Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі. Президенттік басқарудың енгізілуі



бет37/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

76. Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі. Президенттік басқарудың енгізілуі.


Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы.
Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 ж. қазан – 1936 ж. желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) (1925 ж. cәуір айына дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і) атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.
1990 жылы сәуірде “Қазақ КСР Президенті қызметін белгілеу туралы” Заңын қабылдап, Қазақстанда Президенттік басқаруды енгізді, бұл мәртебелі қызметке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды;
1990 жылы 25 қазанда “Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияны,
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауын Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп қайта атау туралы Заңды,
1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады;
1992 жылдың 4 маусымда егеменді тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздерін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі мен Мемлекеттік Туын, желтоқсанда Мемлекеттік Әнұранын бекітті;
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын (Негізгі заңын) қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет