Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуалы туралы түсіндіріңіз
Соғыстан кейiнгi жылдары Кеңес Одағының, оның iшiнде Қазақстанның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мүның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатнастарының ескiруi болды. Колхоздарда егiс алаңы, мал колхозшыларының қауымдық меншiгi деп аталғанымен олар ол меншiктiң йесi емес едi. Жер мемлекет меншiгiнде болды да, мал да мемлекеттiң меншiгiнiң бiр түрiне айналды. Мемлекеттiк меншiкке ие болмады. Иесiз меншiк өспедi, оны талан таражға салу оңай болды. үшiншiден, ауыл шаруашылық өнiмдерiн мемлекетке мiндеттi түрде алуға байланысты қалыптасқан жүйе өзiн ақтамады. Ауыл шаруашылығында өнiм өндiру, оны мемлекетке дайындау жүйесi өнiм өндiрушiлердiң ынтықтығын тудырмады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және сатып алу бағасы өнiмнiң өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнiмдi жұмсау әкiмшiлiк орындарының қолына өттi.
Партия мен үкiметтiң орталық және жергiлiктi орындары бұл ауыр халден шығу үшiн бiрнеше шара қолданды. Мәселен осы жылдары колхоздарды iрiлендiру шарасы жүрiлдi, пайдасыз ұсақ колхоздарды арасынан қосып iрiлендiрдi. Колхоздарды совхоздарға айналдыру шарасын жүзеге асырды. Дегенмен бұлар күткен нәтижеге жеткiзбедi. Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайдан шығудың жолы өндiрiстiк қатнасты жетiлдiру, яғни ауыл шаруашылығындағы өндiрiс құрал жабдығын /жер, мал, техника т.б./ йесiнiң меншiгiне беру едi. Бұл жолға ешкiм тәуекел ете алмады.
Ұлы Отан соғысының Кеңес Одағы халықтарының жеңiсiмен аяқталуы халық бұқараның рухани зор өрлеуiн туғызып энтузиязымын арттырды.
Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын көрсетіңіз
Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады.
Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич,анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
1991 жылы 29 тамызда Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, көреген саяси көзқараспен Қазақстан жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартты. Мұны әлем жоғары бағалап, оның маңызы 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер тұсында ерекше құндылыққа ие болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |