96. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.
97. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайлары және оның маңызы.
Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.
1.ші Құрылтайы- 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
2).ҚҰРЫЛТАЙЫ-2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты
3).ҚҰРЫЛТАЙ-2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |