1. Пәннің оқу үдерісіндегі мақсаты, міндеті мен маңызы 1.1Пәнді оқытудың мақсаты: Жаңартылған мазмұнында тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты оқыту үдерісінде мазмұны жаңартылған білім бағдарламасы бойынша тарих пәні белсенді әдістеме негізінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды талқылау, тарих пәнін тарихи концептілер арқылы оқыту жолдарын үйрету болып табылады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – білім алушылардың бойында географиялық ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағыттай отырып білім беру болы табылады. Бұл оқытушыға оқыту үрдісін ұйымдастыруда есте сақтауға негізделген білім беруден алдында меңгерілген білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшуді талап етеді. Сондықтан оқытушылар сабақта білім алушыларды «тарихи тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдануы қажет.
Жаңартылған білім мазмұны негізінде оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер: құндылықтарға, тұлғаға, іс-әрекетке бағытталған тәсілдер, саралап оқыту тәсілдері, коммуникативтік тәсілдер, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері және т.б. болып табылады. Тұлғаға бағытталған тәсіл білім алушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді, тарихи дамудың күрделі сұрақтарын талқылау барысында өзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, тарихи оқиғаларға баға беру және өзіндік қорытындыларды шығару, қарастырылып отырған тарихи оқиғалар мен процестерге өзіндік көзқарас пен пікір білдіруді көздейді.