1. Еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар
Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті. Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында денсаулық сақтау саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және еліміздің медицина саласында МӘМС-тің енгізілуі нені өзгерте алатыны туралы PrimeMinister.kz-тің шолу материалынан оқыңыздар. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2018 жылы күтілген өмір сүру ұзақтығы 73,15 жасқа жетті (2019 жылғы жоспар – 73,13 жас). 2018 жылы денсаулық индексі 0,818 (2019 жылғы жоспар – 0,815). Тұрғындардың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейі 2018 жылы 47,84% құрады (2019 жылғы жоспар – 48%). Дәрі-дәрмектердің бағасын реттеу, медицина бұйымдарының этикалық ілгерлеуін енгізу, денсаулық сақтау технологиясын бағалау, тегін амбулаторлық дәрі-дәрмектер тізімін кеңейту, формулярлық жүйені жетілдіру бойынша шаралар іске асырылды.
Сонымен қатар АМСК дәрігерінің жүктемесін азайту, кадрлар тапшылығын жою, медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру, АМСК ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
2018 жылы дәрі-дәрмектерді орталықтандыру жүргізілді, дәрі-дәрмектерді сатып алудың ашықтығын оларды онлайн трансляция режимінде жүргізу арқылы қамтамасыз ету шаралары қабылданды, тегін дәрілерді берудің электронды есебі енгізілді. Электронды рецептілерге көшумен дәрі-дәрмектерді қамтамасыз ету жүйесін толық автоматтандыруды 2020 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған. 2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізімі 2018 жылмен салыстырғанда 108 атауға ұлғайды. Бірыңғай дистрибьютердің тізімінде шекті бағаның 40%-ға төмендеуін ескере отырып, 2019 жылы сатып алуларда 22,1 млрд теңге үнемдеу мүмкін болды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарлама аясында үш ауру бойынша ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілді. АББ адамдардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастырып, асқынулардың және негізсіз ауруханаға жатулардың алдын алу мсақсатында ауруларды басқаруына мүмкіндік береді. Бір жарым миллионнан астам адам тұрақты бақылаумен қамтылды, оның ішінде АББ-ға 462,5 мың адам (28,4%) тартылды. АББ-ға тарту процесі оң динамика көрсетіп отыр, мәселен, 11 айдың қорытындысы бойынша АББ-ға 553 869 адам (30,4%) тартылды, 2018 ж. осындай кезеңде – 218 471, оның ішінде белсенді қатысушылар саны жартысынан астам - 356 475 (64,3%). Бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетіп отыр – АББ-ға қатысушы пациенттердің арасында ауруханаға жатқызудың төмендеуі байқалады (1,6%), басқа пациенттердің арасында – 5,1%.
2019 жылы ауылдық елді мекенге барған 720 жас маманнан 658-іне көтерме ақы берілді, оның ішінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша – 205, жергілікті атқарушы органдар есебінен – 157, медицина ұйымдарының есебінен – 296, тұрғын үй, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үй бөлінді – 618, бюджетті несие 66 маманға берілді. Медицина ұйымдары Еnbek.kz порталында жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік қолдау шараларын көрсетумен өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастырды. Биыл Жастар жылы аясында көтерме ақы көлемі 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көтерілді және кемінде 252 500 құрауы тиіс. Қазіргі кезде дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етулі көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда құрайды: қалаларда – 56,8, ауылдарда – 16,1, дәрігер кадрлардың ең көп тапшылығы Ақмола (447), Солтүстік Қазақстан (416), Батыс Қазақстан (378), Қарағанды (361), Қостанай (324) облыстарында және Алматы қаласында (321) байқалып отыр. Еліміз бойынша мынадай мамандар жеткіліксіз: ЖТД (834), педиатр (266), терапевт (259), анестезиолог-реаниматолог (347), акушер-гинеколог (201), неонатолог (137), офтальмолог (154), невропатолог (154), психиатр (176), сәулемен диагностик мамандары (141).
Достарыңызбен бөлісу: |