Қазақстандағы орта білімді жаңартудың басым бағыттары



бет3/15
Дата12.02.2023
өлшемі1,35 Mb.
#168440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
педдәріс каз

Білім беру мақсаты: Экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени бағыттар арқылы оқушыны әлеуметтендіру.
Міндеттері:
Математика, технология арқылы экономикалық білім қалыптастырып, нарық жағдайында шаруашылыққа икемді болу көзделеді (қамқоршы отбасы және бәсекеге қабілеттілік-жеке кәсіп ашу,үй салу)

Тарихтан білім алып, өз отбасы шежіресін қалыптастырып, Отан, әлем құбылыстары мәліметі арқылы өз құқығын білетін және өзін қорғай алатын, елін сүйетін азамат болу (жауапты және өз құқығын қорғай алатын азамат-ұл,қыз өсіру,ұл-ұлт негізі,ұлтжандылық ).
Тіл, әдебиет, өнерді танып білген, өз елінің және әлем халықтарының ұлттық құндылықтарын игерген, әдемілікке құштар, эстетикалық талғамы биік мәдениетті тұлға қалыптастыру (шығармашыл және рухани бай тұлға- мәдени Қорды игеру,үйінің төріне домбыра ілу).
Биология, химия, физика, география, дене шынықтыру арқылы ғылым жетістіктерін игеріп, өз елінің және әлем ғалымдарының өркениетке қосқан үлесін бағалай білетін, табиғатты аялайтын азамат қалыптастыру (денсаулығы мықты және экологиялық адам – үйінің айналысына бақ өсіру).
Ең бастысы-мейірімді ,текті тұлға.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (2016.) мазмұны тұлғаны әлеуметтендіру, орта білім беруде білім, білік, дағдыдан құзыреттілікке, нәтижелілікке, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірге пайдалануға үйретуге бағытталған. Бұл құжатта базалық (мейірімді адам, бауырмал отбасы, шығармашыл тұлға, жауапкершілікті азамат, салауатты тұлға), бұған қосымша: тектілік, отбасына қамқорлық, эстетикалық талғампаздық, өз құқығын қорғау, экологиялық қасиеттер оқушыны әлеуметтендірудің басым бағыттары ретінде қарастырылып; пәндік (пән бойынша білім, білік, дағды; пәнаралық байланыс, жүйелілік, көзқарас қалыптастыру; түйінді (ақпараттық, коммуникативтік, проблемаларды шешу) құзыреттеріне сипаттама беріледі.
Бұл тұжырымдарды үлгі-модель арқылы да көрсетуге болады:


Білім салалары

Мақсаты

Пәндер

Кәсіби бағдарлау

Негізгі құзыреттіліктер

1. Саясат

Тарихи таным және құқылық мәдениет

Қоғамдық бағыт
Шежіре, халық,
ел тарихы.

Тарихшы, философ, заңгер

Жауапты және өз құқығын қорғай алатын
азамат

2. Мәдениет

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру

Гуманитарлық
бағыт
Тіл,әдебиет,өнер. Этика, эстетика, этномәдениет.

Мәдениеттанушы, психолог, журналист, дизайнер, филолог,
өнертанушы

Шығармашыл және эстет тұлға

3. Ғылым

Ғылыми көзқарас және экологиялық мәдениетті дамыту

Жаратылыстану
бағыты
Биология, география, физика, химия физкультура,.

Ғалым, мұғалім, дәрігер, т.б.

Денсаулығы мықты және эколог тұлға

4. Экономика

Шаруашылықты жоспарлап, жүргізе білу

Есеп-қисап бағыты
Математика, алгебра, геометрия, технология,
сызу.

Бизнесмен, кәсіпкер, инженер,
шопан, фермер,
құрылысшы.

Қамқоршы отбасы
және бәсекеге қабылетті адам

Бұл үлгі- модельдің басқа түрі:

Сары уыз - инвариантты, міндетті пәндік білім деңгейі.


Ақ уыз - вариативтік, мүмкіндік білім деңгейі.
Қабы - өмір сүру, тіршілікке икемділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет