Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар


[өңдеу]Суарылған ядролық темірмен



бет19/39
Дата01.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#194491
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
S 1241 tttilik 33 33 33

[өңдеу]Суарылған ядролық темірмен


Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.
Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.
[өңдеу]Невада - Семей


Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
59) Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.


1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.


Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.


1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.


1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.


Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.


Республиканың индустриялық дамуы.


Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.


Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.


1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.


1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.


КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.


1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару


2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері

1957 жылғы реформаның кемшіліктері :


1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.


Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.


Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.


Ауыл шаруашылығы


1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.


Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.


1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.


1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.


Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.


1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.


1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.


Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;


1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).


2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.


Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.


1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.


2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.

6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.


7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
60) .«Тың және тыңайған» жерлерді игеру. Тыңды қып- қызыл зиянын санап, қазаққа жасаған қиянатын де білетіндер де баршылық. « Тың игеру жылдарында жыртылмай қалған жерлер, ата қонысынан айырмаған ел қалмады. Жерді тоздырды, елді бұзды. Малдың өрісін тарылтты. Орысты қаптатып, қазақ өз жеріне өзі кірме болып қалды.

Тыңды игеруде бәрі де – жақсы да, жаман да болды. Пайдасымен бірге зияныда болды. Соның қайсысы басым түскенін уақыт өткен соң таразылап, талдап байқасақ бір ғана мақтауға немесе даттауға келмейді. Тың игеру- шындығында, заманның күрделі құбылысы. Кең аймақта жүргізілген осы бір ұлы қозғалысқа сол кезде бүкіл ел, барлық халық араласты. Бір ғана ұлттың мүддесі, тіршілік қалпы ескеріліп жатпады. Онымен санасқан да жоқ. Осы кезде саясатта, экономика да осы талаптарға бағындырылғаны мәлім. Сөйтіп, қазақ жері «жүз тілді планетаға», «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Жергілікті тұрғындар мен жаңадан көшіп келгендердің бастапқыда өзара тіресуі- табиғи нәрсе.


Тың игерудің 1960 жылдарында республика бойынша 25 млн. 484 мың га тың және тыңайған жерлер игеріліпті. Яғни осыншама жердің « ішек- қарны ақтарылып» жыртылған екен. Тың игерудің салмағы қазақтарға ауыр тиді. Тыңның екпіні қатты еді. Барлық салада орыс тілі үстемдік етіп, қазақ тілінің қолдануы аясы тым тарылып кетті. Осы өлкедегі қазақ мектептері жабылуға айналды. Қазақтар өз балаларын орысша оқытуға мәжбүр болды. Егер біз біраз жылдар бұрын республикада 700- ге жуық қазақ мектептері жабылды десек, соның көбісі тың игеру көзінде осы өлкенің үлесіне тиді. Бұл аздай, сыншылдары республиканың солтүстіктеріндегі, тың игерген бес облысты барлық облыстық және аудандық қазақ газеттері жабылып, бір ғана « Тың өлкесі» газеті ғана шығарылды. Бұл жғдай да елді күйзелтті. Әдебиеттің, өнердің ұлттық таланттары да кеми түсті. Себебі өрістететін тілдік орта болмаған соң талантта тұмшаланып, тоқырайды. Ұлттық салт- дәстүр, тұрмыс өзінің сәнін шектеумен қатар жергілікті тұрғындар ежелгі дағдысынан ауытқып басқа жұрттың тұрмыс ыңғайына қарай бейімделді. Міне, тыңды игеруді айтқанда, көбіне осы жағдайлар еске түседі. Тыңның бізге бергені де көп. Тізіп айтсақ оның бәрі ұзақ әңгіме. Осы жылдар ішінде республиканың экономикалық қуаты артты. Өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының қай саласын алсақ та кері кеткен жоқ. 25-26 ақпан күндері Ақмола қаласында өткізілген тыңның 40 жылдығына арналған саяси- қоғамдық көзінде осының дұрыстығына көз жеткізгендей болдық. Республиканың түпкір- түпкірімен келген адамдар кездескен жерде бір-біріне « той құтты болсын» десті. Біз- той қадірін білетін халықпыз. Тының 40 жылдығын атау бізге, әсіресе өткендегі тарихты таразылап, әділ баға беру, тыңды игеруге қатысты. Белгілі бір көз қарастарды қалыптастыру, соны пікірлерге жол ашу үшін қажет екенін де түсіндік. Тың игерудің 40 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте жасаған баяндамасында республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев тың игеру тарихына тоқтала кетіп, бірталай шындықтың бетін ашып әділін айтты.


Сол кездерде жіберілген кемшіліктердің, оның зардаптарының кінәлісіде комунисті режим оның идиалогиясы, әкімшілдік- әміршілдік басқару жүйесі делінді. Сол кездің үгіт насихаты да сол жүйенің талабына толығымен қызмет етті. Бүгіндері осының бәрі белгілі жәйт секілді. Ал сол заманда шындықты айтуға батылымыз жетпей, білсек те, сезсек те ұзақ жылдар бойына үндемей немесе қол соғып қолпаштаумен келді. Республика президенті Н. Назарбаев, өзінің орынбасарларымен және бір қатар министрлермен бірге республика примьер- министрі Сергей Терещенко, республика ұлттық ғылым академиясының президенті Кенжнғали Сағадиев бастаған бір топ көрнекті ғалымдар, респуликада он тоғыз облыстың және барлық аудандардың әкімдері 1500-ге жуық колхоз бастықтары, совхоз директорлары, тың ардагерлері Ақмолаға келіп, екі күн бойына мәжіліс құрды. Осыдан артық бұл шараға қаншалаықты мән бергенін анықтауға болады. Жалпы, осы 40 жыл ішінде Ақмола қаласына кімдер келіп, кімдер кетпеді. Қаланың өзі тарихи атын өзгертіп Целиноград делініп, кейін қайтадан Ақмола деп атанды.


Заманның қалып өзгергені өсы екі күнде әр жайттан аңғарылып- ақ тұрды. Екі күн бойына 2500 мың адам қатысқан, үлкен келелі кеңестің орнына айналған тыңгерлер сарайында негізінде кімдер ғана сөз сөйлемеді. Бірінші күнгі салтанатты мәжілісте тыңдағы ерлік еңбек орынды бағаланды. Тың игеру жылдарында елде жерде жаңарды, астық молайып, мал басы көбейді. Қилы- қилы тағдырлар тың тоқайласып, бірлесіп еңбек етіп орнығып, өркен жайды. Сөйлеушілер қазақ халқының меймандастығын достыққа адалдығын айтты. Тың игеру көзінде бастапқы жұмыстар жоспарсыз ғылыми негізсіз жүргізілгені, қаншама алқаптың, жайылымдар мен шабындық бекерге жыртылғаны, соның салдарынан бүгіндері көп жер құнарсызданып тозғаны да, астық өнімінің кеңей түскенінің айтылмай қалмады. Бұл мәселе салтанатты мәжіліс болар алдында тәңертеңгілік өткізілген ғылыми- теориялық конференцияда кеңінен талқыланған да еді. Тыңгерлер сарайында екінші күні өткен сыроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесінде бүгінгі нарық қыспағының қиындықтары анық сезілді. Республика примьер министрі Сергей Терещенконың баяндамасы да, сөйлеушілердің сөздері де республика ауыл шаруашылығының қазіргі хал жағдайна арналды. Бұл жолғы әңгіменің тақырыбы да орын алған кемшіліктер төркіні де нарықтық экономика талаптарына тірелді.


Кеңесте көптеген мәселе қозғалды. Бәрінің айтатыны- экономиканың қазіргі ауыр халы, қымбатшылық, нарық қыспағы.


Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізген сырарлық саясытының бір көрінісі- тың және тыңайған жерлерді игеру. Сол арқылы экономиканың шешуші салаларының бірі- ауыл шаруашылығын дағдарыстан алып шығу міндеті алға қойылды.


КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылы қыркүйек айында өткен пленумда азық-түлікті молайту үшін ауыл-шаруашылығын барынша дамыту мәселесі қаралды. Осы пленумның шешіміне Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлердің көлемін анықтау, құнарлылық жағдайын тексеру мақсатында КСРО ғылым академисының топырақтану институты бас болып, ғылыми қызметкерлердің қатысуымен бригадалар ұйымдастырылды. Ғылыми экспедициялардың зерттеу қортындысы бойынша алтын өндіруден ірі базасын жасау мақсатында игі іске жарамды 20 млн. Гектар жер таңдап алынды. Қазақстандық ғылымдар қазақ жерінің табиғат жағдайын зерттей келе, топырақтың эрозияға бейімділігін дәлелдеп, жаңа жерлердің топырағын зерттеу және қажетті тыңайтқыштар қызметін анықтауды ұсынды. Өкінішке орай, бұл ұсыныстың дұрыстығы сол кезде ескерілмеді.


1954 жылы партияның Орталық Комитетінің ақпан-наурыз пленумының «Елімізде астық өндіруді одан ары арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысына сәйкес қысқа мерзім ішінде млн-ған га жерді игеріп, оның ішінде астық өндіруді күрт арттыру мақсатында қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының жайылымдық және шабындық жерлерінің табиғи тірлігі бұзылды, қазақ даласының табиғатына шабуыл басталды.


Алайда, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы ауыл шаруашылық өндірісін толық қамтамасыз ете алмады.Ауыл шаруашылығыныда қол жұмысы негізінен сақталып қалды, агротехникалық талаптар орындалады.


Тың игерудің идеологы Л.И. Брежневтың «біз тың жерге оны игеріп, қоныс табу үшін, астық алу үшін бардық» -деп ашық айтқан.Олардың партия саясатының бір жола қазақ даласына орнығуы еді.


Көптеген астық кеңшарларының атауы келімсек жұмысшылардың келген жерінен атымен- «Московский», «Бауманский», «Киевский», «Львовский» деп аталды.


Империяның солақай саясатын қолдаушылар: «Қазақ халқының бос жатқан жерлері игеріліп, әлеуметтік-эканомикалық және мәдени өміріне үлкен өзгерістер енгізіледі» деп насихаттады. Л.И. Брежнев өзінің Тың деген естелігінде: «Тың игеру қазақ халқының әлеуметтік-эканомикалық және мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкелді». «Нан болса, ән болады» деп мақтанышпен жазды. Тың игеру ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың экстенсивті тәсілі болған еді.


Тың игеру саясаты азық-түлік мәселесін шешу жолында уақытша дағдарысты баяулатқанымен ауыл шаруашылығының дамуы өскелең өмір талаптарын қанағаттандыра алмады.


Осы бір құдай қолдап егемен ел болғанда, ақпарат беттерінде өзіміздің кейбір ағайындарымыздың тың игеру заманын жер көкке мадақтап жазған мақалалары қиналтады.Дегенмен көргені мол, азаматтардың осы бұрмалаушылыққа тойтарыс берер, қарсы пікір жазар, сол бір қасіретті кезеңнің ақиқатын қопара ақтарар, шындықты білмей өскен кейінгі жастарымыздың көзін ашар деген ойда едім. Өкінішке қарай, уақыт өткен сайын ол ойым іске аспайтындай. Тіпті еті үйреніп кеткен бе, өзімізбен аралас-құралас жүрген бір журналист –жазушымыз: «Құдай-ау білмеппіз ғой, тың игеру жылдарында халқымызға көптеген игілікті дүниелер келген екен ғой»,-деп естігенде, мынау не айтып тұр деп таң-тамаша қалдым. Патша заманында елімізге қазақ орыстарды тоғытып, олар құнарлы жерімізді тартып алып, өзімізді бодан қылды. Кеңес өкіметі одан әрі қысым көрсетіп, 30-шы жылдары халқымызды әдейі аштыққа ұшыраиып қырып алғаны, қаңғытып жібергені, көш бастар серкелеріміздің көзін жойғаны өтірік пе? Ол аз қылғандай 1944 жылдың қысында елімізге тұс-тұстан түрлі ұлттарды қой айдағандай қылып тыққандарын неге ұмытуымыз керек? Оның үстіне 50-жылдардың басында тың игеру деген жалаумен қазақ жеріне түрмеде отырғандарды уақытынан бұрын босатып әкеліп , оңай ақша тапқысы келетіндерді сендей соғылыстырып, аз уақыттың ішінде 1.5 млн-дай адамды қазақ даласына қарай қаңбақша айдағаны, содан барып 1959 жылы халықымыз өз қарашаңырағы туған мекенінде соры қайнап 30 пайыздан аспай, аз халықтар санасында қалып келе-келе тілінен, дінінен айырылып, есеңгіреп, мәңгүрттей бастағаны қалай тез естен шықпақ. Адам болып жаратылған соң, негізгі мақсат тек қарын тойдырғанда болмаса керек. Мал емеспіз, ұлтымыздың төбесі әр жерден бір көрініп, селдіреп, қорлық пен мазақты қатар көре бастауы тың игеру көзінде анық байқалды.Сол 60-шы жылдарда ғой, «Целинный край» газетінде «Человек в ушанке») деп халқымызды қорлап, тіпті есекке де теңеп фельетон жазылғаны. Оны Ақмоладағы көнекөз қазақтар әлі ұмыта қоймаған шығар. Тың көтереміз деп келгендердің күні-түні арақтан көз ашпай мас күйінде қандастарымызды көргенде қуа жөнеліп, тепкінің астына алғаны ше?Ондай қорлыққа шыдай алмаған ағаларымыз жер-жерлерге қарсы шығып, бой көрсеткендерін, Мәселен Ақмола базарының ішінде үлкен ақсақалдарымыз шананың жетігін қару қылып сілтей жапырғандығын көзіміз көрген.


Сол уақыттағы Тың өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы Т.И.Соколовтың : «Қазақ халық емес,оларды немістермен будандастыру керек» деген сандырағын өзімізге айтқызу үшін қазақтың ішінен шыққан кейбір босбелбеу зиялысымақтарымызды сарнатып, оны іс жүзінде де асыра бастағанын қалай естен шығаруға болады?Олардың Қостанай обылысындағы қарындасымыз Д.Жақсылықоваға шошқа бақтырып, неміс жігітіне тұрмысқа шығарып, сол үшін Еңбек Ері атағын бергізуі соның айғағы.Бұл қарындасымыздың осындай қадамға баруын барша қазақ қыздарына үлгі етіп , мына апаларыңнан сендер де өнеге алыңдар дегендей ұран тасталып, көзқаман болып бара жатқан қазақ комсомол жеткіншілеріне , газет-журнал беттеріне мақалалар жазғызып шулатып, екілендіріп қойуы.


Ертеде халқымыз айтпаушыма еді: « ұл бала өсіріп отырып, болашақ жер иесін тәрбиелейміз, қыз бала өсіре отырып, болашақ ұлтымызды тәрбиелейміз»,- деп. Бұл ой Путарх еңбегенде де бар, сонда осыны сөз зер салсақ Т.И. Соколов секілділердің арам пиғылы ашыла түсіп, қазақ халқының тамырына балта сілтегенің аңғару қиынға соқпайды.


Тың өңірінде соңғы көзге дейін лауазымы жоғары қызметке шала қазақтардың тағайындалып, асығының алшысынан түсуі осы бір саясатқа байланысты болғандығын ұлт зиялылары жақсы біледі. Оның үстіне орталықтың неше түрлі халықтарды, ұлыстарды елімізге қойша тоғытып, мидай араластырып жіберуінің кесірінен басқа ұлтпен некелесіп тамырын солдырған, ұлтының мәдениетінен жұрдай, дінін, тілін білмейтін, тек төлқұжатында ғана қазақ деп жазылатындар пайда болды.


Тіпті әлгі Т.И.Соколов И.С. Хрущевпен ақылдаса отырып, Қазақстанның солтүстік өңіріндегі бес облысымызды Ресей Федерациясының құрамына қоса жаздағандарында естідік. Сол тұста бұрынғы Министрлер Кеңесінің төрағасы Жұмабай Ахмет ұлы Ташеновтың елі үшін, жері үшін, үлкен қызметін тәрк етіп, азаматтық сөзін айтқаннан намысы бар әр қазаққа ой салар, үлгі болар ғажайып батылдық, үлкен жүректілік емес пе.


Тың өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметінен босатар бюрода Т.И.Соколовтан: « Сен неге жергілікті ұлт кадрларын көтермедің»? деп сұрағанда ол: « Әр кадрды өзінің қабілетіне қарай жұмысқа көтереміз.Солпардың ішінде Әуелбеков пен Есмағанбетованы жауапты жұмысқа жоғарлаттым деуіне қарағанда, сасқан үйрек артымен сүңгейтінін кері көрінеді». Қарамағындағы бес облыста әлгі екі азаиматтан басқа қазақтардың бәрі қабілетсіз болғаны ма?


Орталықтың осындай өктемділігінің салдарынан қазақтың ел, жер аттары жаппай жойыла бастады. Көбіне жүрегіне жылы тиетін ауыл атаулары өзгеріп кетті.


Келімсектердің ішіндегі шовинист шенеуліктердің қыспастығының өзі мың батпан жүк. Олар біздің өңірдегі қазақ азаматтарының ішінде ұлтының қамын ойлап, жоғын жоқтаған Ғарифолла Аманиеров, Хамида Тұрыспеков сияқты ағайындарымыздың басына әңгір- таяқ ойнатып жұмыстан қуып, ұлтшыл ат тақты. Еш жерде тәуір қызметке орналаса алмайтындай дәрежеге жеткізді.


Еліміздің сол кездегі басшылығы интернационализмді басты идея ретінде ұсына отырып, тың игерілетін аудандарға словян халықтарын, орыс, украин, беларусь көптеп қоныстандырылды соның нәтижесінде, 1959 жылғы санақ бойынша қазақтар 30℅, ал орыстар 42℅ болды. Осылайша жергілікті қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып, Қазақстан ең көпшілік халыққа орыстар болып табылатын көп ұлтты республикаға айналды. Қазақтардың азаюімен қатар, тың игеруші аудандарда олардың ана тілінде қолданыс аясы тарылып, бұл өлкедегі 700 қазақ мектебі жабылып көптеген қазақ тіліндегі газет- журналдар орыс тілінде шығарыла бастады. Сөйтіп сол кезеңдегі басшылық ұлттық сана мен мүддені шын мәнісінде ескерусіз қалдырды. Ал бұлтұтас бір халықты мәңгүрттікке, мәдениетін, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дәстүрлерін жоғалтуға апаратын қауіпті бағыт еді.


В) ғылыми берік негіздің және жүйенің болмауы, әсіресе, Қазақстан да шамадан тыс көп жерді жыртуға, сөйтіп, шөбі шүйгін өлкелердің эрозияға ұшырауына алып келді. Қазіргі таңда тың игеру науқаны нәтижесінде жыртылған 25 млн га астам жердің 9 млн га жері эрозиға ұшырап, жарамсыз болып қалды, онымен қоймай бұл қасірет одан әрі жалғасуда.


4. Тыңды игеру негізіндегі елімізде орын алған ауыл шаруашылығындағы қайта орналастыру және мамандандыру үдерістері Қазақстанның солтүстік облыстарындағы мал шаруашылығының дамуына да қолайсыз әсер етті. Шошқа шаруашылығын дамытудың тасасында қалған, жайлымдардан айырылған түйе мен жылқы шаруашылығы ақсап, қожырап кетті.


5. Шамадан тыс көп жерді экстентивті жолмен жырту- Қазақстанның егін шаруашылығын интенсивтендіру арнасына түсіруді қиындатып, топырақ құрамының тозуына және одан алынатын өнімнің төмендей төсуіне жол ашты.


Міне, тың тарихының негізі тағылымдары осындай. Бұлардан дұрыс ой түю көзіндегі, орын алған олқылықтарды қайталамау- бүгінгі ұрпақтың қасиетті міндеті.


Халқымызға тың игеру заманының әкелген зардабының белгілері әлі де алда ашыла бермек. Қаншама млн даған гектар жеріміз әумесерлікпен ойсыз жыртылып, шаңы аспанға шығарылды. Осынау берекесіздіктің кесірінен аз уақыттың ішінде жеріміздің құнарлылығы 20-25 ℅ дейін құлдырап түсіп кетті. Ол аз дегендей қаншама жеріміз жарамсыз болып, бұл күнде аррам шөп басты. Енді ел өмірлердің байырғы бозын, бидайығын қалпына келтіру үшін әліде 30-40 жылдай уақыт керек.


Қорыта айтсақ,тың және тыңайған жерлерді игеру уақытында Қазақстанға пайдасы да, зияны да болды деп айтуға болады. Негізінен тың игеру Қазақстанның Ақмлоа, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазқстан және Қостанай облысында кен түрінде жүрді. Тың игеру Қазақсанның солтүстік облыстарында ғана жүрді деп айтуға болмайды. Ол бүкіл Қазақстан территориясын қамтыды. Бірақ, Бұл жерлерде аз мөлшерде тың игерілді.


Осы кездегі негізгі өзгерістер, ол Қазақстан территориясына басқа халықтардың келуі мәселен Қазақстанға шамамен 640 мың адамдар көшіп келеді. Ең бірінші келген халықтар украиндер. Олардың көбісі қазіргі заманға дейін қалалық жерлерде немесе ауылды жерлерде өз отбасын құрып, тату- тәтті өмір сүріп жатыр. Онымен қатар құрылыс жұмысы жақсы жүрді. Көптеген мектептер, клуб, асхана, үйлер совхоздар және де тағы басқа құрылыс түрлері көп мөлшерде жүріп салынып отырды.


Тың игеру кезеңіндегі жағдай қазірге дейін ғалымдар арасында пікір-талас болып отыр.


Тың туралы әңгіме болғанда тағы бір есте болатын жағдай, Қазақстан тыңындағы кеңшарлардың ерекшелігі- олардың аса ірі екөлемді болып, жоғарғы деңгейде механизациялану. Басшылар көбінесе орталықтан келгендер болды.


61) Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.

Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:


- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.

Өндіріс саласындағы кемшіліктер:


- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.

Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:


1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.

Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:


1. Лисаков кен-байыту комбинаты,
2. Шерубай – Нұра шахтасы,
3. Талдықорған аккумулятор заводы,
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.

Ауыл шаруашылық жағдай.


1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.


70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.


Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.


1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.


1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.


70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.


Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.


Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.


1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.


Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.


Экологиялық жағдай


Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.


Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.


1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.


70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.


Өнеркәсіптің дамуы. 60-шы жылдардың ортасында басталған зкономикалық реформалар халық шаруашылығына бір шама оң ықпал жасап, республика енерквсібі бірсыпыра жетістіктерге жетті. Өндіріс саласындағы жоспар сегізінші бесжылдықтың (1966-1970 жж.) негізгі көрсеткіштері бойынша орындалып, енерквсіптің жалпы өнімі 56 пайызға өсті. Бірақ өміршіл-екімшіл жуйе экономикалық реформалардың толық жузеге асуына жол бермеді.
Осының салдарынан 70-ші жылдардың басында экономикалық реформалардың қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бурмаланды. Өздерінің қуқықтарының бір шама кеңейгендігін пайдаланған квсіпорындар пайда табу жолына түсіп - өз өнімдерінің бағасын көтере түсті. Бағаның есуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мумкіндік берді, ал ол өз кезегінде 70-ші жылдардың басында инфляциялық процестердің басталуына себеп болды. Реформаға сай квсіпорындардың дербестігі кеңейтілгеніне қарамастаң мемлекеттік меншік сақталып, министрліктер мен ведомстволардың вкімшілік жвне экономикалық ектемдігі кушейді. Осының салдарынан Қазақстан бурынғысынша унитарлық орталықтандырылған мемлекет жүйесі - КСРО қурамында дамыды. Орталықтандырылған партиялық-мемлекеттік жвне шаруашылық қурылымдары үлттық дамудың қажеттілігімен санаспады. 70 жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды.
1970-1935 жж. Республика халық шаруашылығы тоғызыншы, оныншы жвне он бірінші бесжылдық жоспарларына сай дамыды. Өнерквсіпті еркендетуге 40,3 млрд. сом немесе халық шаруашылығына жумсалаған қаржының 32 %-ы жумсалды. Негізгі ендірістік қорлар ЗД есе артты, оның ішінде химия жвне №унай химиясына 6,5 есе, машина жасауда 4 есе дерлік, отын енерквсібінде 3,3 есе есті. 15 жыл ішінде өнерквсіп енімінің жалпы келемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнерквсібі сияқты салалар 3 еседен астам өсті. Бір мындай внерквсіп орындары мен цехтары іске қосылды. Олардың ішінде Қазақ газ өндеу, Шевченко пластмасса, Карағанды резина-техника, Павлодар жвне Шымкент №унай өндеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастуз жвне Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай су-электр станциясы, Шымкент жвне Жамбыл фосфор зауыттары, Жвйрем кен байыту комбинаты жвне т.б. болды. Маңғыстау, Каратау- Жамбыл, Павлодар-Екібастуз аймақтық-вндірістік комплекстері қалыптасты.
Осыған қарамастан халық шаруашылығы бурынғы даму қарқынынан айырылды. Экономикадағы дағдарыстық қубылыстардың өсуі халық шаруашылығының бір қалыпты дамымауына алып келді. Жыл сайынғы өнерквсіп өсімінің всу қарқыны тоғызыншы бесжылдықтағы 3,4 %-дан, он бірінші бесжылдықта 3,3 %-ға дейін, үлттық табыстың есу қарқыны 4,4 %-дан 1,4 %-ға дейін кеміп кетті. Тоғызыншы бесжылдық жоспар 12,6 %-ға, оныншы - 25 %, он бірінші - 3,6 %-ға орындалмай қалды. Осы жылдары қүрылыс орындары 4,2 млрд. сомның қаржысын игермегендікген республика турғындары 1,4 млн. шаршы метр турғын үй, 121,5 мың орындық мекгеп, 49,5 мың орындық мектеп жасына дейінгі балалар бақшасын жвне 7 мың орындық аурухана алмай қалды. Жоспарлы қүрылыстардың орнына көптеген жоспардан тыс қымбат қүрылыстар салынды.
62) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .


КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.


Дағдарыстың себебі өте көп болды.


Саяси саладағы белгілері:


1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.


2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.

Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:


- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.

Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:


- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.

Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.


Қайта құру бағыты.


1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.


Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.


Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .


1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:


1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.


Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.


1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:


1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.


2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.


Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.


80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.


Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.


Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.


Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)


1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.


Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.


Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.


Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.


Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.


Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.


Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.


63) 1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық. Халықтардың қарым-қатынасындағы басты да мәнді қырлардың бірі-гуманитарлық, соның ішінде мәдени ықпалдастық. Көптеген парасат иесі ғалымдардың

эконномикалық проблемалар қанша күрделі, қаншама білгір болса да, мәдениет мәселелері, рухани игілік жайлары басым тұрады дейтін санаспасқа болмайды: шынында да, адамдардың санасы мен имандылығындағы ақау-нағыз қасірет.


Ықылым заманнан-ақ мәдени ынтымақтастық, рухани астасу тарихының қандай тар кезеңдерінде болсын халықтарды тұтастырып, ел мен елді табыстыратын берік дәнекер болған.


Құрлық бойымен дүние жүзіндегі ең ұзақ ортақ шекаралардың бірі және іргелес жатқан ұлан-ғайыр территория өткен уақыт ішінде біздін халықтарымызға тату көршіліктің мейлінше мол тәжірбиесін тауып, жинақтауына мүмкіндік берді. Кемеңгер ақын әрі ойшыл Абай қалдырған рухани мұраның ғасырлар бойғы берік-байланысты одан әрі дамытуға тигізетін ықпалына баға жетпейді.


Туғанына 160 жыл толуы 1995 жылы атап өтілген қазақтың тамаша ғалымы Шоқан Уалиханов: «Біз орыстармен тарихи, тіпті қандас туыстықпен байланысқанбыз- деп жазды.Ресейлік және европалық талғам биігінде тамаша білім алған Шоқан өз халқының арман-мүддесін қалдықысыз білетін.Қазақ халқының болашағы туралы ой толғай келіп ол: «Халықтың қалыпты өсуі мен дамуы» үшін ең әуелі бостандық пен білім керек,-деді.


1994 жылы бүкіл шығармашылық өмірі қазақ халқының музыка әениетімен тығыз байланысты болған белгілі музыкантэтнограф. Қазақстанның халық артисі Александр Затаевичтің туғанына 125 жыл толуы кеңінен аталып өтті. 20-ші жылдары Орынборда тұрған көзінде А. Затаевич қазақ музыка мәдениетінің байлығымен ерекшелігін барынша сөзінді. Ол ұлттық музыканның фольклордың шығармаларын тұңғыш жинап, бастырып шығарды, 2300-ден аса халық әндері мен күйлері жазып алды.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының кезекті сапарының барысында мәдениет, ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы сондай-ақ біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы,сондай-ақ біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды, бұлар осы салалардағы қарым-қатынасты дамытуға жаңаша серпін берді. Мұның мазмұны айрықша: Қазақстан халқының үштен біріндейі-орыстар, сондай-ақ миллионная аса қазақтар ресейлік. Сондықтан екі жақты мәдени және біліми талаптарды қанағаттандыру қажеттігі айдан ашық .


Қазақстан мен ресей халыктарының мәдениет,ғылым және білім беру саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ынта-ықыласын білдіре отырып, екі мемлекет халықтарының мәдени араласы мен достық қарым қатынас дәстүрлерін ескере келіп, екі ел үкіметтері олардың арасында мәдениет, ғылым, білім беру, спорт саласындағы, сондай-ақ жастар одақтары мен шығармашылық одақтарын, ассоциялар мен қорларды қоса алғанда қоғамдық ұйымдар арнасы арқылы жүретін ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға ықпал етіп отыруға міндеттенді.


Ескерте кетейік: тараптар бір-бірінің аумағында тұратын өз халықтарының ұлттық ерекшелігін, тілін сақтау мен дамытуға, рухани және діни қажеттерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу, ана тілінде білім алуына мүмкіндік жасау арқылы олардың мәдениетінің еркін және тең дамуына кепілдік берді.


Бұрын берілген құжаттардың, біліктілік аттестаттары мендипломдарының баламалалығынын мойындау туралы уағдаластыққа қол жетті және білім беру саласында жүзеге асырылып жаткан реформаларды ескере отырып, жаңа құжаттарды өзара мойындау жөнінде әзірлеу көздеді.


Біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау мен аттестациялау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды өзара мақсаткерлікпен даярлау және сынаудан өткізуді ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлер мамандықтарының ұлттық тізбесін (номенклатураның) әзірлегенде және өз мемлекеттері аумағында ғылыми дәреже беру жөніндегі кеңестер ұйымдастырғанда консультациялар өткізу, біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудың ұлттық мемлекеттік жүйелерінде ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар алуға көздеушілерге қойылатын негізгі талаптардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оку орындарының аспирантурасына және докторантурасына екінші жақтың азаматтарының құқығы шектелмей түсуіне жағдай-жасау, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы тиісті ұлттық орган берген мемлекеттік үлгідегі біліктілік құжаттарын бір-бірінің аумағында мойындау көзделген.


Қазақстан мен Ресей тәуелсіздік алғаннан кейін де мәдениет саласында пәрменді ынтымақтастық жасап, кең ауқымды байланыстарын


дамытумен келеді. Ресей мәдениет қайраткерлерінің 1993 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстанда өткен гастрольдерінің, көрмелерінен, концерттерінен соң келесі жылдың сәуірінде Ресейде Қазақстанның Мәдениет күндері дүркіреп өтті. Оның ресми ашылуы «Россия, мемлекеттік Орталық концерт залында болды. Қазақстан өнер шеберлерінің консерваторияның үлкен залында, П.И. Чайковский атындағы концерт залында өткен концерттеріне жетекші солистер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Алуан қырлы әрі ауқымды бағдарламаға Ресей мемлекеттік Үлкен театрының спектакльдерінен А.Адамның «Жизель», Қазақстанның жетекші солистері Г. Түктібаевтың, Б.Смағұловтың,Н.Үсенбаеваның және Ғ.Есімовтың, дирижер Б.Жалтибаевтың қатысуымен Дж.Вердидің «Травиатасың кірді.


1994 жылы ұлттық киноматографиялар мен «Мир» мемлекетаралық телекомпаниясының бірлескен шаралары шеңберінде ТМД мемлекеттері киноматогрофтар одақтарының конфедерациясы Мәскеуде «Московский» фестивалін өткізді де, оның біркүні Қазақстанның әртүрлі халықаралық кинофорумдарда көзге түскен жас киноматогрофтарға арналды.


«Достардың музыка фестивалі көзінде композиторлар үйінде орындалған шығармалары елеулі ынта туғызды.


Белгілі қазақ жазушысы Ә.Нұрпейсовтың басқаруымен Қазақстан мен Ресейдің мен орталықтары Қостанайда тұңғыш екі жақты кездесу ұйымдастырып, оның барысында жазушылар біздің халықтарымыздың рухани бірлігін, мәдени байланыстарды кеңейте түсу қажеттігі, шығармашылык проблемалары жайында сұхбат құрып, ой өрбітті.


Адамдардың әсіресе мәдениет пен рухани байланыс саласында ізгі де дәстүрлі тығыз ынтымақтастықты сақтауға деген құлшынысын ескере отырып, біздің елдеріміздің мәдениеті министрліктері, баска да ведомстволары мен шығармашылық одақтары бұдан гөрі пәрменді әрі байыпты ынтымақ орнатып, пайда болған проблемаларды бірлесе шешіп, рухани ортақ өрісімізді одан әрі кеңейте беру үшін күш-жігерді топтастыра алған болар еді.


Дағдылы байланыстардың үзілуі қазақстандық студенттерді, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды оқыту мен даярлау аясында елеулі алаңдаушылык туғызып отыр.Бұрынғы жылдары тек ресейлік жоғарғы оку орындарында ғана орталықтандырылған түрде барлық мамандықтар бойынша 1,5-2 мың кадр даярланатын. Ресей жоғары оқу орындары Қазақстан үшін өресі биік мамандар даярлаудың тірек базасы болып келгені және солай болып та отырғаи жасырын емес.


Қазақстан жағының көзқарасы алдағы кезде де Ресей жоғары мектебінің артықшылығын сақтаудың маңыздылығынан туады. Өзінің Ресей Федерациясына ресми сапары көзінде (1999 жылы) Президент Н.Ә.Назарбаевтың М.В.Ломаносов атындағы ММУ-ге барып, Ресейдің бас оқу ордасындағы оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесуі тегін емес болатын.


Көп жылдар қалыптасқан достық қатынастарды ескере келгенде ММУ-мен Қазақстанның тиісті орындары арасында Қазақстандық студенттерді осы университет қабырғасында жеңілдік шарттармен даярлауды одан әрі жалғастыра түсуге және Қазақстанның бірсыпыра оқу-ғылыми базасын ММу-дың пайдалануына беруге келісім жасалды.


1995 жыл Қазақстан мен Ресейдің мәдени қарым-қатынасындағы ерекше жыл болды. Осы жылы қазақтың ақыны және ойшылы Абайдың туғанына 150-жыл толып, ол ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен көптеген елдерде аталып өтті. Сәуір айында М.Рудомино атындағы шетел әдебиетінің бүкіл ресейлік мемлекеттік кітапханасында «Абай және әлемдік мәдениетң дейтін тақырыппен әдеби көрме ұйымдастырылып, оған дүние жүзінің 22 тілінде шыққан 200-ге жуык аса сирек әрі бірегесі басылымдар қойылды. Әлемдегә ең ірі кітапханалардың біреуінің шаңырағы астында Абай туралы жүрек жарды сөздер айтылып, оның өлеңдері оқылды, әндері шырқалды.


1995 жылы 13-сәуірде Одақтар үйінің Бағаналы залында салтанатты кеш өтіп, Қазақстан өнер шеберлерінің үлкен концерті болды.Жазушылар-КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.К.Нұрпейсов, әлемдік әдебиет институтының директоры Ф.Ф. Кузнцов және басқалар Абай туралы тебірене сөз сөйледі. Санкт-Петербургте, Орынбор, Қорған, Астрахан облыстарында және Ресейдің Қазақстанмен іргелес басқа да облыстарында Қазақстаннан келген меймандардың қатысуымен мерекелік концерттер, конференциялар, кездесулер өткізіліп, солардың бәрінде Абай мұрасы тағы-тағы ой таразысына салынды.


Ұлы Абайдың атына лайықты кең құлашты мерекелік шаралар Алматыда және ақынның туған өлкесі-Семей облысында болып өтті. Салтанатты мәжілісте баяндама жасаған Президент Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Абайдың әуелден-ақ әкеннің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылшаны болып көтеріліп отыр. Ақ пейіліміз бен адал шешіміміздің асыл көрінісіндей Абайымыздың әлемдік татулық пен ынтымаққа өз үлесін қосатын рухани мәмлегерлілігіне кіріскеніне ерекше тәнті болып отырғанымызды да жасыра алмаймыз...Абай жылын өткізген жақсы. Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен өжет пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жатқан нақты іске айналса, тіптея құба-құл. Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгендігіміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден бір белгісі де осы...


Ресей ғылым академиясының Әлем әдебиеті институты мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ұйымдастырып 1995 жылы 15 қарашада Мәскеуде өткен «Абай мұрасы осы заманғы дүниеде» атты ғылыми конференция елеулі оқиға болды.Конференцияға қатысушыларға Президент Н.Ә.Назарбаевтың кұттықтауы жолданды. Баяндама жасағандар Ресеймен Қазақстанның белгілі ғалымдары: Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей ғылым академиясы әлем әдебиеті институтының директоры Ф.Ф. Кузнецов, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығынын лауреаты Ә.К.Нүрпейсов, Ресей ғылым академиясының корреспондент- мүшесі профессор Г.И.Ломидзе, жазушы, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Г.К. Бельгер, филолгия ғылымының докторы, профессор З.Г.Османова және басқалар болды.Ақын шығармашылығының әлі де танылып болмаған сырлары мен қырларын одан әрі зерттеп-зерделеу жөнінде бірлескен күш-жігер жұмсау қажеттілігі айтылды. Ғалымдар ұдайы байланыс жасап, халықтарымыздың мәдениетіндегі өзара ықпалдастықтың әр алуан тиянақ тұрғасы бойынша дүркін-дүркін ғылыми және басқа да конференциялар өткізіп тұру қажет дейтін ортақ пікірге тоқталды.


1996 жылғы сәуірде Қазақстан республикасының Ресей Федерациясының мәдениет күндері зор табыспен өтті, ол жыр алыбы, теңдесі жоқ төкпе ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне арналды.Бұл күндер қазақ халқының бұрынан етене таныс, ерекше айшықты өнерімен қайта табысу сәттері ретінде мәскеуліктердің есінде қалды.Қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелердің Казақстан өнер шеберлерінің Одақтар үйінің Бағаналы залында болған концерті бастап берді.


Содан тура 60-жыл бұрын республикамыздың әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен тұңғыш он күндігінде сияқты, Бағаналы залдың күмбезі астында қоңыр сазды домбыра үнімен жарасып Жамбыл өлеңдері ән боп өрілді. Ресей мемлекеттік кітпханасында өткен кітап безендіру көрмесі мәскеуліктерді Жамбыл шығармашылығымен таныстырды.


Президент жарлығы негізінде 1996 жылы мамырда Қазастанның жаңа астанасы Ақмолада Л.Н. Гумилев атындағы Евразия университетінің ашылуы аса мәнді оқиға болды, бұл көрнекті орыс ғалымының Евразиялық проблемаларды зерттеуге сіңірген орасан зор еңбегіне деген ел құрметінің белгісі еді.


64) 1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.
Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.

Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.


1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.


Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.


КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.


ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.


Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.


Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.


1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.


1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.


Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.


1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.


Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.


Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.


Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.


1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.


Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.


Президентті бүкілхалықтық сайлау.


Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.


Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.


Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.


КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.


Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.


Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.


Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлемдік қоғамдастыққа өзінің әлеуметтік-экономикалық табыстарымен танымал, белсенді сыртқы саясатымен жоғары халықаралық беделге ие болды. Алайда басқа да бұрынғы кеңестік елдер сияқты бұдан 15 жыл бұрын жұмыссыздық деңгейі жоғары және өмір деңгейі төмен ел болған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет