Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Бірінші дүниежүзілік соғыскезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



бет8/67
Дата28.07.2022
өлшемі256,96 Kb.
#147840
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Байланысты:
аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Бірінші дүниежүзілік соғыскезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (кейбір деректерде 1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет қатысты. Соғысқа қатысушы басты екі одақ: Антанта және Үштік Одақ.
Бұл соғыста Қазақстан шикізат көзі болды. Соғысқа қажетті материалдар, азық-түліктер, киім-кешектер, қаржылай көмектің барлығы бізден алынды. Соның салдарынан, елде жаңа салықтар пайда болды.
Соғыс жылдарында егістік жер қысқарды, ірі қара мал басы азайды.
Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағатқа ұзарды. Бағалар артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар азайды. Өнеркәсіп айтарлықтай төмендегендіктен, Қазақстан экономикасы құлдырады, өндіргіш күштердің дамуы тоқтады.
Бұған қоса Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларында болды. Ерлерді майданға шақырды, адамдардың жетіспеушілігінен жұмысшыларды, тұтқындағыларды да майданға алды. 1915 жылы Риддерде әскери тұтқындардың ереуілі болды. Троицк лагері «Өлілер лагері» деген атқа ие болды. Осы жағдайлардың барлығы 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Қоныстандыру саясаты;
2. Салықтар кобеюі;
3. Еңбекшілерді феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өсуі;
5. Соғысқа байланысты халықтың жағдайының нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Қозғаушы күші: қарапайым жұмысшылар.
Барысы: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықты отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтеріліске шығуына бастау болды. Торғай мен Жетісуда танылған жетекшілер А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.
Салдары:
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.
-161-і каторгаға айналды.
-жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
Жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс стихиялық түрде өтті.
2. Ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Жоспар болмауы.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Көтерілістің тарихи маңызы
- Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
- Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
- Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
- Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
- Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
- 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет