Петропавл өнеркәсіп торабы көлік қозғағыштары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.
Экологиялық проблемалары
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы негізгі атмосфераны ластаушы көздерге - табиғи қазба байлықтарды өндірумен шұғылданатын кәсіпорындар мен қаладағы жылу қуатымен қамтамасыз ететін орталықтар және автокөлік жатады. Қоршаған ортаға үлкен залал келтіретіндер өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстары. Үлкен көлемде жиналып қалған қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізіп кана коймай, адамдардың өмір сүруіне үлкен қауіп тудырады. Соңғы жылдары бұл кәсіпорындарда экологиялық нормаларды сақтау үшін коршаған ортаны корғауға арналған іс-шаралар жүргізілуде. Көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармайтын жаңа технологияларды қолданып өндіріс күшін арттыруда. Өндірістік қалдықтарды қайтадан қолдану экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді. Мысалы, Қостанай облысындағы тау-кен өндірісі салаларымен жылу қуаты кешендерінде өндірістік экологиялық бақылау жұмыс істейді. Осының нәтижесінде Қызыл Октябрь кенішіндегі қалдықтарды жою туралы іс-шара өткізіліп, қалдықтың мөлшері біршама азайтылды.
Қалалары
Қазіргі уакытта Солтүстік Қазақстанда 24 қала мен 2 кент бар. Орталық Қазақстаннан солтүстікке қарай Ақмола облысы орналасқан. Облыстың құрамында республикалық маңызы бар Астана қаласы мен облыстық дәрежедегі 2 қала бар, олар - Көкшетау мен Степногорск.
Достарыңызбен бөлісу: |