Ќазаќстан тарихынан емтихан с±раќтары



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата10.05.2022
өлшемі410,96 Kb.
#141710
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
000645ac-ac14542e (1)



1


ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстан тарих- мектептегі оқу пәні ретінде негізгі орта білім беретін мектептегі
барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тарих
ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады.
Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі—адамзаттың жүріп өткен табиғи және
әлеуметтік даму жолы. Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен
қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. 
Қазақстан тарихынан 9-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан билеттері 6-10-
сынып бағдарламасы ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан
ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми
ұғымдар іріктеліп алынды. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды
салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық
түсінуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан тарихы мақсаты - емтиханға жүйелі, сапалы дайындалуға, өздігінен
жұмыс істей білуге негізделген. Оқушылардың білім деңгейін, өтілген материалды
меңгерудегі жетістіктерін айқындауға көмектеседі. Мемлекеттік емтиханда 9-
сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес негізгі теориялық сұрақтар қамтылған.
Бірінші, екінші сұрақтар теориялық сұрақтар қамтылған, үшінші сұрақ
функционалдық сауаттылыққа бағытталған сұрақтар қамтылған.
Мемлекеттік емтиханы төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға көзделеді:
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған
әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгеру;
-оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен
қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай
отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды
бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
-оқушыларда тарихты оқып- үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің
дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
-оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен
жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой
елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
-Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық
ұстанымын қалыптастыру.
2




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет