1.3. Қазақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер
(ҮІ-ХІІ ғғ. түрік кезеңі)
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түркілердің шығу тегі туралы деректер мен зерттеулер. ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түркі ақсүйектерін құраған Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Солтүстіктегі «Жылқылар патшалығы». Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары. Түркілер Жужань империясының құрамында. Бұмын қаған және Түркі қағанатының құрылуы. Батыс Вэй патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс саясаты.
ҮІІ ғ. Мұқан қағанның тұсында Түрік қағанатының күшеюі. Естемістің батысқа жорықтары. Түрік қағанатының Орталық Азияда саяси үстемдікке жетуі. Таспар қаған тұсындағы қағанаттың күшеюі. Византиямен, Иранмен және Қытаймен қатынасы. 582-603 жылдар аралығындағы жұт, билік үшін қырқыс. ҮІ ғасырдың соңында қытайлықтардан жеңіліс табуы. Қағанаттың әлсіреуі, Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |