Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы)Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
Диуани лұғат-ат-түрік
Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
“Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады.