3.Ұлттық тарихтың жаңғыртылуы ( 5 маусым 2013 ж.). Тарихты оқыту мен зерттеудің озық әдістерін іске асыру тетіктерін қарастыру. «Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғырытып пайдаланады.
4.Джадидтік – ресей мұсылмандарының ағартушылық идеологиясының кезеңі.
«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді.
Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.