Қазақстан туризмі Медеу мұз айдыны



бет1/4
Дата16.09.2022
өлшемі3,5 Mb.
#149744
  1   2   3   4

Қазақстан туризмі
Медеу мұз айдыны
Алматыдағы “Медеу” мұзайдыны әлемге әйгілі. Ол теңіз деңгейінен 1691,2 м жоғарыда орналасқан. Ол 1972ж салынды. 10,5 мың км тұратын мұздатылған алаң қала қонақтары мен тұрғындарының сырғанауына арналған. Сонымен бірге:
  • Хоккей;
  • Конькимен сырғанау;
  • Мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар да өтіп тұрады.

  • Соңғы кездері спорткешені халықаралық “Азия Дауысы” фестивалінің концерттік алаңына айналды. Биіктаулы “Медеу” мұзайдынының мұз қалыңдығы 2,3 метр. Бұл жердегі жасанды су мұздатқыш жүйесі мұз қабатын жылына 8 ай бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе жүз пайыз ноу-хау болып табылады. Әлем бойынша біреу ғана.

Бурабай көлі
Бурабай — Көкшетау қыратындағы тұйық көл.
Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.
Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.
Шарын шатқалы
Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан.
Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай орналасқан. Шарын өзенінің барлық нысандары 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіреді.
Шатқал Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Шарын өзеніне Теріскей және Күнгей Алатау жоталарының солтүстік баурайынан бастау алатын көптеген өзен сулары қосылып, суы мол өзенге айналады да, Жалаңаш ойпаты мен Торайғыртауын шығысынан қақ жара өтіп орасан зор шатқал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет