Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат «Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика, ақпарат»



бет1/4
Дата15.02.2022
өлшемі201,95 Kb.
#131932
  1   2   3   4
Байланысты:
1.СӨЖ.ҚҚЗТ.Жүрсінәлі Ернар


Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат

«Қазақстандағы аштық, 1921-1922 жж.: құжаттар, статистика, ақпарат»
Мұрағат деректері мен басылымдарға назар аудара келсек, 1921 жылы Қазақстанның бес губерниясы мен бір уезі, атап айтсақ, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай губерниялары мен Адай уезі ашаршылыққа ұшырады . 2 653 300 адам тұратын Қазақстанның батыс бөлігімен және онымен шекараласатын Қостанай губернияларының ашаршылыққа душар болуының объективті және субъективті себептері бар еді. Олардың әрқайсының ара жігін таратпай жалпы айтсақ, 1921 жылғы аштықтың негізі әріде, тереңде жатты. 1916 жылы қазақ жастарын тыл жұмыстарына алу, шақырылғандардың бас сауғалап қашуы, халық наразылығының өршіп, Торғай төңірегін қамтыған ұлт-азаттық күресі, ақ пен қызыл кезекпе кезек билікке келген аласапыран азамат соғысы, ер азаматтың ат үстінде болуы қалыптасқан шаруашылық жүйесін тоқырауға ұшыратты. Оның үстіне 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылық ауыл шаруашылығын тұралатып, халыққты күйзеліске душар етті.Әрине, Қазақстандағы ауыр жағдайды орталықтағы большевиктік билік білді. Солай болғанымен, ашаршылыққа ұшыраған Ресей губернияларға көмек көрсетуді талап етті. 1920 жылы 20 шілдедегі Сібірдегі артық асты алу туралы декретке сай 1921 жылы жылдың тамыз айына дейін Қазақ жері 119 млн пұт салық төлеу міндеттелді, оның 35 млн Солтүстік Қазақстанға, 26 млн Семейге, 6 млн астықты ашаршылық болып жатқан Қостанайға жүктелді. Өз еліндегі ашаршылықтың дендеп, етек алып бара жатқанын көріп, біліп отырған қазақ елінің билігі алдарында тұрған екі мәселені де шешу жолын ұстанды. Ресейге ішінара көмек жасағанымен, ел ішіндегі жағдайды реттеуді бірінші кезекке қойды. Сондықтан да болар, Қазақ Орталық Атқару Комитеті атынан Ә.Жанкелдин мен Киселев Қазақстандағы ашаршылық жайын айта келіп, жағдайды реттеу әрі бір жағынан жеңілдету мақсатында Қазақстан территориясындағы басқа ұлт өкілдерін, мысалы, украиндарды өз республикаларына қоныс аударуға рұхсат беруін сұрады. Ашық айтылмаса да, бір себептері немесе орталықтың алыстан ойлаған мақсаттары болды ма бұл ұсынысқа келісім бермеді. Сонымен қатар, алдын ала жоспарланған Қазақстанға Ресейден қоныс аударуға тиісті 2 млн адамды орналастыру мәселесі де өзгеріссіз қалды.
Қазақстанға Ресейден 2 млн адамды қоныстандыру қажет деген мәселе күн тәртібінде тұрғанымен, осы уақытта Қазақстанда аталған бес губерния мен бір уезде ашаршылыққа ұшырағандар саны да мәлімет бойынша 2 млн адам еді. 1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша Орынбор губерниясында – 437 776, Қостанай губерниясында – 252 816, Ақтөбе губерниясында – 359 326, Орал губерниясында – 277 835, Бөкей губерниясында – 100 мың, Адай уезінде – 75 мың ашаршылыққа ұшырады. Бұл мәліметтің өзін орталықтың қырына ұшырап қалмау үшін қазақ билігі азайтып берген де болуы мүмкін. Себебі, осы жылдары ел ісіне белсене араласып, елдің ауыр халін өз көзімен көрген М.Әуезов «…аштықтан құтқару үшін дәл қазір шұғыл шара қолданылмаса, онда қазақ республикасы қазақсыз қалады» дегенді бекер айтпаған болуы керек. Бұл биліктің дәрменсіздігі мен аштан қырылып жатқан қазақты көрген адамның жан айқайы, ышқынуы еді. Қазақстанда осыншама 2 млн адам ашаршылыққа душар болғанда, оларды ашаршылық тұзағынан алып шығу үшін қажетті азық-түлік қорын қалыптастыру, оларға көмек беру орынына тағыда осындай 2 млн адам адамды Ресейден Қазақстанға қоныс аудару ешбір логикаға келмейтін еді.
Бірақ, Қазақстанда ашаршылық тұзағына түскендер жоғарыда аталғандар ғана емес басқа да жағдайы дұрыс деген губерниялар жайы да оңып тұрмады. Тек қана, Ақмолада аштыққа ұшырағандар санын 100 670 адам деп көрсетілді. Ақмоланың өзінде жағдай осылай болғандығына қарамастан, оларға Москвадан берілген жоспардан тыс тағы да 300 мың тонна астықты Ресейге жіберу міндеттелді. Лениннен жұмысшылар мен шаруаларға көмектесу керек деген жеделхат келген соң Арал балықшылары да 1921 жылдың 25 желтоқсанында Ресейге 14 вагон балық тиеп жөнелетті. Аштыққа ұшыраған Қазақстанға орталықтан көмек келгені былай тұрсын, қайта азық-түлік жіберу талап етілді.
Ақиқатын айтсақ, осы кезде ұлтжанды қазақ зиялылары, оның ішінде С.Садуақасов пен М.Әуезов ашаршылылық жайын айтып дабыл қақты. «…дәл осы, 1921 жылдың күзі мен 1922 жылдың көктем айларына дейінгі аралықта үлттың мүдейтін қорғайтын аса көкейтесті шаралардың бірде-біреуі Смағұл мен Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың «қаратаяқтары» (зиялыларды қыр қазақтары осылай атаған) бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, ішінара сая іздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық мүдденің айналасына топтасты.
Қазақстанның солтүстік батыс аймағын қамтыған аштық қазақ ұлтының келешегіне, ұлт болып қалуына қауіп төндірді. Аштық қауіпі күннен күнге ұлғайып, жан сақтау үшін қолына түскеннің бәрін жеп, тіпті адам етін адам жеп жатқандығы жөніндегі суық хабарлар жетіп жатқандығына қарамастан Орынбордағы қазақ билігі орынынан қозғалып батыл шараларға бара қоймады. Оның, екі түрлі себебі бар еді. Біріншіден, Қазақ Өлкелік Революциялық комитетінің мүшелері негізінен қазақ емес ұлт өкілдерінен құралды да, қазақ даласындағы ауыр халге соншалықты мазасыздана қоймады. Олар керісінше, Ресейдің ашаршылыққа ұшыраған аудандарынан Қазақстаннан азық-түлік көмегін ұйымдастыруға белсене кірісті. Қазақ отбасыларының тіршілік етіп отырған алдындағы азын аулақ малын, астығын жинап алды. Екіншіден, қазақ зиялылары арасында да таптық ұстанымдарына байланысты жік туып, биліктегі тапшылдар ел ішіндегі ашаршылықты, ауыр халды баяндап шара қолдануды талап еткен зиялыларды, алашордашылардың кеңес үкіметіне қарсы әрекеті деп қабылдады. Сонымен қатар, ұлтжанды қазақ зиялыларының ұлттық мәселелерді көтеруі биліктегі басқа ұлт өкілдеріне де ұнай қоймады. Олардың арасында келісе алмаушылық жиі болды. Сондықтан, билік қазақ еліндегі ашаршылыққа бастапқы кезеңде белсене кіріспеді. Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық аштан қырыла бастады . Көшпенділер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 пайызын камтыса , сонын iшiнде Қостанай губерниясында кей күндерi аштыққа ұшырағандар мен аурулардың 75 пайызға жуығы өлген . Осыған орай , Бөкей губерниясы Тарғын бөліміндегі Кеңестердiң уездік Атқару комитетінің төрағасы болған Х.Д. Чурин өз естелiгiнде былай деп жазды : « 1921-1922 жылдары қыста уезд орталығы болған поселкенің көшелерiнен кей күндерi ертеңгi сағат 5 пен 6 - ның кезiнде аштықтан өлiп калған ондаған адамның денелерін жинап алып жүрдiк » . 1921 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша панасыз калып , аштыққа ұшыраған балалар саны Қазақ АКСР - ы бойынша 128.000 болса , сол жылдың аяғында бұл көрсеткіш 158.000-ға, ал 1922 жылдың 1 наурызында 408.022-ге жеткен. Әулиеата уезiнде халыктың қатты қырылғандығы соншалық, адам саны азайғандықтан бұрынғы бiрнеше болыстарды бірік тiрiп , бiр болыс ұйымдастыруға тура келген . « Әулиеатада шіри бастаған өліктерді жинап алуға мұрша жоқ» , - делінген Түрікатком атына жолданған жеделхаттардын бiрiнде . Ал енді ҚазАКСР–дың әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариятының берген мәліметінде ( 1921 жылы мамыр ) : «Ақмола уезінің шаруашылығы толык күйреуде . Қазақ халкы тек ашығып қана жаткан жок, шетiнен қырылып жатыр және кейінгі уақытта Қытай территориясына мүлде коныс аударуда,ендi олардың керi қайтулары екіталай»,-делінген. 1920 жылы 20 сәуірде Ақмола упродкомының атына мынадай мазмұнда хат келген : «Шу мен Актау болыстары қырғыздарының жағдайы өте нашар , кыста тақыршылық салдарынан мал қырылды . 300-500 малы болған шаруалардың қолында тек 100 басқа дейін ғана малы қалды . Қырғыз халкы көмекке мұктаж . Халыктың бiр бөлiгi сүзек пен аштықтан кырылып калды . Қазақтар саны 165 мыңнан 100 мыңға дейiн кеміген . Осы секiлдi мәлiметтер басқа жерлерден де келіп жатты . Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мың нан аса адам ашықты , оның 1 млн - ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Сол кездегі материалдарға қарағанда 1922 жылдың наурыз - сәуір айларында Қазақстанда жайлаған аштық өзінің шырқау шегіне көтерілді . Қазақстан Кеңесі Орталық атқару комитетінің төрағасы С. Мендешев 1922 жылғы 8 шілде күнгі КазЦИК - тің III сессиясында жасаған баяндамасында сол жылғы көктемнің ортасында толық емес мәліметтер бойынша Қазақ Республикасында 2.832.000 адам аштыққа ұшырағанын айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет