41. Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы көтерілістер.
Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.
1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.
Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты.
Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.
1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті.
ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мың адамға жеткен. Сонымен қатар бұл кезеңде селолар мен ауылдарда жалпы саны 10 мың адам болған 2 мың «дұшпан топтар» анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.
ГолощекинніңСталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды.
Республикада осы уақыт ішінде кейбір жерлерде карулы көтерілістер сипатына ие болған, 80 мыңдай адам катынасқан шаруа- лардың 400-дей бой көрсетулері болып өтті. Осы толкулардың нәтижесінде 1931 жылдың езінде ғана Қазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруа шаруашылыктары тастап кетіп, 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне карсы шыкканы үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды, олардың 883-і атылды.