Қазақстанның Қазіргі заманғы тарихы



бет1/3
Дата19.12.2019
өлшемі69,34 Kb.
#53824
  1   2   3
Байланысты:
Силлабус. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

Инженерия факультетінің деканы


_____________М. Дудкин

__________________2017 ж.



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТАРИХЫ

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус


СОВРЕМЕННАЯ ИСТОРИЯ КАЗАХСТАНА

Рабочая модульная учебная программа и силлабус


техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары үшiн


Пәннің кредиттер саны 3

Өскемен

Усть-Каменогорск


2017

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасында құрастырылған

Типтік оқу бағдарламасы және Мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасы негізінде «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасында әзірленді.

Инженерия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.


Төраға А. Вавилов
____________________ж. №____ хаттама

«Қазақстан тарихы және ҚХА» кафедрасының отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі Р. Айдарбаева

«2» қыркүйек 2017 ж. № 1 хаттама

Әзірлеген
Т.ғ.к., доцент Р. Айдарбаева

Норма бақылаушы И. Фазылова


1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОРНЫ


1.1 Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесіндегі өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш.

Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық.



Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.
1.2 Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:



  • студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;

  • проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;

  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;

  • бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.


1.3 Пәнді зерделеу нәтижелері
Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді. Сонда бес басты оқу нәтижесі айкындалады:

Білу және түсіну:

  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының негізгі даму кезеңдері мен олардың ерекшеліктерін білу;

  • әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;

Білім мен ұғымды қолдану:

- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану.



Пайымдауды қалыптастыру:

- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру;

- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;


  • зерттеу жұмыстары, деректер, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу негіздерін білу.

Коммуникативтік қабілеттілік:

  • топпен жұмыс істеуге, пікірталас мәдениетіне үйрену.

Оқыту дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі:

- Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;

- Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;

- Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;

- Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;

- Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.


1.4 Пререквизиттер
«Қазақстан тарихы» пәнінің мектеп курсы
1.5 Постреквизиттер
Философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптамалық жоспар


Модуль-дің тақырыптың

Тақырыптың атауы, оның мазмұны

Әдебиеттерге және басқа да деректерге сілтеме

Кредиттердегі көп еңбек сіңіруді қажетсіну

1

2

3

4




Кіріспе










1 Модуль «Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда»







Дәрістік сабақтар

1

Тақырып 1 Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар







2

Тақырып 2 Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары







3

Тақырып 3 Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары







4

Тақырып 4 Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі мен қасіреті







5

Тақырып 5 Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық»







6

Тақырып 6 Қазақстандағы рухани, шаруашылықтық «тоқыраулар» және экологиялық дағдарыстар







7

Тақырып 7 Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері







8

Тақырып 8 Кеңестік кезеңдегі Қазақстан халқының тарихи-демографиялық жағдайы










Жиыны_____0,5'>Жиыны




0,5


Семинарлық (іс-тәжірибелік) сабақтар

1

2

3

4

1

Тақырып 1 Тәуелсіздіктің тарихи-өркениеттік негіздері








2

Тақырып 2 Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас








3

Тақырып 3 Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Алаш қозғалысы және большевиктер








4

Тақырып 4 Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары.








5

Тақырып 5 Қазақстандағы кеңестік мәдени жаңғыру









Тақырып 6 Фашистік басқыншылыққа қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерлігі








7

Тақырып 7 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары








8

Тақырып 8 Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы











Жиыны




1


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)

1

Тақырып 1. Түркі халықтарының ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы ( Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Ж. Баласағуни, М.Х.Дулати, Қ.Жалаири)





2-3 апта

2

Тақырып 2. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері




4-5 апта



3


Тақырып 3. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты еңбектерді талдау (Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы және т.б.)





6-7 апта

4

Тақырып 4 20-30 жылдардағы Кеңестік жүйенің реформаларының қасіретті салдарларына байланысты тарихи зерттеулер





8 апта

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

1

Тақырып 1 Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы және деректемелер




2-3 апта

2

Тақырып 2 Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін



4-5 апта



3

Тақырып 3 Тың игеру: жетістігі мен салдары




6-7 апта

4

Тақырып 4 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті




8 апта




1 Модуль бойынша жиыны




1,5


2 Модуль «Тәуелсіз Қазақстан»

Дәрістік сабақтар

1

Тақырып 1 Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру

1, 12, 19, 24. 25, 26

9 апта

2

Тақырып 2 Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі




10 апта

3

Тақырып 3 Әлеуметтік реформалар. Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы




11 апта

4

Тақырып 4 Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы




12 апта

5

Тақырып 5 Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы




13 апта

6

Тақырып 6 «Мәңгілік ел» - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы





14 апта

7

Тақырып 7 Қазақстан - әлем мойындаған ел




15 апта




Жиыны




0,5

Семинарлық (іс-тәжірибелік) сабақтар

1

Тақырып 1 Тәуелсіздік және Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы





9 апта

2

Тақырып 2 Нарыққа өту және экономиканың Қазақстандық үлгісі





10 апта

3

Тақырып 3 Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері




11 апта

4

Тақырып 3 Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты





12 апта

5

Тақырып 5 Қазақ хандығы – қазақ мемлекетінің бастауы




13 апта

6

Тақырып 6 Қазақ қоғамының ортақ идеясы – Мәңгілік ел




14 апта

7

Тақырып 7 Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны




15 апта




Жиыны




1

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)

1

Тақырып 1 Мемлекеттік бағдарламалар – Қазақстан дамуының негізі.





9-12 апта

2

Тақырып 2 ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақтанның қалыптасуындағы рөлі мен қызметі





13-14 апта

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

1

Тақырып 1 ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - қазіргі заман тарихының басты дереккөзі




9-10 апта

2

Тақырып 2 Білім мен ғылым реформалары




11-12 апта

3

Тақырып 3 «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы




13-14 апта

4

Тақырып 4. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы




15 апта




2 Модуль бойынша жиыны





1,5




Пән бойынша жиыны, ҚР кредиті





3


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет