Қазақстан тарихынан тесттер жинағы. 1-нұсқа Атлах шайқасы өткен жыл



бет14/19
Дата08.11.2022
өлшемі61,43 Kb.
#156952
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
тест кітапша

10. «Алаш» партиясының құрылған жылы
А 1918 ж, ақпан В 1917 ж, шілде С 1914 ж, сәуір Д 1917ж, мамыр Е 1915 ж, қаңтар

Мәнмәтін тапсырма – «Жеті жарғы»


«Жеті жарғы». Аңызға сәйкес, Тәуке хан Күлтөбе жайлауында (Сырдария аймағы) әйгілі билермен бірге Қасым мен Есім хандардың тұсындағы ескі әдеп-ғұрыптарға жаңа жарғылар енгізеді. Ғылыми әдебиетте «Жеті жарғы» «Тәуке ханның заңы» деп аталады. «Жеті Жарғы» ХVІІ ғасырдың соңына қарай жасалды.
«Жеті жарғының» жасалу себептері:
- қазақ қоғамының қажеттіліктеріне байланысты әдет құқығының ескірген қағидаларын жаңа ережелермен толықтыру;
-жоңғар шапқыншылығы мен өзара қырқыстар күшейе түскен кезде бүкіл халықты біріктіру.
«Тәуке ханның заңында» сол кездегі өмір шындығы көрініс тапты.
... Орта ғасырлар дәуіріндегі басқа құқық ескерткіштері сияқты «Жеті жарғыда» қылмыстыққұқықтық қағидаларға ерекше мән берілді. Онда жеке тұлғаға, мүлікке, отбасына т.б. қатысты жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылды.
Бақина Н., Жанақова Н., Сүлейменова К., Қазақстан тарихы. 7(6) сынып. Алматы: Атамұра 2018. 201б.
11. «Жеті жарғының» жасалған уақыты
А ХVІІ ғ. соңы В ХVІ ғ. басы С ХVІІІ ғ. аяғы Д ХХ ғ. басы Е дұрыс жауап жоқ
12.Тәуке ханның заңдар жинағында неге аса мән берілді
А төрт түліктің әр үйде болуында
В қылмыстық-құқықтық қағидаға
С келіннің қайын жұртына қызмет етуіне
Д барлық қыздардың хафиз болуына
Е барлық ердің қатаң түрде 4 әйел алуына
13.Қасым ханның заңдар жинағы
А «Жеті жарғы» В «Ескі жол» С «Қасқа жол» Д «Ата заң» Е заңдар жинағы болмаған
14.Тәуке хан әйгілі билермен бірге Есім хан мен Қасым хандардың тұсындағы ескі әдепғұрыптарға жаңа жарғылар енгізген жер
А Ұлытау В Алатау С Қызылжар Д Бурабай Е Күлтөбе
15.Хандар мен олардың заңдар жинағын сәйкестендіріңіз
а Тәуке в Есім с Қасым
1-«Жеті жарғы» 2-«Қасқа жол» 3-«Ескі жол»
А а-3, в-2, с-1
В а-3, в-1, с-2
С а-1, в-2, с-3
Д а-1, в-3, с-2
Е а-2, в-1, с-3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет