Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру



бет1/2
Дата15.02.2022
өлшемі469,17 Kb.
#131937
  1   2
Байланысты:
тарих азамат соғысы

  • ТАҚЫРЫБЫ. Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер
  • ОРЫНДАҒАН.АДАЙ ДИДАР 
  • БИЖІГІТ АДИНА
  • ТҮСІПХАН АРУЖАН 
  • АРЫСБАЙ ЖАНАТ 
  • ТЕКСЕРГЕН. Тойшубекова Жулдыз Клуббековна
  • Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.

Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды.
Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.[2].
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
  • Тарихта белгілі бір ел шеңберінде халықтың демократиялық бостандықтар жолындағы ұйымдасқан күресінің не болмаса көпұлтты елдерде ұлттық езгіге қарсы қарулы көтерілістерінің азаматтық соғысына ұласқаны белгілі. Мысалы: Англияда “Алқызыл мен Ақ раушан соғысы” (1455 — 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүсітік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 — 1865 жылдары), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871 жылы), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 — 1939 жылдары) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 — 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азаматтық соғыс Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. 
  •  Азаматтық соғыс жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШАнглия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.
  • Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды. 1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер ОралТорғайАқмолаСемей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері Азамат соғысының ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. 
  • Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық дамуында 1920 жылғы Конституцияның орны мен рөлі ерекше. Сол тұста жаңа Конституцияның қабылдану қажеттілігі күн сайын өзекті мəселеге айналған болатын. Оның ең басты себебі мен қажеттілігі Орталық Мəскеу болатын. 1918 жылғы Конституцияның өзгеріске ұшырауы мен жаңадан негізгі заңның қабылдануының басты себептері мен алғышарттарын анықтап көрелік. Біріншіден, 1918 жылғы Конституция Кеңес билігінің жаңадан қалыптаса бастаған кезінде жəне текетірес, даулы жағдайда қабылданған болатын. Екіншіден, Түркістан Республикасы Конституциясының кейбір нормалары РСФСР-дің 1918 жылғы Конституциясынан алшақ болатын. Үшіншіден, Түркістан Республикасы Кеңестік үлгідегі алғашқы автономды республика болғандықтан, шын мəнінде кең көлемді құзыретке ие болатын. Бұл əрине, өз кезегінде Орталықтың саясатына тура келмеді. Төртіншіден, Түркістан Республикасы мен РСФСР-дің өзара құқықтық байланысы мен əрекет ету механизмі нашар жұмыс жасады. Бесіншіден, Кеңестік мемлекет басқару жүйесінде жаңадан пайда болған мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық тұрғыдан рəсімдеудің қажеттілігі туындады. Алтыншыдан, Түркістан Республикасынан сыртқы байланыс жасау құзыретінен айыру мақсаты болды жəне т.б. себептер мен алғышарттарды атап өтуге болады.
  • Кеңестік Түркістан Республикасының, айтып өткеніміздей, тарих үшін аз ғана уақыт кешкеніне қарамастан еліміздің мемлекеттік-құқықтық болмысында орны бар. Себебі Түркістан АССР-нің құрамына қазіргі Қазақстанның халқы тығыз орналасқан Қызылорда, Жамбыл, ОҚО, Алматы өлкесі (сол кездегі Сырдария жəне Жетісу облыстары) кірген болатын. Кейіннен 1924 жылғы Орта Азия республикаларын межелеу саясатының нəтижесінде Қазақстанның оңтүстік облыстары ҚазАССР-нің құрамына қосылған болатын. Сондықтан да бітім-болмысы біз үшін өте маңызды екені даусыз
  • Қазіргі таңда қазақстандық ғылым өзінің дамуының жаңа кезеңінен өтуде. Отандық ғылым саласының қайсысын алсақ та ілгерілеу, даму үрдісін байқаймыз. Соның ішінде тарихи-құқықтық салада да көптеген оң өзгерістерді көреміз. Бұрынғы Кеңестік идеология сарынымен жазылған жəне бағаланған тарихи оқиғалар мен үрдістер, қазіргі таңда өзінің объективтік бағасын алып, түбегейлі зерделенуде. Осы тұста, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ажырамас бөлігіне айналған, 1918-1924 ж. аралығында өмір сүрген Кеңестік үлгідегі Түркістан АССР-нің мемлекеттік- құқықтық бет-бейнесін қайта зерделеу мүмкіндігіне иеміз.
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет