11. . 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы.
Соғыс жағдайларында «Қазақ» жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М.Сералин Б Майлин, С.Дөнентаев және басқалар сынды «Айқап» журналының төңірегіне топтаскан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды.
Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі «Оян, қазақ!» ұраны болды (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді). Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармаларымен жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді.
Достарыңызбен бөлісу: |