«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Мақсаты:
а) қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан - жақты бағдар беру, қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықтарын арттыру;
ә) сұхбатқа шақыру, ой тастау әдісі арқылы тыңдаушылардың тіл білімінің сын - сипатын танып - білуге деген ізденісін дамыту арқылы талдау, зерттеу - зерделеу дағдыларына бағдар беру;
б) мемлекеттік тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөніндегі азаматтық пікірін қалыптастыруына ықпал ету.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, бейнеролик, үлестірме материалдар,
Әдісі: іздендіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, баяндау, сөздік әдісі
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Ана тілім, Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
2-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Бүгінгі мерекемізді бастау үшін сөз кезегін оқушыларға берейік.
Туған тілім — бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім — анам тілі, өз тілім.
Туған тілім — далам тілі, өз тілім,
Туған тілім — адам тілі, өз тілім. (Денис )
Ана тілің – арың бұл, (Злата)
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді. (Кирилл)
Ана тілім – ұраным, ( Виолетта)
Ана тілім – құралым,
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Жарайсыңдар балалар!
Кешімізді жалғастыру үшін қатысушыларды ортаға шақырамыз.(әр сыныптан алты оқушы.)Топқа бөлу үшін әріптерді таңдаймыз.
Сайысқа үш команда қатысады. (1-4 сыныптар)
Топ «Білгірлер»
Топ «Тапқырлар»
Топ « Тарландар»
1. «Ойлан, тап!» бекеті.
1. Жуан дауыстыларды көрсет:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и (а, о, ұ, ы)
2. Жіңішке дауыстыларды көрсет:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и (ә, е, ө, ү, і, и)
3. Мына сөздерге антонимдер жаз:
Жылы, үлкен, жаңа, жақын, биік, кең.
Келесі сайыс «Бәйге» деп аталады.
2.Ойын шарты: Сұраққа жауап беру
1.Бір сағатта неше минут бар? (60минут)
2.Қазақтың ұлттық саз аспабы не? (домбыра)
3.Қазақстандағы мемтекетік тіл?( қазақ тілі)
4.Жапырақ қай кезде сарғаяды? ( күзде )
5.Жемістер қай кезде піседі?(күзде)
6.Қазақстан Республикасының Президенті?( Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев)
7.Тудың тусі? (көк)
8. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?( 42)
9. Қазақстанда тілдер күні қашан? (22 қыркүйек)
3.Ребустарды шеш
1 топ
Достарыңызбен бөлісу: |