Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы



бет30/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

68. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы.


Целиноград наразылығы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастанҚазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа АқмолаПавлодарҚарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.
Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер АтбасардаЕрейментаудаКөкшетауда өтті.
Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет