Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы



бет49/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

92.«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.


ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек….» «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ» деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр». Инновациялық процестерді ендіру өзара байланыс негізінде анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыруды қажет етеді.


93.«Қазақстан жолы-2050: Бірмақсат, бірмүдде, бір болашақ» атты ҚРПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл жолдау «Қазақстан -2050» стратегиясын ашық түсіндіріп, бірегей кең ауқымды міндеттерін дамытады. Жолдаудың тақырыбынан біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасының саяси сабақтастығын анық байқаймыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жолдауы - Қазақстан халқы үшін өте маңызды. Онда қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихынан, Тәуелсіздік жылдары бастан өткерген қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы айтылды.
Бір мақсат – Мәңгілік елді нығайту, біздің Отанымыз - Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу!
Бір болашақ – Мәңгілік елдің, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі!
«Мәңгілік елдің» жеті қағидаты біздің дамуымыздың негізгі құндылықтары, ортақ мүддемізді және Қазақстан халқының тарихи тағдырын көрсетеді. Бұл Ұлт Көшбасшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін жұмылдырушы күшке айналарына сенімдімін.
Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіргізу жоспарын ұсынды.
Ол үшін Қазақстан экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарын енгізуге кірісуі, ішкі жиынтық өнімнің жылдық өсімін 4%-дан асыруы, инвестиция көлемін ішкі жиынтық өнім көлемінің 18%-нан 30%-ына дейін жеткізуі қажет. 2050 жылға қарай экспорттық жалпы құрылымындағы шикізат емес экспорттың үлесі 70%-ға жетуі керек.
Ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, мұнай өңдеу салаларындағы инновациялық міндеттерге баса назар аударуымыз қажет, олар әлеуметтік міндеттерді шешудің және қоғамдық келісімнің негізіне айналады. Ғылымды қаржыландыруды ішкі жиынтық өнімнің 3%-ынан кемітпеу және мәдени саясатты дамыту бойынша міндеттер көзделіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет