Қазақстандағы қонақ үй индустриясының дамуы



Дата07.02.2022
өлшемі22,79 Kb.
#88867
Байланысты:
статья


Қазақстандағы қонақ үй индустриясының дамуы
Таңат Б.А
Қонақжайлық индустриясының дамуы тарихы ғасырлар бойындағы бүкіл әлемдік адамдар өркениетінің дамуымен сәйкес келеді. Белгілі бір хандықтардың құлауы, дүниежүзілік соғыстар қонақжайлылық индустриясының жойылып кетуіне немесе құлауына әкеліп соқты, ал халықаралық қатынастардың дамуы, сауда және өркениет, техникалық революция және жаңа инновациялардың ашылуы қонақжайлық индустриясының өсуіне негіз болады.
Қонақ үй шаруашылығының өсуі Қазақстанда оның Ресейге қосылуымен басталды. Ол кездері Ресейдегі қалаларда тұрғылықты қонақтар қоныстанатын жерлер өте төмен сапада салынып жатқан болатын. Сол кездері Бостон қаласында 1829 жылдары әлемдегі бірінші отель құрылған болатын, ал ХІХ ғасырда қонақ үй желісі дами бастады. Қазақстан барлық өзгерістерден шет қалды. Тек Қазан көтерілісінен кейін қонақ үй құрылысы басталды. Бірінші қонақ үй 1937 жылы Алматы қаласында «Иссык» қонақ үйі салынып бітті. 50-жылдардың соңы, 60-жылдардың басында Алма-ата, Жетісу ғимараты салынды. 70-80 жылдары жетілдірілген, жоғары класты - «Алматы», «Қазақстан», «Отырар», «Достық» қонақ үйлері салынды [1].
Қазақстандағы 70-жылдардағы экономиканың өсуі қонақжайлық индустрияның дамуына әсер етті. Заман талабына сай негізгі қонақ үйдің мамандандырылуы кішігірім қонақ үйлер мен сәнді жиhаздалған гигант қонақ үйлердің өсуі қарала бастады. 1998 жылы Қазақстанның ірі қонақ үй өкілдері - Қазақстандық Қонақ үй және Мейрамхана бірлестігін (ҚҚжМ) құру туралы шешімге келді. Бұл ұйымның құрылуы мынандай маңызды мәселелерді шешеді: қонақ үй бизнесін жаңа технологиямен қамтамасыз ету, халықаралық ұйымдарға мүше болу, маркетингтік қызметтерді өткізу [2].
Қазақстан аумағында әр түрлі категориялы бір мезгілде 32876 орынға қызмет көрсететін 372 отель жұмыс атқарады. Қазақстанға келетін туристер категориясы көбінесе іскерлік және конгрестік туризмге жатады. Көбінесе келетін туристердің 82%-ы бизнес - қонақтар қатарына кіреді, олар негізінен Астана және Алматы қаласына келушілер. Мысалы, Алматы қаласында шетел қонақтары көбінесе мына қонақ үй қызметтерін қолданады. Олар: «RIXOS», «Интерконтиненталь Алматы», «Қазақстан», «Royal Tulip», «Рахат Палас», «Достық» және т.б жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсететін қонақ үйлер. Астана қаласында «RIXOS», «Marriott», «Holiday Inn», «Пекин Палас», «Ramada Plaza Astana» т.б қонақ үйлер.
Қазақстандағы қонақ үй индустриясының дамуына тоқтала кетсек, XI-XV ғасырларда елшілер мен аттарын ауыстырушылардың демалысы үшін караван-сарайлардың пайда болған. Ал, ХV ғасырдың басы мен – XX ғасырларда пошталық станциялар мен қонақ үйлер салынған. 1910-1922 жылдары тұрмысы жақсыларға қызмет етіп тұрған тұрақты аулалар, нөмірлері бар трактир , тұрмысы нашарларға жиhаздалған және бір түндік бөлмелер берілген. 1922 жылы Қазақстанда коммуналдық қонақ үйлер құрылған. 1935 жылы Қазақстан конақ үйі қолдануға берілген. 1940 жылы Қазақстанның 10 шақты қаласында қонақ үйлердің құрылысы басталған. 1960 жылы Қазақстанның 20 қаласында 96 қонақ үй қызмет көрсеткен. 1990 жылдар мен ХХ ғасырдың басында Алматы мен Астана қаласындағы халықаралық кластағы қонақ үйлердің құрылысы, қонақ үйлерді жекешелендіру және түрлендіру басталған.
Қонақ үй бизнесін дамытуда қонақ үй бөлмелеріне деген жоғары баға, сервис сапасының бағасының сай келмеуі, Қазақстан территориясы бойынша қонақ үйлердің дұрыс орналаспауы, арзан қонақ үй санының аз болуы, қызмет көрсетудің, сервистің төмен деңгейі сияқты бірқатар мәселелер бар. Жоғары класты қонақ үйлер стандарттарға сай келмейді. Қазақстанда 2007 - 2014 жылдар аралығында қонақ үйлер саны өсті. Қазақстандық қонақ үйлердің қызметін жақсартуға әсер ететін негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады: көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, қызметтің баға - сапа қатынасын жақсарту бойынша шараларды жүргізу, көрсетілетін қызметтің тізімін кеңейту және оларды диверсификациялау.
Қазіргі таңда халықаралық туризмде қонақ үй шаруашылығы индустриясы негізгі орынды алады. Әлемде қонақ үй индустриясының дамуы маманданған қонақ үйлік кәсiпорындардың санының көбеюiмен орын алуда. Қызмет түрлерi кең дәстүрлi қонақ үйлер, қарапайым және маманданған қонақ үйлер ұсынылуда. Сол ұсынылған қонақ үйлердің көптеген дамыған желісін көш бастаған ел - АҚШ болып табылады. Туризмнің негізгі бағыттары - туризм индустриясының, қонақ үй шаруашылығының көлеміне және ұсынылатын орындардың сапасына тікелей байланысты [3].
Қорытындылай келе, қонақ үй бизнесі әлемдегі ең бір құлдырауды білмейтін экономикалық сала екендігіне көз жеткізуге болады. Қонақ үй бизнесі туризммен тікелей тығыз байланыста болады. Себебі, қонақ үйдің қызметін тұтынушылардың басым бөлігі туристер. Туристер ең алғаш қонақ үйге келгеннен бастап оларға қызмет түрлері көрсетіле бастайды. Ең алдымен, оларды қонақ үй әкімшілігі қарсы алып құжаттарын тексеруден өткізіп, тіркеу жұмыстары басталады, турист тіркеу бланкасын толтырғаннан кейін, оған осы қонақ үйдің тұрғыны екендігін дәлелдеу үшін карточка немесе белгілер беріледі. Қонақ үй әкімшілігінде кем дегенде үш шет тілін білетін, туристермен араласу мәнерін білетін қызметкерлер алынады. Әкімшілік қызметкерлері тіркеу жұмыстарын бітірген соң, жүк тасушы швейцар туристтерді бөлмесіне дейін шығарып салып, бөлме ішін танытады. Сонымен қатар, қонақ үйде туристерге айтып кеткендей ақылы және ақысыз қызметтер көрсетіледі. Қонақ үйдің тіркеу бөліміне қойылатын негізгі талаптар, шет тілдерін жақсы меңгерген болуы қажет, сонымен қатар келген қонақтармен сыпайы болғаны дұрыс.
Қонақ үй шаруашылығына мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар іске асырылуда. Елімізді соңғы 5 жылда қонақ үй шаруашылығы дамып келуде. Еліміздің көптеген ірі қалаларында қонақ үйлер көбейіп, саны да бірте - бірте артуда. Елордамыз Астана қаласында да халықаралық стандарттарға сай қонақ үйлер желісі іске қосыла бастады. Олар: RIXOS, НILTON, MARRIOT сынды қонақ үйлерді айта кетсек болады. Аталған қонақ үйлер халықаралық стандарттарға сай салынған қонақ үйлер желісіне кіргізуге болады. Жалпы қонақ үй шаруашылығының елімізде даму қарқыны жақсы. Болашақта «ЕХРО-2017» бағдарламасына сәйкес еліміздің елордасы Астана қаласында халықаралық стандарттарға сай қонақ үйлер тұрғызылып, шет елден келген қонақтардың көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Қонақ үй бизнесі», Е.Бесекей, 2012 жыл
2. «Қонақ үй шаруашылығы»,Мазбаев О.Б,Омаров Қ.М,2007 жыл
3. Ғаламтор көзі-www.uniface.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет