Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


-1991 жылдардағы тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі мен бағдарламалары



бет35/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

73. 1986-1991 жылдардағы тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстар және олардың қызметі мен бағдарламалары


80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989құрылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1990жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.
Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси крзғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы құрамында 800000-ға жуық мүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлыкгай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет