Сәдуақасұлы Смағұл; (1900, Ақмола облысы, Омбы уезі. Қорған болысы, 3 ауыл, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы-Жарқын ауылы – 1933, Мәскеу) – көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері. Ауыл мектебін, 2 сыныпты орыс-қазақ училищесін, 1931 жылы Мәскеу көлік инженерлері институтын бітірген. 1915-16 жылдары өз ауылы Жарқынға мұғалім болды. 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылық училищесінде, политехника институтының кооперация курсында, ауылшаруашылық институтының кооперация факультетінде оқиды. Сонымен бірге, қысқаша курстарда дәріс беріп, Ақмола облыстық Жер-су басқармасында қазақ бөлімі оқу ісінің меңгерушісі болды. Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады
Халел Досмұхамедұлы: 1883 жылы 24 сәуірде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысының (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) №4 ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан ауыл молдасынан сауат ашқаннан кейін ағасы Дəулетмұхамед Машақұлы Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 11 жасында Халел Орал (Теке) қаласындағы əскери училищенің дайындық курсына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітіріп шығады. Ал 1903 жылы өнер-білімге құмар жас жігіт Санкт-Петербургтегі императорлық әскери-медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі. 1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды.
Мұхамеджан Тынышбаев Найман тайпасынынң Садыр руынан шыққан Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері . 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. 1937жылы дүние салды. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады
Достарыңызбен бөлісу: |