Проблема: Кітап не үшін керек?
Білім: Кітаптың өмірде алатын рөлін, оның еңбекпен келетінін біледі.
Білік: Кітаптың мазмұнына қарай отырып, оны тиісті жерде пайдалана алады.
Дағды: Кітапты сатып алу керектігін білу
Күтілетін нәтиже: Кітап-білім бұлағы.
1-деңгей
Кітап дүкенінен сөздік кітапты 100 теңгеге және оқулықты 200 теңгеге сатып алынды. Барлығы қанша теңге жұмсалды?
Жауабы: 100+200=300 теңге
2-деңгей
Сөздік кітап 100 теңге тұрады, бұл оқулықтан 2 есе арзан. Оқулық қанша ақша тұрады?
Жауабы: 200 тг
3-4 деңгей
Кітап дүкенінде барлығы 150 сөздік, 350 оқулық сатылды. Сөздіктің бағасы 100 тг, ал оқулық 300 тг болса, осы оқулықтарға барлығы қанша теңге төленді?
Жауабы: 220 000 тг
5-6 деңгей
Егер кітап дүкеніне 72 000 000 теңге бөлінсе, онда неше сөздік пен оқулық сатып алып, кітаптар қорын толтыруға болады?
Жауабы: 24 000 кітап
4-мысал
(“Егемен Қазақстан” газеті , 25 ақпан 2015 ж.)
Пәтер
2025 жылы Алматы қаласында 900 коммуналдық пәтер, “ Жас отбасы” бағдарламасы бойынша 480 пәтер, Құрылыс банк арқылы 600 пәтер берілмекші. Ауданы 40 м2 болатын бір бөлмелі пәтер айына 30 000 тг түрса, ауданы 56 м 2 екі бөлмелі пәтер айына 60 000 тг, ауданы 70 м2 үш бөлмелі пәтер айына 70 000 тг тұрады.
Проблема: Пәтерді қарызға алған тиімді ме?
Білім: Көптаңбалы сандарды бөлу, көбейту. Уақыт өлшемдерін еске түсіреді.
Білік: Уақытты, қаражатты үнемді пайдалануға үйрене алады.
Дағды: Көп таңбалы сандарды ауызша бөлу, көбейту ережелерін күнделікті өмірдегі есептеулерде тиімді қолдана білу.
Күтілетін нәтиже: Жұмсалатын қаражатты есептеп және үнемдей отырып, пәтерді қарызға сатып алу тиім болады.
1- деңгей
2025 жылы Алматы қаласында барлығы неше пәтер берілмекші?
Жауабы: 1980 пәтер (900+480+600+)
2-деңгей
Маратовтар отбасы айына ең көп дегенде 90 000 тг. төлейтіндей «Коммуналдық» бағдарлама бойынша неше пәтер сатып алуы мүмкін?
Жауабы: 1 бөлмелі және 2 бөлмелі-1 пәтер
3-4 деңгей
Құрылыс банк наурыз айында бір бөлмелі 2 пәтер және үш бөлмелі 2 пәтер сатты. Банк есепшотына ай сайын қанша қаражат түседі?
Жауабы: 200. 000 тг
5-6 деңгей
Маратовтар отбасы 1 бөлмелі пәтерді қарызға сатып алды. Егер Маратовтар отбасы айына 50 000 тг. төлеп тұрса, қанша уақытта қарызын тез өтей алады?
Жауабы: 36 ай ( 3 жылда)
Достарыңызбен бөлісу: |