен тапқан қаржыларын жутғсау дербестігінен айырылды. 1976-1935 жж. жыл сайын орта есеппен 165 мың енертапқыштық үсыныстары мен өтініштері келіп түсті. Бірақта шаруашылықтың қүрылымы ғылым мен техниканың жетістікгерін өндіріске енгізуге іс жүзінде кері всерін тигізді. Квсіпорындардыңүжымы жаңа техниканы игеруге ынталы болмады. Осының салдарынан 30-ші жылдардың ортасында өнерквсіптегі жумысшылардың үштен бірі, ал қүрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды.
Ведомстеолық бюрократияның вктемдігі, жоғарыдан, бір орталықтан қатаң вкімшілдік басқару, мемлекеттік меншіктің толық монополиясы, еңбекақы телеудегі теңгермешілік жумысшылардың белсенділігін темендетті. Еңбек үжымы жоспарлар мен жоғарғы мекемелердің нусқауын орындаушыға ғана айналды. Социалистік жарысты үйымдастыру да жалған, жасанды сипат алды. Осының барлығы жиналып 30-ші жылдардың ортасына қарай республика экономикасын күйзелістік жағдайға үшыратты.
Республика ауыл шаруашылығы. 70-30 жж. күйзелістік жағдай республика ауыл шаруашылығында да орын алды. Партия мен өкіметтің аграрлық саясаты, осыған сай экономикалық қатынастар ауыл еңбеккерлеріне қарсы сипатта болды. Шаруалардың экономикалық ынталанушылығына нуқсан келуі, оларды ез еңбегінің нәтижесінен алшақтату, колхоздар мен совхоздардағы басқарудың әміршіл-әкімшіл әдісі, колхоздық меншікті тежеу және мемлекеттік меншікті жасанды түрде жеделдету - ауыл шаруашылығының қажетті деңгейде дамымауының негізгі себептеріне айналды.

53) Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.


Алайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.


Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы "Правда" газетінде "Ұлы бетбұрыс" деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті.


Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді. «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.


Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бір үлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.


Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру көзінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп "жер аударылып" жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.


Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды.


Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.


Колдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру көзінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.


Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.


54) Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері. Қазакстандағы индустрияландыруға көшу және бірінші бесжылдық (1928-1932 жж) Қазақстаңцы индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оньщ Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдықта Қазақстанда негізінен екі сала: тау кен және ауылшаруашылығы, әсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі дамьщы. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады.

Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында республикада әлеуметгік-экономикалык жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне айналдырылған кәсіпорынның 250-і жұмыс істемейді. Егістік жердің көлемі қыскдрады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді. Соғыс қимылдарынан әсіресе өндіріс орындары зиян шекті. Ірі өндіріс орындарынан жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе азайды. Өндіріс орнындағы өндіріс құралдары, мұнай өндіру 4 есе қысқарды. Көптеген кен шығаратын жер және көмір шахталарьш су басқан еді немесе олар электр энергиясьшың бүзылуынан және құрал-жабдык,-тарының жетіспеуінен жұмыс істемеді. Жол катынастары (транспорт) әсіресе темір жол катынасы ете қиын жағдайда еді. Паравоздардың жартысынан көбісі күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпірлер қираған еді.


1920-1921 жылдары шаруашылықтың күйреуі жұтпен (мал шығыны) және 1921 жылдың қүрғақшылығымен жалғасты. Осының барлығы ашаршылыққа әкеп соқтырды. ВКП(б) XIV съезі (1925 жыл, желтоқсан) елімізді Социалистік индустриялауды іске асыру, міндетін белгіледі. Бұл жоспар бойынша Қазақстанды индустризациялаудың алғашқы көзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдың басқа да пайдалы қазбалардың бай кені жаңадан зерттеле бастаған еді. Сондықтан да жаңа өндіріс орындары темір жол күрылыстары көп жағдайда дайындыксыз жүргізідді. Бұл кезде экономикалық және геологиялық зерттеулер өлі қорытындыланбай тұрған кез еді. Жаңа құрылыстарға мамандалған жұмыс күші, құрылыс материалдары, техникалар және механизмдер, ақша қоры т.б. жетіспеді. Осылардың бәрі индустриализацияның қарқынын төмендетті және оны іске асыруды қиындатты. Қазақстанның индустриялык дамуының бірнеше ерекшеліктері болды. Әсіресе, мынадай қазып шығарушы салалары; мұнай шығару, көмір өндіру, түсті металдар шығару республикаға индустриясының ұзақ уақытгардағы көрінісін белгіледі. Осы кездерде Риддер және Қарсақбай өндіріс орындары, Ертістің мыс қорытатын заводы I калпына қайга келтіріліп, қайта құрылды. Шымкент қорғасы заводы, Балқаш мыс балқыту және Ащысай полиметалл Комбинатгары салынып, іске қосылды. Қарағанды бассейні Одақта үшінші отын қоймасы болып аталды. 1927 жылдың көктемінде Түркісіб қүрылысы басталды. Риддерді, Қарсақ-байды қалпына келтіру жұмысы қүлаш жайды. - Екінші ерекшелігі сол — Қазақстанның индустриялық дамуы басқа да республикалармен салыстырғанда аса үлкен Іуфқынмен жүргізілді. Тағы бір ерекшелігі — республикалық ёядіріс орындарь} шикізат өндірумен айналысты. Сондықтан да республика өзіне қажетгі затгардың жартысынан көбісіне көптеген машиналарды, металдан жасалған бұйымдарды, щбметті, агаш материалдарын сырттан әкелуге мәжбүр бодды: Индустрияның дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі әлеуметгік демографиялық өзгерістерге әкеліп соқтырды.


Жұмысшылардың басым көпшілігі орыстар мен украиндар болатын, жергілікті тұрғындар, негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын сақтады. Рулық қауымдастық өяеуметтік жіктелуге қатты кедергі жасады. Қазақ еңбекшшерінің жаңа қоғамға өтуі біраз уақытты талап етті. Алайда большевиктердің "революциялық-демократиялық" бағьпта жүргізген: ауылды кеңестендіру, жер-су реформасы, жерді қайта бөлу, бай мен жартылай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шаралары қазақ қауымдастығының діэсгүрлі емір-салтын бүзып, өлкедегі таптық жіктелуді Кушейтті. Әсіресе, рулық қатынастар мен патриархарлыққа қатгы соққы берілді. Аталған жәйттерді күшпен жүргізу ұлттық апатқа айналды.


.... Жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауылшаруашылыгын ұйымдастырудағы жіберілген өрескел қателер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін тигізді, аштық тудырды, өлкенің жергілікті тұрғындарының миграциялық процесін күшейтті. Егер 1926 жылы өлке тұрғындарының құрамында қала халқы 8,6 процент болса, отызыншы жылдардың аяғында олардың үлесі 29,8 процентке жетті. Алғашқы жылы қаладағы қазақ саны 77,6 мың болса, 1939 жьшы олардың саны бес есе өсті.


Олардың қала тұрғындары аралығындағы меншікті үлесі 14,3-тен 21,9 процентке дейін ұлғайды. Бұрын бұл цифрлар жаңа қоғамның өскелеңдік күшін көрсету көзінде қолда-нылатын. Алайда, миграция қарқынының өсуі қоғам дамуының ішкі зандылықтарынан гөрі, объекгивтік емес, волюнтаристік, кей кездері тіптен қылмысты шешімдерден туатын.


^ 6.Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы. Иңдустрияландыру саясатьш жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голо-щекиннің қылмысты ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (1925-1933 ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айнаддыру саясатын бұлжытпай жүргізді. Әңгіменің жөнін айтқан С.Сөдуақасүлы сияқты азаматтарға "ұлтшыл-уклонист" деген айдар тағып, қудалады. Жергіліюі халықтың дамуын ескермеген ол қазақтарды үлкен қырғынға ұшыратгы. Сонымен Бірінші бесжылдық жыдцарывда Қазақставда 1929-32 ж. Совет мемлекетінің республиканың халық шаруа-шылығына жүмсаған күрделі қаржысының көлемі 1,5 млрд. сомнан асты, оның 48%-і өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа жүмсалды. Бесжылдық ішінде Қазақстанда жаңадан салынған және жабдықталган 40-тан астам ірі заводтар мен фабрикалар, шахталар мен рудниктер және электр станциялары қатарға қосылды. Халық шаруашылығындағы өнеркәсіп өнімдерінің үлес салмағы 39,5%-ке жетті. Ауыр өнеркәсіпті, мұнай мен көмір өнеркәсібін, түсті металлур-гияны дамытуға бірінші кезекті көңіл бөлінді. Донбасс пен Кузбасс көмір өндірушілері Қарағавды бассейнін салуға, Баку мен Грозныйдың мұнайшылары Орал—Ембі мұнайлы ауданын игеруге көмектесті. Түркістан-Сібір магистралы, Лениногор полиметалл комбинаты т.б. ірі кәсіпорындар — Қазақстанның енеркәсіптік бейнесін айқындайды.


1-бесжылдық тұсында пайда болған республика индустриясы КСРО (СССР)-де социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономи-калық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосты.


Қорыта келгенде Қазақстанда индустрияландыру негізінен қазақ байларын тәркілеуден (конфискелеу) алынған мал-мүлкінің есебімен іске асты, оларды адамдық құқынан айыру, өзі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен қорқыту немесе "Тәрбиелеу мақсатывда" қамауға алу, үй-мүлкін конфискациялау, түрмеге жабу (ГУЛАГ) жалған атуды ұйымдастыру, ұрып-соғу т.б. 1930 жылдың 15 аурызында ЦИК-тің және СНТ, КАССР "Жартылай коллективтендіру және бай кулактармен күрес жүргізілген аудандарда социалистік ауылшаруашылығын нығайту жөніндегі қаулысы қабылданғаннан бір ай өткен соң-ақ қамауға алынған және сотқа берілгендердің саны 3113 адам, өзі тұрған аймақтан тыс жерде жер аударылғандардың саны 67бЗ адамға жетгі. Үй қожайыны қамауға алынды. Колымге немесе Коли түбегіне жер аударылды". Халық арасында ашаршылық болды. Одан 1,7 миллион шамасында қазақ тұрғындары қырғынға ұшырады. Бір мииллиондай адам Қазақстан территориясынан тысқары жерге көшіп кетті.


55) Қоғамдық-саяси өмір.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде шаруалардың бүқаралық үйымдары - қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комитеттері және оған біріккен түрлі одақтары елеулі орын алды. Шаруалардың бүқаралық үйымдары кооперативтік жвне влеуметтік-мвдени қүбылыстарға белсене араласты.
20ж. аяғы мен 30 ж. басында шаруалардың бүқаралық үйымдарының жасампаздық қызметі тоқтатылды. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи санасын, тарихи сананың иелері үлттық интеллигенцияны жоюға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асыра бастады. 20 жж. аяғында вуелі ұзақ жылдар бойы қазақтардың пайдаланып келген араб алфавиті латын алфавитімен, ал 1940 ж. кириллицамен алмастырылды. Әміршіл-вкімшіл жүйенің нығая түсуімен байланысты "Алаш" партиясына қатысқандарды, сондай-ақ, республиканың саяси-влеуметтік жвне экономикалық даму мвселелері бойынша өзіндік квзқарастары бар мемлекет қараткерлерін қудалау күшейе түсті. 1925 ж. Ф.И. Голощекиннің Қазақстанға келумен байланысты бүл қудалау ерекше қатаң сипат алды. 1927-1929 жж. вртүрлі сылтаулармен Т.Рысқүлов, С.Свдуақасов, Н.Иүрмақов, С.Кржанов, М.Мырзағалиев, Ж.О/лтанбеков жвне т.б. қызметтерінен босатылып, республикадан шеттетілді. 1923 ж. соңында 1'6уржуазияшыл үлтшылдар" деген жалған айыппен бүрынғы Алашорда қайраткерлерінің 44 адамы қамауға алынды. Олардың екінші тобы 1930 ж. қыркүйек айларында түтқындалды. Партияда бірнеше қайтара тазалау жүзеге асырылды.
Осындай жағдайда 1936 ж. 5 желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақ АКСР-ы Одақтас Республика болып қайта қүрылды. 1937 ж. 12 желтоқсанда Қазақстан Кеңестерінің X төтенше съезі Қазақ КСР-нің сталиндік Конституциясын қабылдады. Заң жүзінде Конституция барлық азаматтардың демократиялық еркіндік пен қүқықтарын мойындағанымен, іс жүзінде бүл ережелер өрескел бүрмаланып, 1937-1933 жж. көрнекгі мемлекет жвне қоғам, ғылым мен мвдениет қайраткерлері кінвсіз жазалаудың қүрбаны болды. Тек 1937 ж. ғана Қазақстан бойынша 106 мың адам НКВД-ның қармағына ілініп, оның 22 мыңы атылып кетті. Олардың отбасындағы вйелі мен балаларына дейін қудаланып, туған жерлерінен аластатылды.
56) Ұлы Отан соғысының ңарсаңы мен алғашңы кезеңіндегі Қазақстан.
30-жылдардың екінші жартысында Кеңестер Одағында жеке адамға табыну идеологиясы мен практикасы шырқау шегіне жетті. Елде сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Конституцияда қоғамның басшы үйытқысы ретіндегі Компартияның ролі нығайтылды, демократиялық еркіндік жарияланды, бірақ оған кепілдік берілмеді. Одақтас республикалардың мемлекеттік, экономикалық және мәдени қүрылыс міндеттерін шешуде іс жүзінде ешқандай дербес қүқықтары болмады.
1939 ж. өткен XVIII съезінде Коммунистік партия елдің индустриялық қуатын кеңейтуге, оның қорғаныс қабілетін нығайтуға бағыт алды. Үшінші бесжылдықта Қазақ КСР-не көрнекті орын беріліп, Карсақбай мыс балқыту заводын қайта қүру мен кеңейту, Жезқазған мыс балқыту заводын салу, Алтайда түсті металлургияны дамыту, Ембіде геологиялық жумыстарды жеделдету шаралары жузеге асырыла бастады. Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы да күшейе түсті. 1940 ж. колхоз, совхоз егістіктерінде 41 мыңнан астам тракгор, 11,8 мың астық комбинаты, 14 мындай жүк автомобилі жүмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС пен 194 совхозға шоғырланды. Осылайша, казармалық социализм туғызған келеңсіз жайттарға қарамастан, Қазақстан соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға взірленген болатын.
1941 ж. 22 маусымда фашистік Германияның вскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысына Қазақстан біртүтас елдің бір белігі ретінде қатысты. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы жүргізілген үгіт- насихат адамдарға зор ықпал жасап, оларды Отанды қорғауға жумылдыруға мүмкіндік вперді. Соғыс жылдары вскерге 1196164, еңбек армиясы мен арнаулы қүрылыс белімшелеріне 700 мыңнан астам қазақстандықтар алынды.
Республика экономикасы соғыс жағдайына кешіріліп, бейбіт мақсаттарға жүмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген квсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, шикізат жвне жүмысшы күші қайта бөлінді. Майдан шебінен 220 завод пен фабрика Қазақстанға көшіріліп вкеліп, олар көп үзамай өз өнімдерін бере бастады. 1941-1942 жж. Қазақстанға батыс аудандардан 532,5 мың адам көшіріліп, 970 мындай немістер мен поляктар, 507 мың балқарлар, чешендер мен ингуштар, 110 мың месхеттік түріктер, 130 мың Қырым татарлары жер аударылды. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін-ақ қиын болған үй мвселесі одан сайын күрделене түсті.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақстандықтар барлық майданда ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Мвскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың даңқы шықты. Мунда республикада жасақталған, құрамында Б.Момышүлы басқарған батальон бар, 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері жаудың бір танк жвне екі жаяу вскер дивизиясын талқандады. Дубосеково разъезі түбінде саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған 23-гвардияшы - панфиловшылар жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы түрды. Мвскеу түбіндегі шайқасқа панфиловшылармен бірге Қазақстанда жасақталған 233- ші дивизия жвне 39-шы атқыштар бригадасы қатысты.
Қазақстандықтар Ленинградты қорғауға да белсене араласты. 1941 ж. қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға "Ленинградтық еренім!" атты жырын арнады. 1942 ж. көкгемде қазақстандықтар азық-түлік жинаудың айлығын өткізіп, ленинградтықтарға 1423 т азық-түлік жіберді.
Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңі Мвскеу түбіндегі жау вскерінің жеңілуімен аяқталды. Гитлердің қауырт жоспары күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі женіндегі аңыз жоққа шықты.

12.2. Қазақстан Отан соғысының түбегейлі бетбұрыс және аяқталу кезеңінде.


1942 ж. жазындағы Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысы барысында бетбурыс кезең болды. Қазақстан Сталинград облысымен 500 км бойына шектесіп жатқан еді, сондықтанда Батыс Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Қэрғаныс заеодтары, көмір және мунай енерквсібі квсіпорындары толық қуатымен жүмыс істеді, майданда қираған техниканы күрделі жөндеуден өткізіп қатарға қосты. Ақтөбе авиация шеберханалары ай сайын 30 үшақ жвне 160 авиамотор шығарып отырды. Батыс Қазақстанның жеңіл өнерквсіп орындары Сталинград майданының тапсырысын орындады. Теңіз флотының қызметкерлері мүнай енімдерін тасуды 6 есе кебейтті.
Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 21,12 жвне 73-ші гвардиялық атқыштар, 292 жвне 337-ші атқыштар, 31-ші атты вскер дивизиялары, 74-ші теңіз атқыштар, 152-ші атқыштар бригадалары, 129-шы миномет полкі мен 156-шы жеке кепір құрылысы батальоны қатысты. 1942 ж. 19 желтоқсанда үшқыш Иүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауданында болған вуе айқасында ез үшағын жау танкілерінің тобына бағыттап, серікгестерімен бірге ерлікпен қаза тапты. Ақын Жамбылдыңұлы Алғадай 7- ші гвардиялық атты вскер дивизиясында пулемет расчетін басқара жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.
Станлинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбүрысқа шешуші үлес қосып, Германияның жеңілісін жақындата түсті. Қазақстандық жауынгерлер Курск иінінде, Днепр, Ленинград шайқастарында да жанқиярлықпен соғысты. Қазақстанның мындаған екілдері Украинаны, Белоруссияны, Балтық жағалауы республикаларын, Молдавияны азат ету жолындағы үрыстарға қатысты. Курск иіні мен Днепр шайқастарындағы ерлігі үшін ғана 123 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа да белсене араласты. Толық емес мвліметтер бойынша Украина мен Белоруссияда 3000-дай, Ленинград обылысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, қарсыласу қозғалысына 300-дей қазақстандықтар қатысқан.
Ұлы Отан соғысының түбегейлі бетбүрысына Қазақстан еңбекшілері де үлкен үлес қосты. Майданға аттанған жүмысшылардың орнын вйелдер мен балалар басты. Солардың қажырлы еңбегінің нвтижесінде жаңадан ондаған квсіпорындар іске қосылып, бүрыннан істеп түрған квсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Солардың қатарында 1943 ж. республикадағы қара металлургия өндірісінің түңғышы Ақтвбе ферросплав зауыты іске қосылып, енім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты, Шымкент дврі-дврмек зауыты іске қосылды. Төміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Алматыда, Қарағандыда, Шымкентте машина жасау заводтары вз енімдерін үлғайта түсті. Республикада Одақта шығатын мыстың 30%, полиметалл рудасының 70%, қорғасынның 35% өндірілді.
Республиканың ауыл шаруашылығы да соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Тары өсірудің шебері - Ш. Берсиев, атақты күрішшілер Ы.Жақаев пен Ким Ман Сам, астықтан мол өнім алудың үздікгері М.Сатыбалдина, А. Дацкова, Н.Алпысбаева жвне т.б. еңбекте ерліктің үлгісін керсетті.
Жауды жеңуге республиканың зиялылары да ездерінің үлкен үлесін қосты. Олардың қатары Кеңестер Одағының батыс аудандарынан уақытша кешіп келіп паналаған ғылым жвне мвдениет екілдерімен толықтырылды.
Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мвселелерін, табиғи байлықтарын зерттеп, соның негізінде жасалған үсыныстарды іске асыруға академик В.Л.Комаров бастаған КСРО Рылым академиясы комиссиясының қосқан үлесі айтарлықтай болды. Оның жүмысына Қ.И.Свтбаев басқарған республиканың 100-ден аса ғалымдары қатысты.
Қазақстанның 90-ға жуық жазушылары мен ақындары соғыс майдандарында шайқасты. Партизан Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңызьГ, М.Әуезовтың "Абай жольГ эпопеясының бірінші кітабы, С. Мүқановтың "Өмір мектебГ, Р. Мүсіреповтың 1'Қазақ содатьГ, Р. Мүстафиннің ЧУығанақ" повесі қазақ вдебиетінің влемдік арнаға шығуына кемектесті. Өнер шеберлері майдан шебінде мыңнан астам концерт көрсетті.
Республика түрғындары ездерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар, жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Өздерінің жеке қаражаттарына танк колонналары мен авиаэскадриялар жасақтады. Қазақстандықтар жаудан азат етілген 12 қала мен 45 ауданды қамқорлыққа алып, оларға халық шаруашылығын қалпына келтіруге көмек көрсетті.
Соғыстың аяқталу кезеңінде қазақстандықтар Кеңес вскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын азат ету соғысына қатысып, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов Рейхстаг қабырғасына жеңіс жалауын тікті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан өкілдері Квантунь армиясына қарсы шайқасты.
Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікгері үшін мындаған қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды. 513 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос жүлдызы - Әлия Молдағүлова мен Мвншүк Мвметова болды.
Жапонияның жеңілуімен Ұлы Отан соғысы жвне екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Соғыс бүкіл адамзат баласына үлкен қайғы-қасірет алып келді. Кеңестер Одағында ғана 27 млн. астам адам мерт болды. Олардың шамамен 410 мыңы қазақстандықтар.
57) Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі. Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қазатапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия - кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сезі бүкіл майданғатарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.


М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.


Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.


Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.


Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатыстыЛенинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одагының батыры атанды.


Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.


1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.


^ 3.Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.


Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы


1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.


1942 жылы күзде Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.


1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев жерінде жау ұшағы пайда болғаннан кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев облысының барлықжерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.


Кешікпей қазан айында Орал әуе шабуылынан қорғанатын майдан өңіріне айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.


Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.


Сталинград майданының көптеген әскери белімдері, материалдық, техникалықбазалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.


Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден етті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшаққұрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан


Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясыт.б. Сталинградтықорғауғақатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.


Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиуллин, М.А. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери белімдері жауды талқан-дау барысында көп үлес қосты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына кұлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.


Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А.А. Бельгин ездерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасыңдағы ірі операцияларда шешуші рөл аткарды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.


^ 4.Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған қазақстандықтардың қатысуы. Кеңестер Одағының жерін фашистерден тазарта отырып, Қызыл Армия батысқа қарай бет алды. Оның құрамында көптеген қазақстандықтар болды. Еліміздің батысындағы Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы елдерді азат етудің маңызы зор болды. Бұған қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Украинада Днепр маңындағы соғыста Г. Айтықов пен Қ. Аухадиев те Кеңестер Одағының батыры атагына ие болды. Ал сол Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.


Қызыл Армия құрамындағы қазақстандықтар Польша мен Венгрияны, Волгария мен Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары атанды.


^ 5.Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.


Партизан қозғалысы да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.


1945 жылы Қызыл Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.


1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды.


1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.


58) Ұлы Отан соғысының зардаптары.


Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бүл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.
[өңдеу]Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.

20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.


[өңдеу]Қазақстан - лагерьлер өлкесі.


20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті. 1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұканов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады. Тек кана 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды.
[өңдеу]Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.


1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді.
[өңдеу]Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.


Соғыстан кейінгі қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан. құылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі, КСРО Ішкі істер халқомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметшің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскұнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды JI. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды. И. В. Сталиннің өлімі және JI. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРО-да өмір сүрген катаң тәртіптің қара түнек кезеңі аяқталды. Берия ісінен жасалған маңызды саяси қорытынды - жеке баска табынуға жол бермеу және оның зияндылығын ресми түрде мойындау болды. Тек осындай жағдайда ғана жоғарғы партиялык және мемлекеттік қызметтерге JI. Берия сияқты кездейсоқ адамдардың өтіп кетуі мүмкін болатын еді. Сол кезде айтылғандай марксизм-ленинизм рухына жат жеке басқа табынушылык идеологиясын іс-тәжірибеден түп тамырымен жою ОК Пленумынан кейін жарияланған «Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына елу жыл» (1903- 1953) кұжатында маңызды міндет болып танылды. Одан әрі демократиялық қайта кұру үрдісі неғұрлым белсенді ете бастады. Алайда И. Сталинның өлімі ол кұрған әміршіл-әкімшіл жүйенің толық талқандалуын қамтамасыз етті дегенді білдірген жоқ. Мыңдаған сотталғандар бұрынғыша лагерьлерде қалып қойды, Сталиннің өзі сияқты адам қүкықтарының бұзылуына қатысы бар көптеген саяси қайраткерлер (В. Молотов, К. Ворошилов, JI. Каганович т. б.) жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқара берді. 1950 жылдың басында КСРО- дағы түрмелерде 5,5 млн-дай тұтқындар болды. И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. JI. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті.
[өңдеу]1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар.

Қоғамдық ойдағы екі бағыттың куресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - 1956 жылгы ақпандагы КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нүсқауларымен анықталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау, догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бүл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптауы болды. КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы


Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы
Экономика Қоғамдық өмір Прогресшіл бастамалар
демократияландыру үрдісі
«Хрущевтік жылымың»
енеркәсіпті қарқынды түрде дамытутың және тыңайған жерлерді игеру әскери-өнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету
әскери блоктар кұру, шағын соғыстар |
жазықсыз жазаға үшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді
репрессияға ұшыраған халықтар қүкы қалпына келтірілмеді
«жоғарыдан - төменге» басқару әдісі сақталды
басқаша ойлайтындар айыпқа тартылды |
Сталиннің жеке басына табыну айыпталды
1954-1956 жылдары республикаларға аздаған жеңілдіктер жасалды
тоталитарлық режимнің құрбандарын ақтау үрдісі басталды
Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке баска табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКПОК-нің «Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы дайындалды. Онда жеке баска табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте'алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бүл мәтін кебейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ак шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б.) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапкан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны чешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді. 1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі кәтерілісі катал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайкас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта калуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.
[өңдеу]Республиканың 50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі.


Кеңес өкіметі мен КОКПОК1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республиқалардың құқыгын кеңейтуге бағытталған шаралардың тутас кешенін жургізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жузінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т. б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай саяси басқаша ойлау да қатал басыпжаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси құдалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мүғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М. Елікбаевтың тағдыры. Ол Н. С. Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бүзу, үлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылыктар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылыктар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштык жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жәнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н. С. Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мөдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының өсері де тиді. Олқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау женіндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н. С. Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік коғам құрылысын кең келемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға ерескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т. б. айтқан еді. Өкінішке карай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жуйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялык байланысқа түсті. Бүл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістін бәсеңдеуі КСРО-ның хальқтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар кетеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметгік-таптық құрылымында терең езгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жүмысшылардық, шаруалардық, зиялылардық үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, үйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсак ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық белігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең келемді жүмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының ара сындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ үлты елдін 85%-ы еді. Бүл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктершің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
[өңдеу]Кеңестік коғамның әлеуметтік проблемалары.

Теміртаудағы толқылар. Сталиннің өлімінен кейінгі алғашқы жылдары үкіметтің ішкі саясатында адамдардың кажеттіліктеріне карай бет бұру сарыны байқалды. Бүл Сталин қайтыс болғаннан кейінгі төртінші күні Мавзолей мінбесінен Г. М. Маленковтың сейлеген сезінен айқын көрінді, ол жүмысшылардың, колхозшылар мен зиялылардың материалдық хал-ахуалын үнемі жақсартып отыруға қол жеткізу - партия мен үкімет үшін заң болып есептелінетінін жариялады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1953 жылғы тамыздағы мәжілісі мен КОКП ОК- нің қыркүйектегі (1953) Пленумында қуатталып, одан әрі дамытылған бұл міндетті жүзеге асыру еңбекшілердің экономикалық мүдделерін барынша есепке алуға, шаруашылық жүргізудің қолайлы экономикалық, әдістерін қолдануға бағытталды. Бірақ болашағы зор жаңа саяси шешімдер жүзеге асырылмады. Әкімшілік жүйенің әрекет етуі жағдайында басқаша болуы мүмкін емес еді. Экономиканы экстенсивті сипатта дамыту бағыты республиканы шикі зат шылауы ретінде пайдалануға әкеп сокты. Республика аумағында жаңа өнеркәсіп алыптарын сала отырып орталық ведомстволар, одақтық министрліктер оның әлеуметтік базасының дамуы мен экологиялық тепе -теңдікті сақтауға көңіл белмеді. Әлеуметтік проблемаларга осындай селқос көзқарас өз ізін қалдырды. Үлкен наразылықтың бұрқ етуі 1959 жылы жазда болып өтті. Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланып, 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Келесі жылы бүған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірак олар жетіспегендіктен жұмысшыларды палаткаларға орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындықтар, ауыз судың жетіспеупшілігі, нашар ұйымдастырылған тамақтандыру адамдардың занды наразылығын туғызды. Жұмыссыз тұрып калу да жиі қайталанды. Әлеуметтік жарылыс үшін қандай да бір сылтау керек болды. Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының коғамдық тамақтандыру нысандарына шабуыл жасауы болды. Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп тәртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке карай жүмысшылардың наразылығын кылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Толық дүкендерді, базарды, өмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәртіпсіздіктер үш күндей жалғасты. Шектен шығудық алдын алу үшін әскер әкелініп, қару қолданылды. Төртіпсіздікке қатысқандардың ішінде қаза тапқандар, әскери қызметшілер мен милицияның арасында жараланғандар болды. Тәртіпсіздіктерге мұрындық болғандар сотталды. Алайда Новочеркасскіде, Теміртауда, тағы баска да жерлерде болған оқиғалар республика мен ел басшылығының коғамның одан әрі дамуына деген көзкарастарың қайта қарастыруға мәжбүр етпеді.


[өңдеу]Халықаралық жағдайдың шиеленісуі.


1951 жылы 12 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі соғысты насихаттауды адамзатқа қарсы ең ауыр қылмыс деп жариялаған бейбітшілікті қорғау жөніндегі заң қабылдады. Ішінде 4 млн қазақстандық болған 118 млн кеңес азаматтары ұлы державалар арасында Бейбітшілік пактісі жөніндегі Үндеуге қол қойды. Кеңес қарулы күштерінің саны 1 млн 200 мың адамға қысқартылды. Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынастар қалпына келтірілді. КСРО герман мәселесін шешу жәнінде бірқатар бастамалар көтерді. 1959 жылы күзде екі ұлы держава - КСРО мен АҚШ үкіметтері басшыларының арасында келіссездер болып өтті. Қазақстанның шет елдермен, әсіресе бейбітшілік сүйгіп саясат ұстанып отырған, отарлык бұғаудан азат Шығыс елдері - Үндістанмен, Индонезиямен, Бирмамен (казіргі Мьянма), Непалмен және ҚХР-мен байланыстары кеңейе түсті. Қазақстан мен Қытай арасында көршілік тату қатынастардың орнатылуы ҚХР-да түратын үйғырлар мен қазақ халқының ірі қауымдастығының, өмірінде қолайлы рел атқарды. КСРО мен ҚХР арасында мәдени және сауда қатынастары кеңейді. Мыңдаған Қытай жастары КСРО-да, оның ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алды. КСРО-дан барған көптеген студенттер, аспиранттар Пекинде оқыды. Қазақстанда бұл кезеңде шетелдік мәдениет пен өнердің, кәсіп одақтардың көптеген делегациялары, Үндістанның премьер-министрі Дж.Неру мен президенті С. Радхакришнан, тағы баска да мемлекет басшылары болып қайтты. Қазақстанның өсіп келе жаткан экономикалық куаты оның 50-жылдардың екінші жартысында шетелдік әріптестерімен сыртқы сауданы жандандыруына мүмкіндік берді. Түсті металлдар, металлургиялық қүрал-жабдықтар, машина жасау мен химия өнеркәсібінің енімдері Чехословакияға, Румынияға, Үндістанға т. б. елдерге шығарыла бастады. Өз кезегінде Қазақстан сырттан, әсіресе социалистік елдерден өнеркәсіп тауарларын көбірек ала бастады. Біртіндеп туристер мен делегациялар алмасу жолға қойылды. 1955 жылы Қазақстанда 185 делегация, ал 1957 жылы дүние жүзінің 23 елінен 500-дей делегация болып қайтты. Алайда КСРО-ның партиялық-саяси басшылығы сталиндік дәуірдің мұрасын соңына дейін жоя алмады. Мұндай сабақтастық сыртқы саясат қызметін демократияландыру жолында қиыншылықтарға әкеп сокты. Дүние жүзі бұрынғыша бірнеше топка бөлінді. Мүндай бөлінудегі басым бағыт - КСРО мен АҚШ-тың, олардың одак-тастарының бір-біріне қарама-қарсы тұруы болды. Неғұрлым қуатты мемлекеттердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуі бірнеше әскери-саяси топтардың: Батыс Еуропалық одак, СЕАТО, Бағдат пактісінің құрылуына әкеп соқты. 1955 жылы біркатар социалистік мемлекеттер өздерінің әскери-саяси одағы - Варшава Шартын құрды. Мұндай саясат жаппай қаруланудан, өз елінің аумағында, одан тыс жерлерде ірі әскери базалар құрудан өз керінісін тапты. Экономиканы жедел қарқынмен милитарландыру жургізілді. Ол қогамдық өмірдегі соғыс елесі алдындагы қорқыныш, шексіз көпәскери жиындар мен оқу-жаттығулар, орасан зор шығындармен қатар журді. Саяси қарама-қарсы тұрушылық ядролық соғыстың шығуы үшін жағдайлар жасады. Жағдай 1962 жылы жазда Кеңес Одағы Кубада АҚШ аумағына бағытталған зымыран қондырғыларын орнатуға шешім қабылдаған сон, бұрынғыдан әрі шиеленісе түсті. Кеңес жағы өз әрекетін сол кездегі езінің одақтасы Фидель Кастро бастаған Кубаны қорғау мен оның қорғаныс қабілетін арттырумен түсіндірмек болды. Кеңес зымырандары аралға құпия жағдайда жеткізілді. Оладың орналасқан жерін анықтаған АҚШ бұның өз қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескеріп, теңіз блокадасын жариялады. Екі жақтан да жауынгерлік ұрандар кәтерілді. КСРО мен АҚШ қарулы күштері шұғыл түрде толык жауынгерлік дайындық дәрежесіне көлтірілді. 28 қазанда екі ел басшылары Н. С. Хрущев пен Джон Кеннедидің арасында келісімге келу шарттары жасалған соң ғана, бүкіл әлем еркін тыныстады. КСРО өз зымырандарын алып кетуге келіссе, американдықтар өздеріне Кубага баса-көктеп кіруден бас тартқан міндеттеме алды. Бүл - куатты әрі күшті мемлекеттердің арасындағы соғыс кауігін болғызбау жолындағы келісім жолдарын іздеудін жақсы үлгісі болды. Кариб дағдарысын ойдағыдай шешу 1963 жылы тамызда Мәскеуде атмосферада, ғарыш пен су астында ядролық сынақтар жүргізуге тыйым салу жөніндегі Шартты жасауға жеткізді. Ревизионизм, космополитизм, ұлы державалар, 1962 жылғы Кариб дағдарысы, отарлық саясат, Варшава Шарты Үйымы. 1962 жылғы Кариб дағдарысы - Кубаға қарсы АҚШ-тың агрессия шыл әрекеттеріне байланысты халықаралық жағдайдың күрт шиеленісуі. АҚШ тарапынан күшейіп отырған интервенция қаупіне алаңдаған Куба үкіметі КСРО-ға көмек беруін өтініп, онымен Кубада зымыран қаруын орналастыру женінде келісім жасады. КСРО мен АҚШ мемлекеттері басшыларының тікелей сүхбаттарының нәтижесінде Кариб дағдарысы мен Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі жойылды. КСРО Кубадан зымырандарын алып кетті, ал АҚШ аралды блокадаға алуды жойып, Кубаға шабуыл жасамауға міндеттеме алды. Отарлық саясат - экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және құлдану саясаты. Варшава Шарты Үйымы - 1955 жылы Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО мен Чехословакияның қатысуымен социалистік мемлекеттерді қорғау, Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған ұйым. 1968 жылы Албания ұйым мүшелігінен шықты. Варшава Шартының құрылуы - империалистік державалардың әскери-саяси блогі - НАТО-ның құрылуына жауап шара болып есептеледі. 1991 жылы 1 шілдеде Варшава Шарты Үйымы таратылды.
Ракеталық космостық техника - жерді табиғи-климаттық, экологиялық және шаруашылық жағдайына зиянды әсер етуші факторлардың бірі. Дүние жүзінде 17 ғарыш аймағы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында Байқоңыр ғарыш айлағы мен Сарышаған полигоны жұмыс істейді.


Семей өңірінің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ никель 50 РЗШ, т.б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.


Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролык қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында - 4207,5; Атырау -1635,3; Шығыс Қазақстан -11,1; Жамбыл - 2576,1; Жезқазған -4900; Батыс Қазақстан - 1558,8; Орталық Қазақстан - 1,9,6; Маңғыстау - 21,4; Павлодар - 717,0; Оңтүстік Қазақстан - 8,1; Семей - 941,2 мың га жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз етті.


Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Манғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда -4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында радиактивті элементтер: кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғасын - 80 және нитрат - 8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен.


Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар дүниесіне бұрын соңды болмаған залалдар келді.


Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының "Тайсойған", Балқаш көлі маңында "Ташкен - 4" және "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета "қоқыстарымен" ластанған.


Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигон-дарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының -190 га, Жезқазған облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3,0, Оңтүстік Қазақстан облысының - 2 гектар жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мсн ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады. Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктсрге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда -500-ден астам жарылыс жасалған.


Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бом-басының зардабы айтпаса да түсінікті болар .


Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі обылыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.


Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.


Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол -Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет