Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар



бет21/39
Дата01.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#194491
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
S 1241 tttilik 33 33 33

Казаңстан социалистік партиясы (ҚСП)
Республиканың саяси өмірінде бұл партия 1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өзін Қазақстанның социалистік пар¬тиясы деп атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын, 47 мыңнан артық КСП мүшелерін біріктіреді. Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40 жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар. Олардың арасында көптеген мемлекеттік жүйенің баскарушылары, халық депутаттары бар.
КСП атқарушы органы болып - Политисполком (саяси аткару комитеті) анықталған. Ұйымдық жағынан пар¬тия территориялық, облыстық, қалалык, аудандық атка¬ру комитеті және бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер бойынша ҚСП Оңтүстік Казақстан облысында 16,5 мың, Кызылорда облысында-5 мыңнан аса, Солтүстік Казакстанда - 4 мыңнан аса, Жамбыл облысында -4 мыңнан аса мүшелері бар. 40-қа тарта ұлт пен ұлыс өкілдері КСП мүшесі.
Партия Еуразия кеңестігіндегі Одақты конфедеративтік негізде қайта құруға мүдделік танытты. ҚСП мүше¬лері дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді.Оның тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні өз жұмысын тоқтатты. Қазаңстан халық конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның тен төрағалары болып, "Невада - Семей" қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын, саясаткер О.Сүлейменов пен "Аралды қорғау" қоғамдық козғалысының жетекшісі, ақын. саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейіннен М.Шаханов төрағалыктан кетіп "Арал - Азия - Қазақстан" қозғалысына ауысты. Сондыктан партияның төрағалық қызметін В. Рогалев, Г. Ерғалиевалар атқарды. Оның құрылтайшылары Семей - Невада, Арал - Азия - Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы. Қа¬зақ тілі қоғамы мен республика жас құрылысшылары ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар болды.
КХК партиясының Солтүстік Қазакстан облысынан баска 18 облыста өз ұйымдары болды. КХКП - жас аза маттар партиясы, Оның мүшелерінін 50 пайыздан астамы 40-45 жастағылар. Партия өзінің бас органы 'Халык Конгресі". "Народный Конгресс" газеттерін 20000тиражбен щығарып тұрды. Партия саяси, экономикалык,әлеуметтік өмір салаларына белсенді араласып көптеген жаңа пікірлер мен ұсыныстар енгізіп отырды.Казіргі уақытта партия жұмысын токтатты.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП)
Қазақстан халык бірлігі одағы 1995 жылы акпан айы-нан бастап аталмыш партияға айналды. Халык бірлігі одағының кұрылтай съезі 1993 жылы ақпанда өтті. Онда саяси Кеңес сайланып оның кұрамына 71 адам мүшелікке енді. "Қазақстан халық бірлігі" одағының лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды. Одақтың төрағасы болып халық депутаты С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына мемлекеттік билікте отырған бірнеше жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда халық бірлігі одағының бірінші съезі болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында, 20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық аудандарында құрылтай конференциялары өткен болатын. Съезде одақтын лидері Президент Н.На¬зарбаев сөйледі. Одақтың төрағасы болып, К.Султанов сайланды. Сонымен қатар съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп, соған қарамай мүшелікке алуда жекелік принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі одағының мақсат-мүддесі, іс-әрекетімен көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде "Жас алаш" және "Экспресс К" газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс және қазақ тілдерінде "Время". "Дәуір" атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Султанов Қытай Халык Республикасына елші болып кетуіне байланысты, одақтың төрағасы болып А.Бижанов сайлан¬ды. 1999 жылы наурыз айында бұл партия "Отан" партиясынын кұрамына кірді.
Қазакстан Республикасының партиясы (ҚРП)
Партия өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен бастайды. Бұл күні "Азат" азаматтык козғалысының құрыл¬тай конференциясында Қазақстанның "Азат" азаматтық козғалысынын негізгі мақсаты мен принциптері деген декларация қабылданды.
"Азат" тез қаркынмен дамып көп үзамай-ак респуб¬лика көлемін қамтыған козғалысқа айналды. Оның ұрандары мен талаптары көпшіліктін, әсіресе казак кауымының көнілінен шығып отырды.
1991 жылы 4 кыркүйекте 30 өкіл қатысқан "Азат" партиясыныц құрылтай конференциясы өтті. Ол парламенттік типтегі Қазақстан республикалық партиясы "Азаттың" құрылғаны жөнінде шешім кабылдады. Соны¬мен қатар партияның Жарғысы мен Бағдарламасы қа¬былданды.
Сонымен енді біртұтас "Азат" қозғалысы екіге "Азат" -Қазақстан азаматтық қозғалысына және "Азат"- Қазақстан республикалық партиясына бөлініп шыға келді. Бұл әрине оның қоғамдағы беделін күрт төмендетіп жіберді. Оның үстінен "Азаттық" көтеріп жүрген көптеген ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік, ұлттық мәселе-лері жүзеге асты.
Осы туста бытырап кеткені ұлттык-демократиялық қозғалыстардың басын косып бір арыаға түсіру максатымен "Азат" - азаматтык козғалысы. "Азат" - республикалық партиясын, Қазақстан ұлттық демократиялық партиясы "Желтоқсанды" үшеуін бір партияға біріктіру идеясы ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет