1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі өз жұмысын бастады. Мұнда "Азат" республикалық партиясы шеңберінде ұйымдасты деген шешім қабылданды. Жаңа республикалық "Азат" партиясынын төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі профессор К.Ормантаев сайланды. Онын бірінші орынбасары болып Хасен Кожа-Ахмет, бас кеңесшісі болып Жасарал Куаныш-Әлі сайланды. "Алагл" партиясы 1999 жылы қыркүйекте Казакстакнын Республикалық партиясы "Алаш" үлттык партиясы болып өзгерлді. Ұлттык бағыттағы бұл партияға казак зиялыларының біраз өкілдері енді. Максаты казак ұлтынын мүдделерін қорғау деп ашық айтылды. Партия лидері Сәбетқазы Акатай 2003 жылы өмірден өтті. Ол 60 жылдары Мәскеуде казак жастары кұрған атакты Жас түлпар студенттік ұйымының белсенді мүшелерінің бірі болған. Қазақстан социал-демократиялык партиясы (ҚСДП) Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда кұрылтай-конфе-ренциясында құрылған. Конференцияға 34 өкіл катысты, олар республиканың 15 облысының өкілдері еді. Пар¬тия ресми тіркеуден өтпеген. Партия мүшелерінің екі түрлі мәртебесі белгіленген: белсенділер және жактау-шылар. Белсенді мүшелер париялық жарна төлеуге, партиялық қызмет, тапсырма алуға міндетті. Екіншілерді іс жүзінде партияға іш тартушылар деп үққан жөн. Пар тия мүшелерінің жалпы саны мыңға жуық. Социал-демократиялық партиянын, 10 облыстық бөлімшелері бар. Партия төрағасы Дос Көшімов. Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) 1991 жылдың күзінде коммунистердің XIX съезі өтті. Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл, 87 арнайы шакырылған конақтар қатысты. Онда саяси жағдай туралы баяндама тыңдалды. Қазақстан Компартиясын жандандыру және оның кезек күттірмес мәселелері жөнінде әңгіме болды. Съезд делегаттары жүріп жаткан реформаларға карсы шықпай. демократиялык және әлеуметтік әділеттік орнату қажеттігі жайлы пікірлер айтты. Сонғы деректер бойынша компартия катарында 55 мыннан астам мүше бар. Олардың бәрі арнайы тіркеуден өткен. Коммунистердің орта жасы 42-ге тең. Партияның жергілікті ұйымдары Республиканың Талдыкорған облысынан баска облыстарының бәрінде де бар. Казакстан Компартиясы Республика Әділет министрлігіне үш рет күн кұжаттарын дайындап, тек төртінші ретте 1994 жылы ғана ресми тіркеуден өтті. Алғашында партиянын төраға¬сы бұрынғы ККП Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы икститутының директоры академик Б.Төлепбаев, кейін 1996 жылы сәуір айында ККП ОК бірінші хатшысы болып Казак ССР Жоғарғы Кеңесінің бүрынғы төраға¬сы С. Әбділдин сайланды. Қазір де ҚКП катары біраз өзгерген. Екінші хатшы Сорокиннің орнына Мәжіліс депу¬таты В. Косарев сайланды да, 2004 жылы ол және партия¬ның өзге де 11 мүшесі партия қатарынан шыкты. Жакында Компартияның хатшылығына жаңадан тағы бір мәжіліс депутаты - Т.Тоқтасынов сайланды. " Желтоқсан" ұлттық-демократиялық партиясы 1992 жылғы қазаннан бері республикалық "Азат" партиясының құрамына енген. "Желтоқсан" қозғалысының негізін 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысушылар калады. Ұйымдық жағынан "Желтоксан" козғалысы 1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты ұйымдастыруға тікелей себеп болған оның белсенділерінін 1986 жылғы Алматыдағы,желтоксан окиғаларының себептері мен оған берілген ресми бағамен, келіспеуі болды. Қозғалыстың басында сазгер Хасен Қожа Ахмет түр-ды. Ол ресми саясатпен келіспеуіне байланысты жауапка тартылып, 1986 желтоксан окиғасына қатысты тағы да сотка тартылды. Дәл осы жағдай 1991 жылғы Казакстандағы президенттік сайлау кезінде "Алаш", "Азат" козғалыстарының Хасен Кожа Ахметтің кандидатурасын колдауына себеп болған. 1990 жылы мамыр айында "Әділет", "Акикат". "Аза-мат", "Жерұйык", "Кәусарбұлақ", "Форум", коғамдык ұйымдарының бастамасымен кұрылтай съезі шакыры-лып "Желтоксан ' коғамдық комитет негізінде "Желт оқсан" партиясың құру жөнінде декларация кабылданды. Құрылтай съезіне Алматыдан республиканың бес об-лысынан, Кырғызстан, Өзбекстан, Мәскеуден, КСРО-ның баска да аймақтарынан келген 80 өкілі катысты. Партияның лидерлері болып X.Қожа Ахмет пен А. Нәлі-баев сайланды. Партия бағдарламасында республиканыдық саяси-экономикалык тәуелсіздігі үшін күрес, желтоксан кұрбандарын ақтауға қол жеткізу, қазак тілінің мемлекеттігін бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен қатар үлкен маңыз алып келе жаткан ислам факторына да көңіл бөлген.