Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы



бет3/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

5. Жәдидтіктің ағартушылық ойларының
Қазақ Даласына ықпалы.
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді.
Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады.

6. Империяның түрік-мұсылман халықтарының консолидациясындағы Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі. Иттифакәль-Муслимин одағының қоғамдық рөліне жалпы сипаттама беру.


1.ХХғ. басындағы патшалық Ресей көп ұлтты мемлекет еді. Империяда үстемдік етуші великоростар бүкіл халықтың 43,3%-і болатын. Егерде оған украиндар мен белорустарды қоссақ 65,5%-ке дейін жететін. Ал қалған халықты империяның шеткері аймақтарындағы ұлттар мен ұлыстар құрайтын. Олардың көпшілігі мұсылман дініндегілер еді. Мұсылман халықтары ғасыр басында 30 миллионға жуық болса, оның 5 миллионнан астамы қазақтар тұғын.Сан жылдар бойы татар, башқұрт, қазақ, өзбек, азербайжан т.б. түркі тілдес және өзге де мұсылман халықтары Ресей империясының қол астында орыс отарлаушыларының теперішін бірге бастан кешіп, тағдырдың ауыр тауқыметін бірге тартты. Мұсылмандардың ым-жымын білдірмей, мүмкіндігінше көзін құрта беру керек , - деген құйтырқы саясатты ұстаған патша үкіметі ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басына қарай озбыр отаршылдық саясатын онан әрі үдете түсіп, шеткері отар аймақтарды толық игеруді бұрыңғыдан да қарқынды жүргізді. Шеткері аймақтарға 1861ж. 18 ақпандағы реформадан кейінгі кезеңде жүргізілген қоныс аудару саясаты да соның бір көрінісі еді. Қоныс аудару саясаты, біріншіден, метрополиядағы аграрлық шиеленісті шешуге бағытталса, екіншіден қоныс аударушылар арқылы шеткері аймақтарда патшалық биліктің сенімді тірегін қалыптастыруды, сөйтіп ондағы отаршылдық билікке қарсы күштерді біржолата құртуды көздеді. Осылайша шаруалар жаңа жерлерге, соныңішінде қазақ жеріне де қоныс аудартыла бастады. Ресей империясының қол астындағы мұсылман халықтары рухани жағынан да қанауға ұшыраған болатын. Отарлаушылар олардың мемлекеттік рухын қалайда жою ниетінде, оянып келе жатқан ұлттық санасын тұмшалап, тілінен, дінінен, дәстүр-салтынан айыру бағытындағы ұйымдастырылған шараларды іске асыруға ұмтылды. Алдымен мұсылман халықтарын түгелдей шоқындырып, орыстармен кіріктіріп жіберу мәселесіне шешуші мән берілді.


ХІХғ. соңына қарай мұсылмандық оқу орындарын жоғарыдағы ережеге сәйкес қатаң бақылауға алу жөніндегі нұсқаулар барлық шет аймақтардағы әкімшілік орындарына жөнелтіле бастады. Мұсылмандар бұл ережеге мойынсұнғысы келмегенге ел арасында жазалаушы отрядтар жіберілді. Сол кезеңдегі үкімет орындарының осындай іс-әрекеті жөнінде Вакыт газеті 1906ж. 18 мамырдағы санында, былай деп жазды: Мұсылмандар үкіметтің бұл ұйғарымын орынсыз, әрі зорлық ретінде санап, оны орындаудан бас тартты. Сол мезетте-ақ дөрекі жарлық берілді. Қазан губернаторы Скарятин әскери күшпен губерниядағы мұсылман елді мекендерін аралап, жүздеген мұсылмандар тұтқындалды. Оның біразы жер аударылды, каторгалық жұмысқа жіберілді. Ақмолада болса, генерал-губернатор жергілікті архиреймен бірге Көкшетау қаласындағы шіркеу алаңына өңірдегі қазақтар мен татарлардың бір тобын жинады. Ол жиналған топқа православияны қабылдауды ұсынып: Осы күннен бастап шариғатпен емес, орыс заңымен өмір сүресіңдер - деп айтқан болатын.
Патша өкіметінің озбыр отаршылдық саясаты, қоғамдық өмірдің барлық салаларын орыстандыруға бағытталған әрекеті империядағы мұсылман халықтардың тұрмыс-тіршілігін тығырыққа тиеп, олардың өркениетке қарай даму процесін тежеді. Мұндай жағдай Ресей мұсылмандарының наразылығын туғызып, азаттық жолындағы күресіне алып келді. ХІХ ғасырдың соңына қарай азаматтық дамуда тоқырауға ұрынған Ресейдегі түркі мұсылман халықтарының саяси оянуына ықпал еткен орасан зор күштің бірі жәдидшіл қозғалыс болды. Жәдидшіл қозғалыстың көш басында мұсылман халықтарын өркениетке тартып, оларға европалық білім мен озық идеяларды тартуды көздеген И.Гаспринский тұрды. Оның 1881 жылы Ресей мұсылмандары арасында ұлт бостандығы туралы идеяның таралуына түрткі болған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет