Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


жылдардың екінші жартысында КСРО-да жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы және көппартиялық жүйенің қалыптасуы



бет38/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

77.1980 жылдардың екінші жартысында КСРО-да жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы және көппартиялық жүйенің қалыптасуы.


Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді:
1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық, либералдық, христиан-демократиялық т. с. с. ). Олар еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу бағдарламасын ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі социалистік, демократиялық, лейбористік т. с. с. партиялар);
2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан қалыптасып келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді, жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы.
3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік партиясы, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы және т. б.
4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады.[2]
78. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР егемендігі туралы» декларацияның жариялануы және ондағы негізгі мәселелер.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмазвалюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:
-Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді.
-Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.
-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.
Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет