Қазақстан демократиялық прогресс партиясы Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада өт-ті. Республиканың алты облысында, негізінен орыс тілді түрғындар басым облыстарда 1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға алу мен айналысады. Партияның негізін орыс тілді зиялы-лар тобы құрайды. Партияның төрағасы А.Докучаева. Бұл партиялардан басқа партиялар да бар. Корыта келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады. Қазақстанның республикалың Еңбек саяси партиясы "Қазақстан инженерлер Одағы" қоғамдық саяси қозғалыс негізінде 1996 жылы 10 қаңтарда қүрылған. Алғашында 11 облыста филиалы жұмыс істеді. Олар өздері центристік бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты -демократиялык мемлекет қүру. Әлеуметтік базаны инженер-техникалық зиялылар қауылы кұрады. Партиялык тізім бойынша Парламент сайлауына катысып,1.38 пайыз дауыс жинады. Алғаш төрағасы Мәжіліс депута¬ты Ө.Жолдасбеков, кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды. Халықтық-кооперативтік партия ХКП Өздерін аса ірі, таптык және әлеуметтік жіктеулерден ада, негізінен кооперация мен ауыл шаруашылығы саласындағы кызметкерлерге арқа сүйеп отырған бірден-бір партиямыз деп жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды. Қазақстанның "Дәуірлеу" партиясы Өздерін парламенттік типтегі партия деп атады. Пар¬тия төрайымы болып 1995 жылдың қантар айының 27-де өтқен құрылтай сезъінде Алтыншаш Жағанова сайланды. КДП-ның басты ұстанар жолы руханилық пен ізгіліктің қайта жанданып дәуірлеуіне күш салу болды. Қазаңстанның Демократиялык Партиясы 1995 жылдың 1-шілде айында кұрылды. Партияның бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттін кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек Сәрсенбаев болды. Бұларды 1999 жылы наурыз айында "Отан" партиясының құрамына кірді. Республикалық социал-демократиялық "Отан" партиясы 1999 жылы акпан айында Алматыда өткен құрылтай съезінде Қазакстанның Демократнялык плртиясы, Қазакстаннын Халык бірлігі партиясы. Казакстаннын Либералдық және "Казакстан-2030" коғамдык қозғалыстарының бірігуі барысында құрылды. Парламент әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар. мемлекеттік кызметкерлер, студенттер, ғылыми және шығармашылык зиялылар кауымы, орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды. Құрылтайға 400-ге жуык уәкіл катысты. Бұрынғы экс-перимент С. Терещенко партияның төрағасы болып сайланды (казіргі уакытта республнкалык Отан" саяси партиясын партия төрағасынын міндетін аткарды Амангелді Ермегияев баскарады). 2004 жылы 12 наурызда кезектен тыс VI съезінде партия тәрағасынын орынбасары болып Казахстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармұқан Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр Сергеевич Павлов сайланды. "Қазаңстаннын республикалық Халықтық партиясы" Оның төрағасы бүрынғы экс-премьер Ә. Кажыгелдин. 1998 жылы 17 желтоксанда күрылды. Оның шетелге кетуге мәжбүр болуына байланысты партияны саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов басқарады. Бір кездегі партия жетекшілігінде болған Ғ. Алдамжаров 2001 жылы қан-тар айында кенеттен бүл партиядан шығып, Президент әкімшілігіне ауысты, кейін Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі елшісі қызметіне ауысты. Партияның, алға койған мақсаттарының бірі адамның құқығы мен бостандығы қорғалатын құқыктык мемлекет кұру деп жарияланды. Партия мемлекеттік биліктің бір қолға шоғырлануына карсы шықты. Бұл бағытта бірнеше шаралар жасауға талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің кайта тіркелуі үшін 50000 мүшесі болу керек деген заң талабына байкот жариялап, өз жұмысын, тіркеуден өтпей-ак астыртын жалғастыруда. "Азамат" Қазаңстанныц демократиялың партиясы 1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген "Азамат" қоғамдық қозғалысының негізінде қуылған. Тен төрағалары М.М.Әуезов. Ғ.Әбілов болған.