Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын көрсетіңіз
1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады. Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
1950-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
Қоғамдық өмірдегі адам құқығын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі мен тарихи зерттеулерден ұлтшылдықты іздестіру мәселелерін шешіңіз
1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың басында КСРО еркін ойлауды шектеу, жаппай бақылау, қатал цензура, идеологияның кері әсері мәдениеттің дамуына ықпал етпей қоймады. Осы кезде ұлтшылдық кінәсін арқалағандар қатарында Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов және басқалары болды.
Әлкей Марғұланның көзқарастары ғылыми дәйексіз деп жарияланды, Дулат Бабатайұлының және басқалардың еңбектеріне тыйым салынды. 1940 жылдың аяғы, 1950 жылдардың басында космополитизм, буржуазиялық ұлтшылдық кінәсі тағылған көптеген ғалымдар зардап шекті, соның ішінде өлім жазасына бұйырылған, кейін 25 жыл айдауға кеткен ірі тарихшы Ермұхан Бекмаханов та бар. 1950 жылдары олардың көбін ақтады.
Алайда, бұл уақытта мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тек «социалистік релизм» шеңберінде ғана жазу талабы қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |