Сақтар (б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай көшу. Еуразия кеңістігінде сақ-скиф қауымдастығының орналасуы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты жазба мәліметтер: «Тарих атасы» Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей, Ахаменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалар. Сақтардың тарихын оқып үйренудегі ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста». Сақ одағындағы тайпалар және олардың орналасу ареалы: тиграхауда, парадарая сақтары, массагеттер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген сармат-савроматтар.
Сақтардың тарихын зерттеудегі археологиялық ескерткіштер. Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес қосқан ғалымдар. З.Самашевтің басшылығымен жүргізілген экспедицияның нәтижелері (Берел қорғаны). Сақтардың этномәдени ареалы. Сақтар өнеріне тән аң стилі, петроглифтер Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтар территориясынан өткен керуен жолы және оның байланыстырған аймақтары. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысы. Парсы патшалары Дарий, Кирмен соғыстары. Александр Македонскийдің сақ жеріне жорықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |