Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер Білім беру – ол менің ойымша жалпы ерте заманнан бері келе жатқан ғылымды үйрену, қоршаған орта және оның пайда болуы, жалпы өмірде болып жатқан өзгерістер туралы түсініктер қалыптастыру және оларды үйренуге талпыну. Елімізде және жалпы дүние жүзінде адамдардың білімге деген қызығушылқтары мен білім алуға деген талпыныстары ерте заманнан бастап, дами бастағанын көруге болады. Қазақстандағы білім беру жүйесі ерте заман, Патша үкіметі , Кеңес үкіметі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезең деп бірнеше кезеңге бөлінеді.
Ерте замандағы білім беру жүйесі туралы айтатын болсам, Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалалардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол жерлерде молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті.
Ерте замандағы ғалымдардың бірі ретінде, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу насыр әл- Фарабиді айтуға болады. Ол сол замандағы Отырар медрессесінен білім алып, білім беру саласында физика, астрономия, музыка, математика, география ,ғылымдарының дамуына зор үлес қосып, және сол ғылымдар жайлы мол мәліметтер мен зерттеулер қалдырып кетті.
Патша үкіметі кезеңі - Қазақстанның Ресейге қосылып , оған империяның орталық аудандарындағыдай әкімшілік жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс мектептерін ашу қажеттігі туды. Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды. 1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет уч-щесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери уч-щесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Осы кезеңдеде қазақтан біршама ғалымдар мен оқытушы- педагогтар шыққан болатын.
Олардың бірі ретінде Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов және А. Құнанбаевтарды айтуға болады. Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап, 1879-1889 жылдары Орск, Торғай, Ырғыз, Қостанай уездерінде мектептер ашты. Және оларға арнап оқулықтар жазды.
Кеңес үкіметі кезеңі - 1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-тех. білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды.1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. 1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді. 1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты. 1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды.
Сол кездегі қазақ ғалымдары ретінде М.Әуезов, С.Аспандияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытовтарды айтуға болады. Олар: 1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырып , қазақ тілінде 14 оқулық шығарды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар.
Тәуелсіздік алғанан кейінгі білім беру (қазіргі заманғы)- Қазақстанда міндетті білім беру 11 жыл бойы оқытуды көздейді. Әдетте балалар алты-жеті жасында мектепке бара бастайды. Үш жастан алты жасқа дейін олар балабақшаларға (мектепке дейінгі мекемелерге) бара алады. Білім берудің бастапқы сатысы, 1-6 сыныптар 11 жасқа дейінгі оқушыларды, орта білім — 17 жасқа дейінгі оқушыларды қамтиды. барлық оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өткен кезде, ол ЖОО-ға түсу емтиханы да, мектепті бітіргеннен кейін бітіру емтиханы да болып табылады. 1991-1994 жылдары — жоғары білім берудің заңнамалық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы.
1995-1998 жылдар — жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, оның мазмұнын жаңарту (Республикада жоғары білім беруді реформалау 1995 жылдан бастап неғұрлым қарқынды жүргізіле бастады. 1999-2000 жылдары-білім беруді басқару мен қаржыландыруды орталықсыздандыру, білім беру ұйымдарының академиялық еркіндіктерін кеңейту. 2001-2007 жылдар — жоғары және орта білім беру жүйесін стратегиялық дамыту. 2005-2010 жылдар-жоғары білім беру жүйесін нарықтық экономика жағдайларына бейімдеудің оңтайлы жолдарын іздестіру. 2014-2015 жылдардан бастап еліміздің білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру жүйесі енгізілді. [1]
«Жаңартылған білім беру жүйесінің» оқушылар үшін тиімділігімен қатар жағымсыз жақтары да бар деп ойлаймын.
Тиімді жақтары: оқушы тұлғасының үйлесімді және қолайлы білім беру ортасын құра отырып, балалардың өз бетімен жұмыс жасап, сыни тұрғысынан ойлай алуға, ізденіс және тәжірбие жасауға, АКТ- лерді қолданып , коммуникативті қарым- қатынасқа түсіп, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолданып және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту бағдарламасы болып табылады.
Жағымсыз әсерлері: біріншіден, оқулықта берілген тапсырмалар балалардың өз деңгейлеріне сәйкес келмейді. Екіншіден, кейбір оқулықтағы сөздер, терминдер мен ұғымдар қарапайым тілде емес, ғылыми тілде жазылғандықтан, оны түсіну мектеп жасындағы балалар үшін қиындық тудырады. Үшіншіден, Жаңартылған бағдарламаға көшу науқаны еліміздің педагогтары мен әдіскерлерінің еңбектерін шетке ысырып қойды. Қазіргі кезде мұғалімдер еңбектерін еш уақытта қолына ұстап көрмеген ағылшынша есімдерді атайтын болды. 1- сынып оқушысы үшін «Сауат ашу» деген пәнді енгізу бұл менің ойымша өте ауыр деп санаймын. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бала бірінші өзінің әліппесімен таныспай тұрып, ол қалайша сауатын ашады? Және баланың да психологиялық-физиологиялық өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Сондықтан менің ойымша жағартылған білім беру жүйесін енгізген әрине дұрыс. Бірақ та жаңа жүйемен оөытып жатырмыз деп баллаларға өте ауыр салмақ салмау керек деп ойлаймын. Мысалы қазіргі кезде сауат ашу пәнінің орынына балалардың өзінің әліппенсін қайтарса дұрыс болар еді. Себебі қазақтың ағартушы ғалымы,ең алғашқы ұстаздардың бірі Ы.Алтынсариннің өзі балаларды алғаш рет әліппе мен сауаттарын ашқан болатын. Сондықтан да әліппені оқыған бала ешқашан білімсіз болвп қалмайды деп ойлаймын. Бағалу жүйесі - оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Бірақ та осы бағалау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен қатар кемшіліктері де бар деп ойлаймын.
Ерекшеліктері: бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі.
Кемшіліктері : мектептегі оқушылар жаңартылған бағдарламамен оқу барысында көп нәрсені, кейбір қажетті білімді тек баға байланысты ғана білуге тырысады. Мысалы айтатын болсам, бір тақырып берілсе, соны тек тапсырма кезінде ғана қарап, сол балымды алсам болды деген оймен ғана қарастырады. Әрі қарай оның мағынасына терең үңілмейді. [2]
Сонымен Қорытындылай келе, Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. қазіргі кезде елімізде білім саласында көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Мектепте оқу бағдарламасында, жаңа пәндер енгізілді. Және мектепте үш тілділік жүйе қалыптасты. Мысалы бастауыш сыныптан бастап қазақ және орыс, ағылшын тілдерін оқыту. Себебі Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» деген бағдарламасында айтылғандай ағылшын тілін- халқаралық тіл ретінде мемлекеттік тіліміз қазақ тілін, әрі ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін меңгерген адам қазіргі заманға сай нағыз адам болып саналады. Және 2025 жылға қарай елімізде латын әріпіне көшу, 12- жылдық білім беру бағдарламасын енгізу сияқты алда көптеген міндеттер тұр. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. [3]
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.
http://moodle.nis.edu.kz
«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын тапсырмалар». 2014. ПШО