Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік қайраткер және саясаткер



бет62/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік қайраткер және саясаткер.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы
Қаскелең ауданы (қазіргі Қарасай) Шамалған ауылында дүниеге келді.Жас Нұрсұлтанның қалыптасуы 1950—1960 жылдары басталды.Еңбек жолы басталғанға дейін оның өмірі дәстүрлі қазақ қоғамында өтті.
Н.Назарбаев тұлғасының ерекшелігі, оның бойында дәстүрлі қазақ мәдениетімен қатар, ХХ ғасырдың индустриалды урбанизациясы да байқалды. Шамалған ауылындағы Абай атындағы қазақ мектебін бітірген соң, 1958 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинатында еңбек етті. Украинада Днепродзержинскідегі техникалық училищені аяқтаған соң (1960), Қарағанды металлургия комбинатында домна пешінде болат қорытушы, диспетчер болып жұмыс істеді (1960—1969). Осы жылдар ішінде еңбек ұжымында кәсіби және адамзаттық шындалудан өтті. 1962жылы 22 жасында КОКП қатарына кірді (1991 жылы тамызда КОКП құрамынаншығатындығын мәлімдеді).1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты Жоғары техникалық оқу орынын аяқтаған соң, Н.Ә. Назарбаев инженер-металлург мамандығын алды. Өндірістік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі жақсы білімі, адамдармен жұмыс істей алу қабілеті, олардың қажеттіліктерін түсінуі, көзқарастары мен пайымдауларын қорғай алуы, принципшілдігі мен жоғары беделі қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал етті, оның саяси өмірбаянына бастау болды. Н.Ә. Назарбаев қалалық комитеттің бірінші хатшысынан Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысына дейін сәтті мансап жолынан өтті. Он жылдан астам ол жастар, кейін Қарағанды металлургия комбинатында, Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында партия көшбасшысы болды (1969—1979), Осы кезенде өзінің қабілетінің арқасында Н.Ә. Назарбаев республика мен мемлекет басшыларының назарына ілігіп, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы лауазымына ұсынылды. 1979 жылы 39 жасында Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болып сайланып, экономикалық мәселелерге жауапты болды. Бес жыл өткен соң, 1984 жылы одақтас республиканың үкіметі — Қазақ КСР Министрлер Кеңесін басқарды.1989 жылы 22 маусымда өткен Қазақ КСРКомпартиясы Орталық комитетінің пленумында 158 қатысушының 154-і қолдап дауыс беріп, Нұрсұлтан Назарбаев бірінші хатшы болып сайланды. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Президенті лауазымын бекітті.
Республиканың Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында тұңғыш рет Президент болып сайланды.1991 жылы 1 желтоқсанда республика президенттігіне алғаш рет бүкіл-халықтық сайлау өткізілді. Сайлау барысында Назарбаев өзінің сайлаушылары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы заң қабылдады және Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болды.1995 жылы 29 сәуірде Н.Ә. Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өтіп, оның көрсетілген мерзімге дейін Қазақстанның Президенті болуын халық қолдады. 1998 жылы Конституцияға енгізілген өзгертулерге байланысты мерзімінен бұрын президент және парламент сайлауларын өткізу мәселесі туындады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 2000 жылы өзінің өкілеттік мерзімінің аяқталу уақытын күтпей-ақ сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады. 1998жылы 22 қазанда Н.Ә. Назарбаев келесі президенттікке сайлауда үміткер ретінде қатысатыны туралы шешім жариялады. 1999 жылы 10 қаңтарда Н.Ә. Назарбаев 79,78% дауыс жинап, Қазақстан Республик- асының Президенті болып сайланды. 2005 жылы 9 қыркүйекте «Отан» Республикалық саяси партиясының VII кезектен тыс съезінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер болып ұсынылды. Мемлекет басшысының ұсынылуы президентті қолдайтын қоғамдық-саяси күштердің сайлауалды блогы «Қазақстанның халықтық коалициясына» бірігуіне әкелді. Оның құрамына «Отан», «Асар», «Руханият», Аграрлық, Азаматтық және Демократиялық партиялар кірді. 2005 жылы4 қыркүйекте
Н.Ә. Назарбаев 91,15% дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Халық өзінің басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған
Конституциялық заңына сәйкес 2010 жылы 15 маусымда Ұлт көшбасшысы мәртебесі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бекітілді.2012 жылғы 3 сәуірдегі кезектен тыс президент сайлауында Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысын иеленіп, Қазақстан Президенті болып қайта сайланды.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Президентінің белсенді қызметі халықаралық қатынастардың толыққұқылы және құрметті субъектісі ретінде мемлекетті нығайтуға бағытталды. Оның нәтижесінде елдің дамуына қолайлы жағдайлар жасалып, Қазақстан жаһандық күн тәртібін анықтайтын елдердің қатарына енді. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет халықтар арасындағы бейбітшілік пен сенімділікті нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Әлемдік қауымдастық қазақстандық көшбасшының ядролық қарусыздандыру саласында қабылдаған қадамдарын құрметпен қабылдады. Қазақстан Президентінің бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақырылды. Бұл әлем елдері арасындағы сенімді қатынастың орнауына бастау болды. 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік ұйымын басқарды
Н.Ә. Назарбаев әлемде ортүрлі мәдениет пен өркениет арасындағы өзара ісқимылдың жақтаушысы ретінде беделге ие
Президенттің жетекшілігі мен мемлекет жаһандық экономикалық кеңістікке интеграциялану үрдісіне Экономикада түбегейлі өзгерістермен қатар, әлеуметтік-саяси салада да ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер байқалды. Қысқа уақыттың ішінде мемлекет басшылығы әлеуметтік көмек көрсету бойынша бірқатар заң жобаларын қабылдады. Кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы іске асырылды, жинақтаушы зейнетақы қорлары қалыптасты. Қазіргі таңда барлық көрші мемлекеттермен шекараны делимитациялау мәселесі толық реттелді. Мемлекеттік шекараны делимитациялаудың басты қорытындысы – кейінгі ұрпаққа халықаралық құқық нормаларымен қорғалған бейбіт, тұрақты шекараның орнығуы. Ұзақ мерзімді тарихи болашаққа арналған ұлттық қауіпсіздіктің берік негізі құрылды. Қоғамда болып жатқан жаңа үдерістерді белсенді жүзеге асыра отырып, қазақстандық көшбасшы алдына Қазақстанды әлемге таныту мақсатынқойды. Сыртқы саяси бағыт халықаралық қауымдастықпен жанжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын әлемнің 120-дан астам елі мойындады. Елбасымыз Қазақстанды қиын сәттен алып шығып,елді осындай жағдайға жеткізгені үшін үлкен алғыс айтамыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет