«Қазақстандағы инклюзивті білім беру туралы»



бет1/6
Дата31.03.2022
өлшемі186,54 Kb.
#137463
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1.СӨЖ (копия)

«Қазақстандағы инклюзивті білім беру туралы»

Жоспары:

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына» сай отандық білім беруді жаңарту курсы инклюзивтік білім беру жүйесінің беріктілігін сынау болып отыр.

  • Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына» сай отандық білім беруді жаңарту курсы инклюзивтік білім беру жүйесінің беріктілігін сынау болып отыр.
  • Инклюзивтік білім беру Қазақстанда бүгінгі күні бастапқы сатыда болып отыр, оны енгізу даму жағынан артта қалған балалардың санының өсу салдарынан әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр. Соңғы жылдары республикада саны жағынан көбейіп отырған мүгедек балалар өмірінің негізгі көрсеткіш сапасы анағұрлым өзгерді. Бұған мүмкіндіктері шектеулі біріктірілген балалардың мәртебелерінің нақты еместігі, мұғалімдер мен тәрбиешілердің құқықтар мен міндеттерінің әр түрлілігі, әлеуметтік білім беру жүйелері мекемелерімен бірлесіп әрекет ету мәселелеріндегі қиыншылықтар, осындай дәрежедегі балалар оқитын жалпы білім беру мектептерін қаржыландырудан туындайтын жағдайлар дәлел болып отыр. Осыған байланысты Қазақстанда ерекше мұқтаждығы бар балалардың өмірі мен дамуына, олардың құқықтарын қорғауға орнықты жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қолайлы модельді іздестіру жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде балалар құқықтары инклюзивтік білім берудің қазақстандық жолдарын ашатын «Бала құқықтары туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңдармен қорғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет