«Қазақстанды таны» сериясы



бет42/75
Дата05.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#6671
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Нұртас Исабаев
Бағдарламаның мазмұны: Балаларды Қазақстанда тұратын халықтар салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Дайындық кезең : Алдын- ала Қазақстан халықтарының өміріне, салт-дәстүріне байланысты, ұлттық тағамдары туралы слайдтар жасау. Осы халықтардың ауыз-әдебиеті ертегілері, әдебиеті бойынша кітап көрмесін ұйымдастыру.
Балалармен Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері олардың Қазақстанға келуі туралы тарихқа қысқаша тоқталып өту керек. Сіздердің назарларыңызға С.Бегалин атындағы МРБК шығарған «Ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениеті» сериясымен шыққан «Терең тамырлар», «Корея-таңғы самал елі», «Ұлтым-ұйғыр, көне Қашқар баласы» және т.б. әдістемелік құралдарын қолдануға болады.
Ескерту: Біз бұл шараға Қазақстанда тығыз қоныстанған алты ұлт өкілдерінің сал-дәстүріне тоқталып өттік. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін қазақ халқының салт –дәстүріне байланысты болсын, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдерінің ертедегі тарихы, салт-дәстүрлері зерделеніп, сараланып кітап болып басылып, мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр. Бұрын ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді қайтадан жаңғыртып, оларды күндегі өмірде де пайдаланып, келешек ұрпаққа үйретудеміз. Дегенмен, көп айтылмай қалған, оқырмандарымыз көп біле бермейтін де дәстүрлер бар. Біз солардың бірнешеуімен оқырмандарымызды таныстыруды жөн деп таптық. Сіздер өз тараптарыңыздан өлкелеріңізде, қалаларыңызда, ауылда тығыз қоныстанған ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін зерделеп, олармен балаларды таныстыруыңызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет