Қазақстан тас дәуірінде


Олдувай (б.з.д. 2,6 млн жыл – 700 мың жыл) Ашель



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,08 Kb.
#97556
1   2   3   4
Байланысты:
1 Қазақстан тас дәуірінде
14 Қазақ хандары, Худайбергенов Б.М ХҚБ-102 ӨСӨЖ4, Худайбергенов Б.М ХҚБ-102 ӨСӨЖ4, казак тили
Олдувай (б.з.д. 2,6 млн жыл – 700 мың жыл)

  • Ашель (б.з.д. 700 мың жыл – 150-120 мың жыл)

  • Мустье (б.з.д. 150-120 мың жыл – 35-30 мың жыл).

    Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақтасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б. бөлініп шыққан.
    Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақтастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. «Клектон тұрпаттас» деп аталатын бұл ежелгі құралдарың анағұрлым кейінгілерден айырмасы – олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек. Олармен бірге үлкен шақпақтастар, дөңес нуклеустер де табылды. Ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға лайық. Бөріқазған және Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолитттік саймандар төрт топқа бөлінеді:

    • екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар;

    • шапқылар;

    • ауыр тас сынықтар;

    • ірі ұра тастар – нуклеустар.

    Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника «соққылау техникасы» немесе «малтатас техникасы» деп аталып кеткен. Өйткені оған көпшілік жағдайда өзендерде кездесетін кәдімгі малтатастар шикізат болған. Кейіннен шой балғалар пайда болып, олар жақсы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік берді. Олар көбінесе цилиндр немесе дөңгелек түрінде болып, көп жерінде жемірілген және соғылған із қалған. Мысалы, Х. А. Алпысбаевтың Қаратау жотасы ауданынан тапқан құралдары жоғарыда аталған тәсілмен өңделген.
    Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда табылды. Мұнда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпаққтас жыныстарынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Құдайкөл. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастан екі жақ беті өңделіп жасалған құралдарды, жануарлар терісін өңдеуге және ағашты ұқсатуға арналған қырғыштарды, сондай-ақ көптеген нуклеустерді – жоңқалар мен жалпақ тіліктер сындырылып алынып құрал ретінде пайдаланылған ауыр тастарды атап өтуге болады.
    Солтүтік Балқаш өңірінің бір ғана – аумағы 2500*300 м ұсақ шоқылы Семізбұғы мекенінен барлығы 1611 тас құралдар табылған. Оларды дайындаған негізгі шикізат қара түсті шақпақтас девон алевролиттері болған.
    Кейінгі кезең – мустьелік кезеңде тас өңдеудің жаңа техникасын ойлап табылды, бірақ ұсақ малтатас та қолданыла берді. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерінде мұндай ескерткіштер көп табылады. Олардың бірі 1958 жылы Х. А. Алпысбаев тауып, кейіннен Ш. Уалихановтың есімімен аталған көп қабатты тұрақ болып табылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет