Әскери коммунизм саясаты
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
2 дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстан
Соғыс басталған кезде Брест қаласында 30 ұлттың өкілінен құралған 7-8 мыңдай әскер болған. Ал олардың ішіндегі қазақстандық жауынгерлердің нақты санын анықтауда тарихшылар әлі күнге дейін бір пікірге тоқтай алмай отыр. Олар ұсынған Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың ұзын саны 400 бен 4000 адам аралығында. Совет өкіметі кезінде бар-жоғы 29 жауынгер ғана Брест қамалын қорғаушы ретінде мойындалыпты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Лейла Ахметова қаланы жаудан қорғауға бұдан бөлек тағы 432 қазақстандықтың қатысқанын айтады. Ресми мәліметтер бойынша Орта Азия елдерінен соғысқа 3 миллион жауынгер қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандық екен. Ал соғысқа аттанған қазақстандық жауынгердің әрбір екіншісі, яғни тең жартысы майдан даласында қаза болған. 1941 жылдың қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақ жастарының жауынгерлік даңқы шықты. Одақтың жүрегі Мәскеу қаласына жеткізетін өзекті жолдардың бірі Волокаламск тас жолын қорғауда соғыстың даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына тойтарыс берді. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі – бір орденмен, төртеуі – екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Совет Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Совет Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Совет Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |