Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту



бет45/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1


88. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту .


кезеңде қоғамда келісім мен тұрақтылықты нығайту - баршаға ортақ міндет. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев мәлім етті. Оның айтуынша, мемлекетіміздің азаматтық қоғам құру мен елде демократиялық үрдістерді дамыту бағытындағы саясатына бұқаралық ақпарат құралдарын жан-жақты жұмылдыру үшін олардың мәртебесін көтеріп, абыройын аспандатуымыз қажет.
Бүгінде материалдық байлыққа деген жаппай ұмтылыс рухани байлықтарымыздың құнсыздануы есебінен өрбіп жатқандай көрінеді де тұрады. Сондықтан қоғамға жаңа көзқарас, басқа жол қажет. Уақыт тынысы, өмір көші осыған жетелеп отыр. Құқықтық мемлекет құру жолындағы бұқаралық ақпарат құралдарына білім, кәсіптік дайындық, күштілік және ұлттық бірлік қажет. Ал осылардың бәрі қосылып сана мен рухани байлығымыздың керегесін құрап, шаңырағын көтеріп, уығын шаншуы тиіс.Қоғам мен мемлекет дамуында саясат пен экономиканың салмағы қаншалықты басым болса, оның бұқаралық ақпарат құралдарының заңдық тетіктері де соншалықты беделге ие болуы тиіс. Бұл жолда қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі заңға ерекше құрметтің, оны сөзсіз мойындаудың және заңдар тұрақтылығының деңгейімен өлшенетінін ескергеніміз жөн. Ұрпақтың бойына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттерді қалыптастырмай, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай, әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар алғы шептегі қоғам құру мүмкін емес. Қалай десек те, мемлекет билігінің төртінші тармағы іспеттес бұқаралық ақпарат құралдары өз кезегінде мемлекетті дамытады, ұлтқа тұғыр, ұлысқа тірек болады.
1995 жылы Президент Н.Назарбаевтың "Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы" Жарлығы шыққаны мәлім. Биыл Ассамблеяның құрылғанына 15 жыл толып отыр. Қазақстандық және ұлттық отансүйгіштікті қалыптастыру, ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде татулық пен келісімді нығайту, Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысу нақ осы Ассамблея жұмысының негізгі өзегіне айналды.
Облыс көлемінде ұлтаралық саясат пен оның даму бағытын қалыптастыруда аталған құжаттың негізгі басымдықтары ескеріліп, өлкемізде өмір сүріп отырған барлық ұлт өкілдерінің тең құқығын қамтамасыз ету басты нысанаға алынды. Аталған құжаттарды орындау үшін облыс әкімінің басшылығымен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен жанжалды реттейтін жұмыс комиссиясы құрылды. Аймақтағы қоғамдық пікірді анықтау үшін ресми және бейресми зерттеулер үнемі жүргізілуде. Атап айтсақ, 2009 жылы «Батысқазақстандықтардың бағалауындағы ұлтаралық және конфессияаралық диалогы» атты әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Зерттеуге 2 мың респондент тартылды. Сауалнамаға қатысқандардың 77,7 %-ы ұлтаралық қатынастар саласын маңызды деп есептейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет