Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


М.Дулаттың қазақ тарихы туралы көзқарастары



бет5/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

9. М.Дулаттың қазақ тарихы туралы көзқарастары


Қазақ хандығының құрылуы жөнінде айтатын пікірлердің бәрі бір ғана дерек мәліметіне сүйенеді. Ол - Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалардың Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан атты мемлекеттің батыс жағындағы Шу бойы мен Қозыбасы аралығындағы жерге қоныстанып, жеке хандық құрғандығын баян­дайтын жазба дерек мәліметі. Бұл тарихи дерекке дейін ешбір ортағасырлық еңбектерде ол жөнінде айтылмайды. Ал одан кейін Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын мәлімет XVII ғасырдың авторы Махмуд бен Уәлидің тарихи шығармасына енгізіледі.
Міне, осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда айтып өткен Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын жазба дерек мәліметі - ең құнды, ең маңызды дерек болып саналады. Ол деректің авторы - 1499-1551 жылдары өмір сүрген Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Ол өзінің атақты Тарих-и Рашиди атты кітабында XIV-XVI ғасырлардағы Орталық Азия аумағында өмір сүрген халықтар мен олардың мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық сипатта мол мағлұматтар береді. Автор Тарих-и Рашидиде: Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Сөйтіп, тыныш өмір сүріп жатты


10. А.Байтұрсынның қазақ тарихы туралы көзқарастары


Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме­тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми­нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы мен Алаш зиялыларының ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы рөлі туралы сөзді Ахмет Байтұрсынұлынан бастайтындығымыздың себептерін нақты тілдік-тарихи деректерге негіздей отырып айта алсақ қана біз ғалым мұрасының қадіріне жетіп, оның озық ойлары мен терминжасам тәжірибесін қажетімізге жарата аламыз. Ол бастаған жолды жалғастырып, ғылым тілін дамытудағы ол қалыптастырған лингвистикалық дәстүрді сабақтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Сол себептен де Ахаң мұрасына аса мұқият қарап, оған әр қырынан үңіліп, жан-жақты зерделеу – қазақ тіл білімінің кешегі тарихы үшін ғана емес, оның алдағы уақыттағы дамуы үшін де қажет іс. Біз ғалымның қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруда ұстанған бағыты, қалыптастырған қағидаттары, айтқан ойлары мен терминжасам тәжірибесі төңірегінде ой өрбітпекшіміз. Қазақ тілінің терминологиялық қорының қалыптасуына негіз болған басты көз ұлт тілінің өз байлығы екендігі сөзсіз. Оның бастауларын әріден, түркі тілдерінен, төл тіліміздің тармақталып дербес даму тарихымен байланыста қараған жөн. Бұл терминология тарихын диахронды зерттеу барысында зерделенетін мәселелер. Ал бүгінгі қолданыстағы арнаулы лексикамызды құрайтын жекелеген сөздердің терминдік мәнде жұмсала бастауын Абайдың қара сөздерінен, XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан кітаптар мен осы кезеңде басылып тұрған «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» газеттерінің беттерінен кездестіруге болады. Ал нақты ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуы­мен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дәл осы кезеңмен байланысты деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет